Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы "Тарих қадамдары"

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
ХХІ ғасыр көшбасшысы.
"Тарих қадамдары"
Мақсаты:
1. Білімділік: Интелектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
2. Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық бағдарлама негізінде.
Көрнекілігі: Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен әсемделеді.
Ашылу сәті: Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен - ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін, пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.
Ал Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер. ХХІ ғасырдың қазақстандық көшбасшылары, құрметті қонақтар, егемендігіміздің 18 жыл толуына байланысты өткізілетін мектепішілік «Тарих қадамдары» атты тарихи танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Әлтенова Бағдат – география пәнінің мұғалімі
2. Кенбай Темірхан – оқу ісінің меңгерушісі
3. Нұртаза Айжан – ағылшын пәнінің мұғалімі

Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстыратын болсақ:
№1 қатысушымыз: Битұрсынова Набира
11 - сынып білімдары – Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске.
№2 қатысушы:
Бекішева Ұлсерік – досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа ұмтылуда білім де керек.
№3 қатысушы:
Таубаева Назерке – білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп.
№4 қатысушы:
Бектоғаев Қазыбек – ер жігіттің екі сөйлегені...
№5 қатысушы:
Баржубаева Нурия – білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
№6 қатысушы:
Дүйсембиев Ұлан – бақытты болашақтың қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін.

Ал енді сайысымыздың өту барысымен таныстырайық.
1. Бәйге бөлімінде оқушылар сұраққа жауап береді.
2. Тіл - өнер оқушылар тарихи терминдерге қатысты сұрақтарға жауап береді.
3. Қасиетті жетілік киелі жетіге қатысты сұрақтар қойылады.
4. Көкпар бөлімінде жұмбақ сандардың астындағы сұрақтарға жауап береді.
5. Жорға жеңіп шыққан екі оқушы сайыскерге қойылатын сұрақтар.
Ендеше, құрметті сайыскерлер, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің «Бір аллаға сиынып, кел балалар оқылық» дегеніндей «Бір Аллаға сиынып, кел жас достар сайысымызды бастайық». Сайысымыздың бірінші бөлімі «Бәйге» деп аталады. Әрбір сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан? (Керей)
2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)
3. Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)
4. ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)

2. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 - 1845)
2. «Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, 1, 5 жылда жазып шыққан қай ғалым? (Жүсіп Бласағұн)
3. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
4. Қазақтың тұңғыш шешені кім? (Жиренше ХV ғ.)

3. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)
2. Қазақтан шыққан геолог ғалым кім? (Қаныш Сәтпаев)
3. ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер кім? (Тоқтар Әубәкіров)
4. Қазіргі таңдағы көрнекті демограф ғалым кім? (Мақаш Тәтімов)

4. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Тұңғыш 1742 жылы тархан атағын алған батыр кім? (Шақшақ Жәнібек батыр 1693 – 1751)
2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)
3. ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)
4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

5. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
2. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
3. Қазіргі таңда әлемнің қанша мемлекетімен сыртқы сауда байланысы орнатылған? (145)
4. ҚР - сы қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан)

6. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт - азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)
2. «Бақытсыз Жамал» романының, «Оян қазақ», «Терме» әдеби публистикалық туындысының авторы кім? (М. Дулатұлы)
3. Бұл күнде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша мемлекет таныды? (120)
4. Қазіргі ҚР ұранының авторлары? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)

Сайысымыздың келесі бөлімі «Тіл - өнер» деп аталады. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады, жауапты кім бірінші болып тапса сол сайыскер бұл сөздің орысша және ағылшынша баламасын табады. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай, орысша дұрыс жауабы 20 ұпай, ал ағылшынша дұрыс жауабына 30 ұпай алады.
1. Екі немесе одан да көп мемлекеттердің әскүштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрысы? (соғыс - война - war)
2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым - қатынас жасай алатын, билікті жүзеге асырушы заңды түрде құрылған адамдар бірлігі қалай аталады? (мемлекет - государство - governmend)
3. Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік - құқықтық акт? (заң - закон - laus)
4. ІІ дүниежүзілік соғыстың кезінде антигитлерлік коалицияға ұйтқы болған мемлекеттер КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция арасындағы бейбітшілікті қолдау мен нығайту мақсатында құрылған мемлекеттердің халықаралық ұйымы? (Біріккен Ұлттар Ұйымы - Организация Объединеных Наций - United Nations Organization)
5. Терісінің түсіне, бет әлпетінің ерекшелігіне, шаш құрылымына, сөйлеуіне, өзгеде ұлттық ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту қалай аталады? (нәсілшілдік - рацизм - rasism)
6. Саяси қарсыластарға қарсы қолданатын саяси бақылау, қадағалау, заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? (қуғын - сүргін – репрессия - represion)
Ән:
Сайыскерлерді іріктеу (ұпайы төмен 2 сайыскер ойыннан шығады).

Қазақ халқы 7 санын қасиетті деп есептеген. Келесі сайысымыз «Қасиетті жетілік». Толық дұрыс жауапқа 40 ұпай беріледі.
1 – сайыскерге: Жеті қазынаны ата? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
2 – сайыскерге: Жеті ғаламды ата? (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты)
3 – сайыскерге: Жеті жұтты ата? (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)
4 – сайыскерге: Жеті атаны ата? (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)
Сайыстың бұл бөлімінен кейін ұпайы төмен 1 оқушы шығады.

Келесі бөлім – «КӨКПАР».
Жасырын сандар беріледі. Бұл сандардың астында сұрақтар берілген. Сұрақтарды таңдау сайыскерлердің өз еркінде.
20/1: Әйгілі сақ патшайымы Томиристің ұлының есімі? (Спаргапис)
20/2: Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)
20/3: 1930 - 33 жылдары ашаршылық зардабынан қанша адам қырылды?(2, 1 млн)
30/1: Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гумно)
30/2: Әйгілі Атлах шайқасы қашан және кімдер арасында болған? (751 арабтар мен қытайлар)
30/3: 1726 жылы Қалмаққырылған оқиғасы болған жер? (сарысу өзенінің орта ағысы, Торғай)
40/1: Шыңғыс ханның шын есімі? (Темучин)
40/2: Қазақ хандығының территориясын кеңейткен, халқының санын 1 млн - ға жеткізген қай хан? (Қасым хан)
40/3: «Көшпелі мемлекет» деп аталған ежелгі мемлекет қайсысы? (Үйсін)

«Көкпар» сайысында ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
Келесі 5 – бөлім «Жорға» әрбір сайыскерге 10 – 10 - нан жедел сұрақтар беріледі.
1. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)
2. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)
3. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992ж.)
5. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)
6. Шет елде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)
7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)
8. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? (Аппақ Байжанов)
9. 1917 – 1920ж. ж. Алашорда мемлекетімен Алаш партиясының ұйымдстыру
10. Қазақ тарихында тұңғыш биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

2. Сайыскерге қойылатын сұрақтар.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
2. Қазақстанда қанша болыс бар? (14)
3. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)
4. Екінші рет конституция елімізде қашан қабылда? (1995ж., 30 тамыз)
5. Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)
6. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)
7. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)
8. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С. Асфендиаров)
9. 1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз көтерілісін басқарған кім? (С. Дулатов)
10. Қазақ ұлтынан бірінші рет КСРО халық әртісі атағын алған кім? (К. Байсейітова)
Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Сонымен сайысымыздың нәтижесі бойынша мектебімізде XXI ғасырдың көш басшысы ________________ болып анықталды. Мынау саған берілетін сыйлық, қабыл ал. Ендеше, бүгінгі «Тарих қадамдары» атты интелектуалдық, тарихи танымдық сайыс аяқталды. ХХІ ғасырда өз үлестеріңізді табыңыздар!
17 129
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
ҰБТ білім сайысы
ҰБТ білім сайысы
Қазақстан тарихы, дүние тарихы, Түркістан тарихы, Азаматтану, Яссауитану пәндеріне қауымның қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту
Тарих қадамдары
Тарих қадамдары
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндеріне қауымның қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту.
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
ЭКСПО көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×