Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігін пайдалана отырып, өз елінің тарихын білетін
ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: Білім - білік дағдыларын қалыптастыратын аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызбалар, кубик, слайд, электронды оқулық пайдалану.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен амандасу, оқу - құралын тексеру
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Сынып үш топқа бөлінеді. Кубизм әдісі пайдаланылады. Кубиктің алты қыры бар. Кубизм тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы. Оқушылар кубикті лақтырып қай топқа баратындығын анықтайды.
Ассоциациялық аймақ құру.
Сақ сөзін естігенде ойларыңа не келді?
Электронды тақтаны пайдаланып, тақтаға жазу
Сақ
"Алтын адам", Аргипйлер, скифтер, исседондар, дайлар, парадарайа, тиграхауда, хаумаварга

Кубизм. Кубик лақтырып әр қабырғасының тапсырмасын орындайды.
1 - қабырғасы. Суреттеңіз. Сақ қоғамын
2 - қабырғасы. Салыстырыңыз. Абыздар мен қарапайым халықты салыстыр
3 - қабырғасы. Зерттеңіз. Мидиялықтардың өз ұлдарын сақ сарбазының тәрбие беру себебін
4 - қабырғасы. Қолданыңыз. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобын жаз.( Оқушылар шеңбер ішіне жазады)
Абыздар, Жауынгерлер, Малшылар мен егіншілер
5 - қабырғасы. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
"Садақшылардың тартқан жебелері 900 қадамға дейін жетеді..."
6 - қабырғасы. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.
"Егер сақ жігіті бір қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады.

ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау "Венн диаграммасы.
Сақтар
● Жауынгер, Шабандоз, Мерген, Садақшы
● Қарапайым халық. Абыздарға тәуелді. Кәсіп иелері. Егін екті мал бақты.
Ру басшысын сайлады
● Ру басшысы. Тайпа көсемі сайланды. Мол байлық иесі. Қолбасшы. Келіссөз жүргізуші. Жер бөлуші
Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып қорытынды жасайды.

ІҮ Жаңа сабақты баяндау
Жоспары:
1 Кир әскерінің басып кіруі
2 Шырақтың ерлігі
3 А. Македонскийдің сақ еліне жорығы
Оқушылар, электрондық тақтаға назар аударып, сақтардың жорықтарын электронды нұсқада көрейік. Осы тақырып жөнінде не білетінін, не білгісі келетінін алдындағы дайын парақшаға толтырады.
Жаңа сабақты оқушылар берілген мәтіннен (деңгейлік тапсырма) оқиды. Жаңа сабақты оқып болғаннан кейін топ бір - бірімен жаңа алған ұғымдары жөнінде пікірлеседі. Осыдан кейін әр топ топ аралық араласып, өз тобындағы мәліметтерімен бөліседі де, іштерінен бір лидері шығып, жаңа тақырып жөнінде мәлімет береді.
1. Деңгей
Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасап отырған. Ал көршілес жатқан Парсы мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенменде Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай сақ - массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Рим тарихшысы Помпей Трог Кир бастаған парсы әскерлері б. з. б. 530 жылы сақ жеріне басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазған.
2. Деңгей
Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, бәршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол кулық ойлайды, әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбиесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскерімен Кирге қарсы аттанады.
3. Деңгей
Геродоттың сипаттауынша, "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі."
4. Деңгей
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген І Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
5. Деңгей
Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз жерге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлдеп қырылады. Ақырында Шырақ оларға: Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер" деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алды. І Дарий көптеген әскерлерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
6. Деңгей
Б. з. б. 4ғасырдың 30 - жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский ( Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. "Жеңілмейтін әскер" атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол Македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі - жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.
Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.
Үш топқа тапсырма беріледі.
І топқа
Сызбаны толтыру.
Б. з. б ҮІІ - ІҮ ғасырларда
Сақ тайпаларының қарым - қатынас жасаған елдері
♦ Ассириямен
♦ Мидиямен
♦ Парсылармен

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 668
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап әскери демократиялық пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу, ерікті қауым мүшелерін тәуелді адамдарға айналдыру, таптар мен мемлекеттің қалыптасуы.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген күресі туралы баяндау, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іскерлік дағдысын дамыту, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің тарих пәні мұғалімі Жәнділов Жасұлан Темірбекұлы Сабақ презентация түрінде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×