Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мерекелік және фуршет дастарханын жасақтау

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Мерекелік және фуршет дастарханын жасақтау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ыңғайлы дастархан мәзірін жасай білуге үйрету.
Мерекелік және фуршет дастарханының айырмашылығын ұғындыру.
Дастархан мәдениеттілігімен, дастархан басындағы ережелерді үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Дастархан, қасық, шанышқы, пышақ түрлері
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету
Пәнаралық байланыс: Биология, химия, валеология

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өтілген тақырыпты меңгерту
Жаңа сабақ: Алдымен тарелка, қасық, шанышқы, пышақ түрлерімен таныстыру
Тәрелке түрлері: Үлкен тарелкалар, шұңғыл, жайпақ /салқын тағамдарға / десерттік кіші
тарелкалар, асханалық, пирожкилерге, салатқа арналған тарелкалар
Шанышқы түрлері: Асханалық, десерттік, закускалық, балықтар үшін, жеміс – жидектер
үшін
Қасық түрлері: Асханалық, десерттік, шайға арналған, кофеге арналған

Әр отбасында мерекелік дастархан, бала дүниеге келгенде, келін түскенде, қыз ұзатқанда, сондай – ақ мереке күндерде қонақ шақырып дастархан жайғанды жақсы көреміз. Ондай дастархан жасаудың негізгі талабы – адамдарға ыңғайлы жағдай жасау. Қонақтарды топтастыру мәдениеті. Швед столында не беріледі? Әуелі қонақтарға ыстық бульоннан кесемен ұсынуға болады. Салқын закускаларды, салаттарды, соустарды, май, паштеттерді, нан және кондитерлік өнімдерді, сусындарды – үстелдің ортасына қояды. Закускалық тарелкаларды үстелдің шетіне қатарластырып орналастырады, осылардың қасына немесе үшбұрышты етіп рюмкалар, фужерлер қойылады. Асхана құралдарын әдемі етіп таратып қоюға немесе вазаға салып қоюға болады. Үй иелері лас ыдыстардың уақытында жиналуын, закускаға арналған тарелкалардың босап қалмауын қадағалап отырады.
«А ля фуршет» - бұл столдан тамақ тұрып ішіледі, сондықтан бұл стол кәдімгі столдан биіктеу болғаны ыңғайлы. Мұнда ешқандай пышақпен кесетін закуска болмауы тиім, себебі «А ля фуршет» француз тілінен аударғанда «шанышқы» дегенді білдіреді. Салқын закускалардан басқа пісірілген тамақтарды - жұлындарды, ыстық сосискаларды, кіші көлемдегі котлеттерді беруге болады.
Коктейльді стол – мұнда сакускалық тарелкалар мен ас үй құралдары жоқ, тек ағаштан және пластмассадан таяқшалар немесе кішкентай шанышқылар, жаңғақтар, жемістер, тұздалған печенье және бутербродтар – какапе – коктейльге өте жақсы закускалар. Айтпаса да түсінікті нәрсе коктейльдерді тек қана қонақтар бар жерде дайындаймыз.
Үстелге алдымен жұмсақ мата, үстіне крахмалданған дастархан төселеді. Үстел аяғын 25 см шамасында жауып тұруы керек. Тарелкалардың ара қашықтығы үстелдің шетінен 4 – 5 см алыс қойылады. Тарелкалардың оң жағынан пышақ, сол жағынан шанышқы қоямыз. Бокалдар мен фужерлер тарелкалардың алдына қойылады. Салфетка тарелканың үстіне қойылады.
Үстелде бір – біріне қарсы жақта ақ және қара нан кесіліп қойылады.
Үстелдің ортасына гүл мен жеміс салынған сауыттар қоямыз. Қалған бос орындарда салқын дәмдер салынған бірнеше салаттар қойылады.
Барлық дәмдерге арналған қасық, пышақ, шанышқы сусын шишалар қойылады. Дастарханға бірінші ыстық тамақ берер алдында, суық дәмге арналған тәрелкесі әкелінеді. Әр адам өз тарелкасына керегінше салып алады. Дастарханға десерт берілер алдында бокалдар мен фужерлерден басқа тағамдар мен ыдыстар жиналып алынады, десерттік майда ұсақ тарелкалар, пышақ, шанышқы, қасық қойылады. Шай немесе кофе ыдыстары десерттік тарелкалардың оң жағынан қойылады.

Фуршет дастарханының ыдыстары
Фуршет дастарханын жасақтау үшін шыны немесе хрусталь ыдыстарды қоюдан басталады. Фужерлер үстелдің 2 – 3 жеріне топтап, 3 – 4 данадан қояды. Шыны ыдыстардансоң фуршет үстеліне топтап салқын дәмдік пен десерттік тарелкалар қойылады. Салқын дәмдік тарелкаларды үстел шетінен 2 см және одан әрі 1, 5 – 2 см қашықтықта орналасады. Шанышқылар саны дестелердегі тәрелке санына сай, ал пышақ саны екі есе кем болады.

Қонақты топтастыру мәдениеті
Шақыратын кісілердің санын белгілеп, оларға бірнеше күн бұрын хабарлап қойған дұрыс. Келетін кісілерді қалай топтастырып қайда және кіммен бірге отырғызу жағдайын ойластырған жөн. Алдымен ең сыйлы қонақтарға орын сыйлаймыз. Мұндайда өзара тіл табысып сөйлесе алатын бір – бірімен жақсы таныс адамдарды, сондай – ақ қызметі мен мамандығы жағынан тіл тіл тауып әңгімелесе алатын кісілерді бірыңғай отырғызған жақсы. Ал бір – бірімен кикілжіңі бар адамдарды бір дастарханға отырғызбаған дұрыс.

Қонақтың түрлері
Қонақтың төрт түрі бар: Арнайы қонақ - мал сойып, арнайы шақырылған қонақ.
Құдай қонақ - кездейсоқ, бір түнейтін қонақ.
Қыдырма қонақ – алыстан ағайын – тума, құда – жекжаттары бір мал жеп кететін қонақтар.
Қылқима қонақ – тамақтың піскенін аңдып жүріп тамақ жеп кетер сүйкімсіз қонақ.
Шақырусыз қонақ - үйден адам қайтыс болғанда мысалы: бей – мезгіл уақытта бата оқуға келетін қонақтар.

Дастархан басындағы ережелер
1. Дастархан басында отырғанда, денені қисайтпай, тік ұста. Дастарханды тартқылауға, оған қисайып жатуға, орындықты тебуге және тербетуге болмайды.
2. Тісіңді шанышқымен шұқылауға болмайды, тамақ ішісімен ауызыңды сумен шай.
3. Алдыңдағы тағамды кесу қажет болса, онда оң қолыңа пышақ, сол қолыңа шанышқы ұстаған дұрыс. Өйткені оң қолымен кескен ыңғайлы.
4. Тағамды жеп болысымен пышақ пен шанышқыны дастархан үстіне тастай салмай, тарелкаңа салып қой. Өйткені майлы дақ дастарханды былғайды.
5. Ортаға қойған табақтан асты жеке тарелкаға салып же.
6. Тамақ ішкенде, оны төгіп – шашпа. Сұйық тамақты сораптама. Тамақ ішіп отырып, газет, кітап, журнал оқыма.
7. Тамақты асықпай, ұзақ шайнап же.

Ыдыс – аяқ жуу тәсілдері
Ыдыс жуғанда суды үнемді пайдалану керек. Ылғалы мол ауа денсаулыққа да зиян, оның үстіне «Судың да сұрауы бар» дегенді есте сақтаған жөн. Ыдысты жуу жұмысын жеңілдету үшін, сым жөкеден гөрі синтетика жөкелерді пайдаланған жөн. Сым жөке қолды жарақаттап ыдысқа сызық түседі.

1. Ыдысты кір жуатын ұнтақтармен жууға болмайды. Оның құрамында асқазанға зияны бар заттар бар.
2. Жуылған ыдысты сүлгімен сүртуге болмайды, өйткені ыдыста мата талшықтары қалып қоюы мүмкін.
3. Майлы ыдыстарды бірінің үстіне бірін үйіп қоюға болмайды.
Жуылған ыдыстарды сымнан жасалған кептіргіш торға төңкеріп қояды. т. б.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
Тарелкалардың неше түрі бар?
Шанышқылардың неше түрі бар?
Қасықтардың қандай түрі бар?
Ыдыстарды қалай орналастырамыз?
Қонақтың неше түрі бар?

Мерекелік және фуршет дастарханының айырмашылығы неде?
Мерекелік және фуршет дастарханының артықшылығы мен кемшіліктері неде?
Үйге тапсырма: Сулықтар жасап үйрену
7 205
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бутербродтар. Бутерброд түрлері
Бутербродтар. Бутерброд түрлері
Технология пәні мұғалімі Жубандыкова Нуржанай
Дастархан жабдықтау
Дастархан жабдықтау
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Асханалық ыдыстар мен жабдықтар. Мерекелік дастарқанды жабдықтау
Асханалық ыдыстар мен жабдықтар. Мерекелік дастарқанды жабдықтау
отагөз Болатқызы №197 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Қызылорда қаласы
Нан - байлықтың атасы
Нан - байлықтың атасы
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шекеркуль Картаева
Сулықтарды бүктеу және дастарханды жабдықтау әдісі
Сулықтарды бүктеу және дастарханды жабдықтау әдісі
ШҚО, Үржар ауданы, Келді-Мурат ауылы Благодарное орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Камен Абилхайдарқызы Курманова Мақсаты: Білімділік: Дастарханды жабдықтай отырып, сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену.
Дастархан мәзірі
Дастархан мәзірі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×