Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаш Орда үкіметі (106 жыл)

14 желтоқсан 2023, Бейсенбі
Категориясы: Тарих

Алаш Орда үкіметі (106 жыл)


Бүгінде біз қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған халықпыз. Тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Ата - бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұлан - байтақ жерімізді бізге қалдырып кетті. Осындай тәуелсіздік жолында күрес жүргізгендер қатарында Алаш зиялылары да болды. Бәрімізге тарихтан мәлім алаш зиялылары халықтың саяси санасын оятты. Алаш қайраткерлерінің Алаш автономиясының құруындағы басты түрткісі, қараңғылық пен надандықтың шырмауында болған қазақ халқының болашақ тағдырын ойлап, мәдениеті, тілі, діні не болмақ деп қатты ойланып, толғанып осы қазақ халқының жерін аман сақтап қалу мақсатында «Алаш» автономиясының құруға бел буады. Нәтижесінде 1917 жылдың 5 - 13 желтоқсан аралығындаОрынборда екінші жалпы қазақ съезді өтті. Сол съезде Алашорда үкіметі құрылып, Алаш автономиясы жарияланды.

Биыл, Алаш автономиясының құрылғанына жарияланды 106 жыл толды. Кезінде ұлы ғұлама ғалым Әл - фарабидің: «Тарихты білмей - келешекті болжау қиын» - демекші, біз осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін талай сынды бастан өткізген халықпыз. Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қазақ ұлты көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға ұшырап, талай азапты жолдардан өтті. Қаншама батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді жолында өмірден өтті, осындай тәуелсіз мемлекет құруды армандап кетті. Бәрімізге тарихтан мәлім алаш зиялылары халықтың саяси санасын оятты. Кеңестік дәуірде Алаш қайраткерлерінің еңбектері бағаланбай сол күйінде қалып, қуғын - сүргінге ұшырап кетті. Алаш қайраткерлері қазақ елі, жері үшін тәуелсіздік жолында соңғы демі біткенше күресіп, еркіндікті армандап кетті. Қазіргі таңда біз Алаш орда қозғалысы сияқты ұлт тарихында ерекше орны бар тарихи құбылысты атап өту мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Кеңес үкіметі тұсында Алаш партиясы және Алаш қайраткерлері туралы тақырып жабулы күйінде қалды. Олар туралы айтқандар саяси тұрғыдан қуғынға ұшырады.

Осы мақсатта біздің қазақ зиялыларымыз көптеген жұмыстарды атқарды. Сағымданған тарихқа алаш қайраткерлерінің өзіндік бір қоғамға сіңірген ерең еңбектері бар, айталық Әлихан Бөкейханов көшбасшы ретінде танылып, халқымызды алға тартса, Міржақып Дулатов газет беттеріне, кітаптармен және де өлеңдермен бұхара халықтың санасын оята білді. Ал Әлімхан Ермеков қазақ жерін қорғауда үлкен еңбек сіңірді. Мысалға, Ленинді иландырып Каспийден 1 шақырым жерлер және Ертіс маңайындағы шұрайлы жерлерді қазақ жеріне қайтарып алды.
Жалпы «Алаш» партиясының тарихи маңызы өте зор. Тарихтан тағылым ХХ ғасырдың басында дүниеге келген «Алаш» партиясы - Кіндік Азияны, Ресейді мекен еткен, бодандықта тұрған барша түркі тілдес халықтар ішіндегі тұңғыш ұйымдардың бірі. Оның көш басшылары қатарында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев, Жаһанша Досмұқамет, Халел Досмұқамет т. б. Ресей бодандығындағы барша түркі қандас ұлттардың да саяси, әрі рухани көсемі дәрежесіне дейін жеткен ірі тұлғалар екенін ашып айтуымыз керек. Бірақта көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер, Алаш автономиясының жұмысы тоқтады. Өкінішке орай қазақ зиялылары қуғын - сүргінге ұшырап, халық жауы ретінде атылып кетті. Cөйтіп Алаш автономиясы өз жұмысын тоқтатады. Алаш қайраткерлері шыңына келгенде өмірдің рахатын көре алған жоқ, енді осы зиялылардың орасан зор еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау, санасына сіңіру біздің міндетіміз деп санаймын.
Алаш - қазақ үшін қасиетті ұғым. Арғы жағында қандай тарих, қандай түсінік жатқанына қарамастан, бүгінгі жұртшылық бұл ұғымды тәуелсіздік үшін күрескен қазақ зиялыларымен тікелей байланыстырады.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ҰУ
т. ғ. к., профессор Г. Б. Қозғамбаева
1 - курс магистранты К. З. Ескендиров
370
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханқа 155 жыл
Әлихан Бөкейханқа 155 жыл
Әлихан Бөкейханов - халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті.
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Алашорданың батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Алаштың арысы, қазақтың намысы Әлихан Бөкейханов
Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интелегенция басқарды. Ол топтың басында ұлт зиялысы, публицист әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов тұрған еді. Әлихан
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы оқушыларға жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×