Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: § 33. Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнерінің даму тарихына тоқтала отырып, оның тамаша үлгілері - ескерткіштер, қолданбалы өнер туындылары, кесенелер тарихы, сол замандағы құрылыс материалдарының сапасы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Біздің өлкеміздегі кесенелердің, әсем ғимараттардың безендірілуіндегі ерекшеліктерін салыстыра отырып, халқымыздың бай мәдениетімен оқушыларды таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жеріндегі тарихи ескерткіштердің құндылығын бағалай білуге, оны қорғауға және мәдениетіміздің одан да жоғары деңгейде дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түpi: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топқа бөліп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: карта, кесенелердің cypeттepi. тipeк сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу өнepi

Сабақтың құрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Сабақты пысықтау.
4. Жаңа сабақ.
а. "Көш" ойыны.
ә. Сөзжұмбақ
б. Сөздік қор.
в. Шұғыл есте сақтау.
5. Сабақты пысықтау.
6. Қорытындылау.
7. 0қушылардың білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты хабарланып, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлеміз. А, Б, В топтары. Әрбір топтың жетекшісі конверттен сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен 6ipre дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. Топ жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады.
№1
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2. Діни наным - сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер?
З. Әдебиет пен қатар тағы қандай өнер дамыды?
№2
1. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
2. Шаманизм қандай наным - сенімдерде сақталған?
З. Қандай аңыз - әңгімелерде аспан денелері туралы айтылады?
№3
1. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?
2. Мұсылман діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?
З. Отқа табыну, тасаттық ырымдары нені білдіреді? Оның мағынасын түсіндіріңдер.
Қосымша қойылатын сұрақтар:
1. Тұрақты үй - жайлар қай аймақтарда салынған?
2. Қазақ халқының киім-кешектері негізінен қандай өнімдерден жасалған?
3. Материалдық игіліктерді өндіру үшін ең қажетті нәрселер не?
3. Үйге берілген тапсырманы қорытындылай отырып, жаңа сабақты бастау.
4. Жаңа сабақ: топқа бөле отырып, тақырып бойынша тапсырма беру.
а) «Көш» ойыны
Тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді, түйенің өркешінде сұрақтар берілген. Ойын барысында әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып тобымен ақылдаса отырып жауап береді.
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. Арыстанбаб кесенесі қанша рет қайта салынды, неге?
3. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесіздер? Кесенені кім салдырды?
4. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі туралы не білесіңдер?
5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
6. Монша қай қаладан табылған?
7. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Кесененің қандай ерекшелігі бар?
8. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
9. Шебер ғимарат сәнді болу үшін нелерге көңіл бөлді?

ә) Сөзжұмбақ
1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған ұлы адам. (Teмip )
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс. ( Монша )
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала.
(Отырар)
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы. ( Арыстан баб )
5. Кесене сөзінің синонимы. ( Күмбез )
Т Е М І Р
М О Н Ш А
О Т Ы Р А Р
А Р Ы С Т А Н Б А Б
К Y М Б Е 3

6) Сөздік қор ( 1 минут )
Сәулет өнepi, күмбез, монша, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан, Тараз, кесене, шебер, ғимарат, дін, Айша 6и6i, Алаша хан, Көккесене, Әмip Teмip, кітапхана, ақын, Рабиға Сұлтан Бегім, әшекейлеу, ою - өрнек, кipпіш, әйнек, сыр.
В. Шұғыл есте сақтау.
Тақтаға жеті сөз жазылады.. Сонан соң екі - үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды.. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, онда ұпай жинайды.
5. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтау үшін төмендегіше бекіту сұрақтарын қоямын.
1. Арыстан баб қай ғасырларда өмір сүрді? Кесенесі қай жерде орналасқан?
2. Арыстан баб кімнің ұстазы?
3. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі қай ғасырда салынды, ол кісіні кім деп білесіңдер?
4. Сол ғасырда қандай өнер дамыды?
5. Алаша хан кесенесінің ерекшелігін айт, суреттеп бер?
6. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі қай жерде орналасқан?
Қорытындылау. Ұлттық сәулет өнері ескерткіштерінің құрылыс материалдарын жасауда халықтың ішінен шыққан белгілі ұста құрылысшылардың жұмысы өте зор болды. Олар құйған кірпіш ғасырлар бойы 6epiктігін сақтап, бояулары осы кезге дейін әрін жоғалтпады. Сәнді болуы үшін қолданылған жылтырақ қыш қаптамалар бояуының құрамы бүгінгі күнге дейін сырын ашпай келе жатқан құпия.
6. Бағалау парағын алып, әр топтағы оқушының жұмысына байланысты жеке бағалар қою. Жеңген топқа орын беру.
7. Үйге тапсырма беру: § 33 оқу, рефераттар жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 765
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері Конспект 14 - 15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері - кесенелер, қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік қалыптастыру. Кесенелерді, олардың безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен салыстыру.
Архитектуралық ескерткіштер
Архитектуралық ескерткіштер
Сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Сәулет ескерткіштері
Сәулет ескерткіштері
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Комсомол селосы, Т.Жүргенов атындағы орта мектеп Тарих пәнінің мұғалімі: Аязбаева Нүрия Қайырбек қызы Қазақстан тарихы 5 класс Сабақтың тақырыбы: Сәулет ескерткіштері Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы сәулет өнері,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×