Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақ мақсаты: 1. К. Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде - Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру.
- Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептері мен маңызын ашып көрсету.
- Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту.
- XVIII - XIX ғғ. ұлт - азаттық қозғалыстарды оқытуда, қосымша әдебиет - терді тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция.
Сабақтың әдісі: ізденіс, зерттеу, пікір - талас, сұрақ - жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, топтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Кенесарының суреті.
2. 1836 - 1837 жж. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс карта.
3. Құжаттар, кітапшалар, мерзімді баспасөз материалдары, нақыл сөздер.
4. Көтерілісті зерттеу жоспарының планшеті.
Көтерілістің алғышарттары мен себептері.
Көтерілістің мақсаты, сипаты, қозғаушы күштері.

Көтерілістің жеңілуі мен тарихи маңызы.
Ұқсас белгілері………..
Ерекше белгілері............

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Күй «Махамбет»- орындаған 10 - шы сынып оқушысы Арын Абай.
Кіріспе:
Оқушылар, сіздер Махамбет Өтемісұлының «Махамбет» күйін тыңдаңыздар. Тәуелсіздік жолында күрескен батырлар Кенесары, Махамбет, Исатай батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, жаужүрек батыр, жерім, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ - К. Қасымұлы. К. Қасымұлы жайлы оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.
Оқушылар тақырыпқа шолу жасайды/топқа бөлінеді: тарихшылар, әдебиетшілер, зерттеушілер, талапкерлер/.
Мұғалім:
1. Тарихшылар тобы: тақырыптың мән - жайын түсіндіреді.
2. Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс болған аумақты көрсетіп, шартты белгімен белгілейді.
3. Әдебиетшілер тобы: Кенесары жайлы мағлұмат береді. «Кенесары - Наурызбай» дастанын орындайды.
4. Оқушылармен жұмыс: «Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға» деп Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мағлұматтар бере аласыздар?
Оқушылар:
1 оқушы: К. Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті ханы. Абылайдың немересі болған, ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»- деп ашық айтқан еді.
2 оқушы: Кенесары жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, адамшылығы мол адам, халықты ұйымдастырушы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан К. Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған. Ол бала күнінде - ақ қорқуды білмейтін батыл болған. Атпен жүріп, аң аулағанды ұнататын.
3 оқушы: Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді. Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
4 оқушы: Кенесары – азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның ішінде қазақтың Ұлы жүзінің де әйгілі батырлары болды. Мысалы: Ағынай, Иман Дулатов, Жолман Тіленшиев және Бұғыбай. Бұған оның Ақмола бекінісін қалай алғаны дәлел.
5 оқушы: Кенесары өзінің дұшпандарына өте қатал болатын, ол қзіне зияны тимеген қарапайым адамдарға қолдан келгенше мейірімділік жасағанды жақсы көретін еді.
6 оқушы: Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді, Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
Оқушы:
К. Қасымұлының патша үкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шық - пағаннан кейін, ол қару алып, күресуге бел байлады. Ол өзінің соңғы хатында 1825 жылдан 1840 жылға дейін патша үкіметінің әскерлері біздің ауылды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер мұндай қысымға, талан - таражға шыдай алмай басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсе де тыныштық бермеді. Сол себепті мен К. Қасымұлы қаруланып алып, күресті бастауға аттандым депті.
Негізгі бөлім:
Мұғалім: І. Есенберлиннің «Хан Кене» еңбегін басшылыққа ала отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Ілияс Есенберлин «Хан Кене» /тарихи толғамдар мен пьеса дастандар/, Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл. 266 бет.
1. Баяндама: Ермұқан Бекмахановтың еңбегі «Қазақ халқының Кенесары бсатаған азаттық қозғалысы» /тарихи монографиядан үзінді/. «Хан Кене» Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл.
2. Баяндама: Жанұзақ Қасымбаев. «Митриат Киргизской степи» Правда и вымысел о восстании Кенесары Касымова.
3. Баяндама тақырыбы: «Кенесары - Наурызбай» дастан, І. Есенберлин. «Хан Кене» Алматы, «Жалын», 1993 жыл.
4. Баяндама: Доскей Әлімбаев. «Кенесары» поэмасы.
5. Баяндама: «Жамбыл Жабаев» есте қалған әңгімелерден үзінді.
6. Баяндама: Әбілмәжін Жұмабаев. «Жол айрығында».
7. Баяндама: «Кенесары Қасымұлы ерліктері».
8. Өлең: Естай Мырзахметов. «Сардаланың сардары».
Мұғалім:
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»
Оқушылардың өз шығармашылығынан ой - толғаулар орындалады.
1 оқушы:
Кенесары сағындырған Сайын бабам,
Ежелден бәрі есте жайың маған.
Ерлігің бар, жігерің бар,
Тағдырдың талқысынан тайынбаған.
2 оқушы:
Ағаларым, бабаларым,
Мақтанышым айбыным.
Жаралған маңдайымның бағысың,
Таралған ер халқыма ерлігімен.
Бас иіп тұрғандай ғой саған далам.
Пед. ғ. д. профессор Т. Т. Тұрлығұл ағамызға арнау.
3 оқушы:
Аналарым, даналарым
Батырлығың тамсанғандай
Жалының бар қайсар жандай
Алыстан құлағыма үн келеді
Елім деп еміреніп ән салғанда
Бекмаханова Халима Адамқызына арнау
Қонақтарға осы шумақтар арналады.
Мұғалім: Талапкерлер тобы бүгінгі конференция сабағын қорытындылайды.
Тақтаға сабақ жоспары жазылған планшет бойынша оқушының алған білімдері тексеріледі, сұрақ қойылады.

Үйге тапсырма:
«Бүгін конференция сабағында алған әсерім», «Мені ойландыратын жағдайлар», «Кенесары менің идеалым», «Ер тұлғалы Кенесары» деген тақырыптарда тарихи шығармалар жазып келу.
10 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің барысын анықтау.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру.
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қошманбетова Сандуғаш Әбілахатқызы
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Шолпан Унгарбаева Ботайқызы
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы
1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себептері мен барысы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Тұрғалиева Әсем Мұхамедиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×