Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының рухани мәдениетін, соның ішінде бейнелеу өнері, ақындық өнері мен сазгерлік өнерінің даму барысымен, оны дамытуға үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Қазақстанда бейнелеу өнерінің басқа өнер түрлеріне қарағанда кеш даму себептерін, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында орыс суретшілері В. Верещагин мен Н. Хлудовтың Қазақстан мен Орта Азия тақырыбына жазған шығармаларымен, қазақ халқының ертеден келе жатқан музыка өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктерімен танысу. 2. Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру. 3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті:
Сабақтың көрнекілігі:
1. В. Верещагин мен Н. Хлудовтың картиналары,
2. Қолданбалы өнер жиһаздарының суреттері
3. Көрнекті қазақ сазгерлерінің портреттері
4. Кестелер, семантикалық карта.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
2. Қызығушылығын ояту.
3. Мағынаны тану
4. Ой толғаныс. Ү. Бағалау, үйге тапсырма.

ІІ. Қызығушылығын ояту:
1. Мәдениет деген не?
2. Бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер арасында қандай айырмашылық бар?
3. ХІХ ғасырда қазақ ұлтынан шыққан суретшілер болды ма?
4. ХІХ ғасырда өмір сүрген сазгерлерді білесіңдер ме? Шығармаларын ата.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сурет және қолданбалы өнер.
2. Музыка өнері.

18 — 19 ғасырлар мен 20 ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі. Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері 19 ғ - дың 2 - жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері болып саналады. 19 ғасырларда Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В. В. Верещагин, т. б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 жылдары қазақ жеріне жер аударылған Т. Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш. Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т. б.) 19 ғасырдың ортасында салынды.

а) В. Верещагин мен Н. Хлудовтың өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру
ә) Суретшілердің картиналарын интерактивті тақтадан көрсету.
б) Қолданбалы өнер салалары – ұсталық, зергерлік, үй кәсіпшілігі - киіз басу, кесе тігу, ою - өрнектің мәні туралы оқушылар дайындаған хабарламамен танысу.
в) Интерактивті тақтадан қолданбалы өнер туындыларын көрсету.

2. Ұлттық музыка өнерінің дамуына әсер етіп, өшпес із қалдырған
а) Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 - 1862жж)
ә) Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 - 1889жж)
б) Дәулеткерей Шығайұлы (1820 — 1887жж)
в) Біржан Қожағұлұлы (1834 - 1897жж)
г) Жаяу Мұса Байжанұлы (1835 - 1929жж)
д) Ақан сері Қорамсаұлы (1843 - 1913)
е) Ықылас Дүкенұлының (1843 - 1961 жж) өмірі мен шығармашылық қызметімен танысу.
Суреттері және шығармалары интерактивті тақтадан көрсетіледі.

ІҮ. Ой толғаныс:
1. Ұлттық музыка өнерін дамытуға үлес қосқан қайраткерлерді атап, туған. өмір сүрген жерлерін картадан көрсет.
2. В. Верещагин мен Н. Хлудовтың картиналарының қандай тарихы маңызы бар?
3. Жылдар мен сандар. (Оқушылар ұяшықтағы жылдар мен сандар қандай оқиғаға байланысты екенін айтады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 811
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі Сәндік қолданбалы өнер сыныбының оқытушысы Түзелбаева Арай
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қазақтың ұлттық би өнері
Қазақтың ұлттық би өнері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті
Тарих пәні мұғалімі: Молдахметова С.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×