Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығы

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сынып 7
Қазақстан тарихы
Тақырып 38. Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығы (презентациясымен)
Мақсат Біртұтас қазақ мемлекетінің тарих сахнасынан нық орын алып, дәуірлеуі, саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандығын біріктіріп, жерін кеңейтудегі, Қазақ хандығының халықаралық жағдайын нығайтудағы Хақназар ханның орасан зор еңбегі туралы әңгімелеу.
Көрнекілік Карта, кестелер, тірек сызбалар, бүктеме, үлестірме карталар, тест.
Әдіс - тәсіл: Ауызша баяндау, сұрақ – жауап, тест, карточкалармен жұмыс.

Өткен сабақты қайталау: Үй тапсырмасының сұрақтары:
1. Ғасырлар бойы қазақ хандары қандай саясат жүргізді?
2. Қазақтың ұлы хандарын атап бер?
3. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы қандай ірі табыстарға қол жеткізді?
4. Қасым хан ішкі жағдайды реттеу үшін қандай заң шығарды?
5. Қасым хан тұсында қазақ жерлерін толық біріктіру аяқталды ма?
6. Қасым хан неліктен ұзақ жылдар бойы Шайбани ханмен соғыс жүргізді?

Сабақтың барысы:
Жаңа сабақтың жұмыс жоспары: Нақты назар аударатын мәселелер:
1. Ресей мен Қазақ хандығының шекараларының жақындасу себептері.
2. Ноғай ордасындағы дағдарыс себептері.
3. Ноғай Ордасының Қазақ хандығының құрамына кіруі.
4. Жетісу жеріндегі саяси жағдайдың шиеленісуі.
5. Қазақ - өзбек қатынастары.
6. Хақназар ханның қазасы.

ПІКІРСАЙЫС КЕЗЕҢІ
Сынып 3 топқа бөлінеді: 1 – топ – «Бабалар өсиеті».
2 – топ – «Хақназар хан».
3 – топ – «Ұрпақтар».
Бабалар өсиеті тобына сұрақтар мен тапсырмалар:
• Біртұтас қазақ мемлекетін құру идеясының көш басында кімдер тұрды?
• Қазақ халқының жүзге бөлінуін қалай түсінесің?
• Моғолстанның ханы Есен бұға Керей мен Жәнібек хандарды неліктен құшақ жая қарсы алды?
Келесі, Бабалар тобына Ұрпақтар тобы өздері дайындаған сұрақтарды қояды. Сөйтіп ұпай жинайды.
Хақназар тобына қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар:
• Қазақ хандары бір ғасыр бойы жүргізген қазақ жерлерін біріктіру процесін Хақназар толық аяқтай алды ма?
• Хақназар тұсында қазақ халқының этникалық құрамында қандай өзгерістер болды?
• Жәнібек пен Керей хандар жете алмаған Қазақстанның қай бөлігін Хақназар хан хандық құрамына қосып алды және оның маңызы қандай еді?
Бұдан кейін, Ұрпақтар тобы қалған екі топқа баға береді. Содан соң мұғалім 3 сұрақ, ал әр топ бір-біріне бір сұрақтан қояды.

Мұғалім сұрақтары:
1. Неліктен қазақ хандарының басты назары оңтүстікте болды?
2. Қазақ халқының саны қай ханның тұсында 1 миллионнан асты?
3. Хақназар ханның басты қызметі неден көрінді?
Ал қалған 3 топ сұрақтарын бір – біріне қойып, сосын өз нұсқаларын оқып, осы тәсіл арқылы оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретуге болады.
Келесі кезең – Хақназар ханның тарихи қызметіне баға беру. Ол үшін І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқып, оқушыларға саяси тұлға жөнінде тарихи тұжырым жасауға үйрету керек.

Сабақты бекіту: Тақырып бойынша сұрақ тар мен тапсырмалар:
а) Қазақ хандарының алдында қандай тарихи міндеттер тұрды деп ойлайсыз?
ә) Хақназар хан осы міндетті орындай алды ма?
б) Хақназар ханның тұсында мемлекет қандай саясат ұстанды? Оның себебі неде?
в) Хақназар тұсында Жетісудағы жағдай неліктен шиеленісіп кетті?
г) Хақназар хан өз саясатында қандай ірі табыстарға қол жеткізді?

Үй жұмысы:
• Тақырыпты оқып келу, Хақназар туралы оқу, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын пайдалана отырып, Хақназар ханға сипаттама беру..
Сабақты бағалау:
• Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Хақназар хан (1538 - 1580)
Хақназар хан (1538 - 1580)
Хақназар хан (1538 - 1580) Конспект Қасым хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды. Саяси жағынан ыдырай бастаған хандықты біріктіріп, аймақтық жағынан ұлғайтуға, халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның
Қасым хан (1511 - 1518)
Қасым хан (1511 - 1518)
Қасым хан (1511 - 1518) Конспект Жәнібек пен Керейден кейін Қазақ хандығына Керейдің ұлы Бұрындық келді. Оның ел басқарған уақыты 1473/1474 - 1511 жылдар. 1511 - 1518 жылдар аралығында ел басқарған Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы
Хақназар хан
Хақназар хан
Қазақ мемлекетінің тұсындағы саяси әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңі туралы баяндай келіп, оқушыларды өз халқының тарихын толық меңгеруге ықпал ету.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының дамуы
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Қасым хан (1511 - 1518 ж.) Хақназар хан (1538 - 1580 ж)
Қасым хан (1511 - 1518 ж.) Хақназар хан (1538 - 1580 ж)
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі тарих пәні мұғалімі Беккужина Райгүл Жұмашқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×