Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сегіз жапырақ құрағын оқыту әдісі

20 мам 2012, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың әдісі:
• Сұрақ-жауап, көрсету, баяндау көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
• Слайд, әр түлі құрақ сызбалары, құрақ жиынтық альбом, 40х40 см 2 дайын тігілген жастықша, түрлі қағаздардан дайындалған үлгілер, нұсқау картасының сызбасы.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

• Интерактивті тақта, электрондық маркер, қарындаш, түрлі-түсті қағаз, қайшы, құрақ үлгілері, технологиялық нұсқау картасы, маталар қиындысы, ине-жіптер.
Пән аралық байланыс:
• Геометрия, сызу, тарих, әдебиет пәндері.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.
Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы):

- Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Үйлеріңде құралған көрпеше, жастықшалар бар ма?
- Құрақты кімдер құрайды?
- Құрақ қандай маталардан құралады?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де жасаған. Еш оқытатын мектеп жоқ кезінің өзінде шеберлер геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білгендігін оқушыларға үлгі етіп, ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес, үнемді де болғандығын айтып кетемін. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бір де бір қазақтың үйі жоқ екендігі бәрімізге мәлім.

Құрақтың қолдануы – үй жиһаздарының бірі: құрақ көрпе, көрпеше ата-бабаларымыздың дәстүрлі төсеніші болған және тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйымдардың бірі.
Құрақтан қолдорба да жасалынған, керме, аяққап, шайдорба, сандық жапқыш т.б. көптеген бұйымдар жасалынғандығына мысалдар келтірейік. Киіз үй жиһаздарын аттайық – құрақпен безендірілген бұйымдарды естеріңе түсіріңдер.

Сегіз жапырақ құрағын құрау әдісі:
- Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екендігін ескертемін.
- Құрақ құрағанда мата таңдау және мата түстері туралы ұлттық ұғымдарды айтамын. Қызыл түс – гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді; Сары түс - күннің белгісін білдіреді; Көк түс – аспанның, судың белгісін білдіреді; Жасыл түс – даланың көгал шөбінің, жердің белгісі.
- Сегіз жапырақ құрағын геометриялық фигуралар арқылы құрылады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындап аламыз.(интерактивті тақтада слайд арқылы суретін көрсетемін).
- Дайындап алған үлгілерді мата бетіне түсіріп, қырқып алынады.

- Екі жапырақша бөліктерін бір – бірімен беттестіріп, тігін машинасында тігіледі. Жапырақшаларды екі – екіден тігіп алу қажет.
- Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан – жағындағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз. (беттестіріп тігу жолдарын интерактивті тақтадан слайд арқылы көрсетемін көрсетемін).
Сегіз жапырақ құрағын құрау әдісінің нұсқау картасын оқушылармен бірігіп құраймыз.
Оқушыларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі – түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақ үлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын құрастыртамын. (әр оқушы түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады).

- Әр оқушыға нұсқау картасының сызбасын таратып беремін де, оқушыларды біртіндеп тақтаға шығарып, көрсете отырып нұсқау картасын тақтаға электрондық маркер арқылы жазып толтырады.
- Нұсқау картасын толтырта отырып қауіпсіздік ережелерін қайталап, естеріне сала кетемін.
Сарамандық жұмыс:
Қатты қағаздан үлгілер дайындап алу.
Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу.

Екі жапырақты бір-бірімен беттестіріп тігу.

Қалған жапырақтарды бір-бірімен қосып тігу.

Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан жағындағы бөліктерін келтіріп тігу.

- Оқушылар әкелген маталарын үтіктеп дайындайды. Үтікпен жұмыс істемес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, қайталап өтеміз. Алдымен үтіктің дұрыстығын өзім тексеремін. Оқушылар дайындалған нұсқау карталары бойынша сегіз жапырақ құрағын тікпес бұрын көктеу тігісінің пайдалану орындары және түрлері қолданылады. Тігіс кезінде ескертетін жағдай әр бөлікті бекіткен сайын жатқызып үтіктеу қажет.

- Келесі жұмыс бөлігінде құрақтың астары өлшеніп, қырқылады, көктеледі. Квадрат формалы көрпешенің бұрыштарын тігуді доғалдап жіберген ыңғайлы болатынын көрсету керек. Бір жақ қабырғасы жиек жағынан 20 см - дей астарға бекітілмей, аудару үшін қалдыру керектігі ескертемін. Көрпешеміз жұмсақ болуы үшін арасына мақта саламыз.

Сабақтың қорытындысы:
- Құрақ – қазақ халқының үй тұрмысының бұйымдарында ұрпақтан–ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнер екендігіне көз жеткіздік.
- Құрақ құрау өнерінің шығуы тікелей үй жиһаздарының сәнділігі, мата түрлерін пайдаланудағы үнемділігі адам баласы күнделікті тұтынатын төсеніш екенін меңгердік.
Қорытынды сұрақтар:

- Ұлттық үйлесім бойынша қанша түсті білесіңдер?
- Сегіз жапырақ құрағының үлгісінің бөлшектері қандай геометриялық фигурадан тұрады?
- Қауіпсіздік сақтау ережелерінің қолдануын ата.
- Ұлттық қолөнер құрақ құрағынан шығатын бұйымдарды ата.
Үйге тапсырма:
- Сегіз жапырақ құрағын пайдаланып, құрақ көрпешесін немесе жастықшасын тігіп келу. (Оқушының өзіне таңдау еркін беремін).
Оқушыларды бағалау:
- Сабаққа қатысуларына байланысты бағаланады.
Жұмыс орындарын жинастыру.
9 912
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру. Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қоңырат кенті, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі технология пәні мұғалімі: Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №62орта мектебінің технология пәні мұғалімі Бекмамбетова Гульмира Мақсұтқызы
Құрақты тігіп дайындау және қолдану
Құрақты тігіп дайындау және қолдану
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы №2 орта мектептің технология пәні мұғалімі Тұрғаналиева Жеңіскүл
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Құрақ құрау әдісі
Құрақ құрау әдісі
Астана қаласы № 35 мектеп-лицейінің мұғалімі Айтжамал Пшенбаевна Ибраева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×