Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан тарихы бойынша қайталау сабағы

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Білгір – топ басшысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін жинақтап одан әрі танымдылығын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың қазақ тарихын білуге қызығушылығын арттыру, қосымша іздеуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты. Елін, отанын сүюге, адамгершілік ерлікке, адамдыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының мақал – мәтелдерін, даналық сөздерін оқып – үйренуіне шешендікке баулау.
Көрнекілік:
Плакатқа жазылған сөздер.
«Ел көшін бастау маған – сын, мені қостау елге сын,» «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Сабақ түрі:
Дәстүрлі емес сабақ. Интеллектуалды шоу – ойыны.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Әділқазы алқасы.
3. Ойынды балдық жүйемен бағалау. (10 балдан – 40 балға)

Ойын сатылары:
• Бәйге Тарихыңды білесің бе?
• Көкпар (Отан, туған жер туралы мақал – мәтел тартысы)
• Кім тапқыр, кім білгір
• Даналардан шыққан сөз.
• Шешендік (Оратор) Тәуелсіздікті нығайту үшін күрес – елге тиген үлес.

Ұйымдастыру.
Топ оқушылары екі топқа бөлінеді. Сабаққа шақырылған мұғалімдерден әділ қазы сайланды. Ойын нәтижесі екі топтың ішінен топ басшысын анықтау.

І. Бәйге.
1. 1950 ж. Қ. Қасымұлы көтерілісі туралы жазған қай тарихшыны 25 - жылға соттады? (Е.Бекмаханов)
2. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасының басталуына қандай оқиға сылтау болды?
(Басшы қызметкердің сырттан әкелінуі.)
3. Қазақстан тұңғыш конституциясы қашан қабылданды?
(1993 ж. 28 қаңтар)
4. Қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров қашан ғарышқа ұшты? (1991ж 2 қазан)
5. Мемлекеттік рәмізден қашан қабылданды? (19982жыл)
6. Асанқайғы қай ханның ақылшысы болды? (Жәнібек)
7. Ақ тарының атасы Ш. Берсиев туралы жазған жазушы? (Ғ. Мұстафин)
8. Қазақ даласының батыры атағын алған қазақ? (Қ. Мұңайтпасов).
9. Ұлы Отан соғысында қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (500)
10. 1997жыл қандай жыл болып белгіленді?
(Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы)
11. 25 - қазан қандай күн? (Республика күні)
12. Ойылдық Кеңес Одағының батыры? (Н. Оноприенко)
13. Қазақстан - 2030 жолдауы қай жылы жарияланды? (1998 жылы)
14. Тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті? (1991жылы 1 Желтоқсан)
15. Елімізде тың және тыңайған жерді игеру қашан басталды?
(1954 жылы)
16. Қазіргі Конституция қашан басталды? (1995 ж. 30 тамыз)
17. 1991 ж 21 - желтоқсанда дүние жүзінде қандай мемлекет өмір сүруін тоқтатты? (КСРО)
18. «Қазақ тілі» қоғамы қай жылы құрылды? (1989 ж 22 қыркүйекте)
(Сұраққа - шапшаң жауап беру)

ІІ. екі топ бір – біріне мақал айтып, «Көкпарға» түседі.

ІІІ. Кім тапқыр, білгір!
Мақалдың жартысы айтылады, жасырылған сөзді, қазақ – орыс тілінде айту.
1. Ашу бар жерде,
Ақыл тұрмайды. Ақыл – ум
2. Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр. Хат – писмо.
3. Ойламаған ми сасиды,
Көп тұрған су сасиды. Су – вода.
4. Ерді намыс
Қоянды қамыс өлтіреді. Қоян – заяц.
5. Кітап – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы. Білім – знание
6. Ағаны көріп, іні өсер Аға - брат
Апаны көріп, сіңлі өсер. Апа – сестра
7. Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті. Нан – хлеб
8. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар. Қол – рука
9. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар. Сөз – слова
10. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі. Мың – тысячо
11. Адамды адам еткен Еңбек – труд
12. Оқу инемен құдық қазғандай Ине – игла

ІV. Даналардан шыққан сөз... кімнің айтқаны.
1. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі – надандық, 2 - еріншектік, 3 - залымдылық» (Абай)
2. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп жүрген артық» (Б. Момышұлы)
3..... Еш бір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз. (Қазыбек би)
4. Ана тілін ұмытқан адам,
Өз халқын өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. (Ғ. Мүсірепов)
5. Мен - қазақпын биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. (Ж. Молдағалиев)
6. Ойыл деген ойынды, отын тапсаң тойыңды. (Асан қайғы)
7. Байлық – еритін мұз,
Бала – артта қалған із. (Төлеби)
8..... Оңай деген не?
Қиын деген не?
Оңай ақыл айту,
Қиын орындау. (Мөңке би)

Төрт турдың қорытындысын айту әділ қазыға беріледі.
Екі топтан көп бал жинаған екі оқушы шығып, «Тәуелсіздікті нығайту үшін күрес – елге тиген үлес» тақырыбы бойынша шешендік сайысына қатысады.

V турдың қорытындысы бойынша «Топ басшысы» анықталады. Сабақ соңында жақсы берген оқушылар бағаланады.
27 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы
Мақал-мәтелдер. Отан, өнер - білім туралы
Қазақ халқының мақал - мәтелдері арқылы білімділікке, адалдыққа, әділдікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Математикалық апталық (8 - 9 сыныптар арасында) Тақырыбы: «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» Мақсаты: Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Білімді мыңды жығады
Білімді мыңды жығады
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
Ибраева Динара Кенжебайқызы
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Интеллектуалды ойыны "Ең білгір"
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×