Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тауыс құсы

15 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тауыс құсы және оның жасалу жолы туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: тауыс құсының суреттері.
Құрал – жабдықтар:бисер, пайетка, мулине жіп, тоқыма жіп, ине, тебен ине, мата, кергіш.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, биология.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Оқушылар бүгін біз бисермен тауыс құсын тігеміз. Бисер өнері ертеден таралып, танылып келе жатқан әшекей бұйымдар дайындаудағы бір түрі. Қолөнер - мол өнер. Қолөнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Осылардың ішінде бисер өнеріне тоқталайық. Сумоншақтың отаны - ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сериядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, одан кейін Венецияға ауысады. Көптеген ғасырлар бойы Венеция Республикасы әйнек шығаруды құпия сақтайды. Әйнек шеберлері құпияны сақтамағандарды өлім жазасына кескен. ХV ғасырда әйнек шеберлері Германияда, Францияда, Чехияда пайда болды.

Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі – түсті суреттер жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншағы Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында. Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап ететін өнер түрі болып табылады.
Құстардың бәрі әдемі. Дегенмен сұлулығы жөнінен ешбір құсқа дес бермеймін дейтіндері де жоқ емес. Біз мына сұлулықты көріп отырып, бірінші мына құс әдемі, екінші орын мына құста деп нөмір таққымыз келмейді. Жаратылыстың шеберлігіне еріксіз таңдай қағып, әлемдегі ең әдемі құс «Тауыс құсы» деп айта аламыз. Тауыс құсының орысша атауы – Павлин. Дүниедегі ең әдемі құс тауыс құсы екені талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Үндістанда қасиетті құс саналған: оны өлтіргендерге жазалау қаупі төнген.

Бір үйірде 30-40 тауыс топталып жүреді. ХҮІІІ ғасырда мыңнан аса құсқа жеткен үйірлер байқалған. Құстардағы көркемдіктің төресі, хас сұлулық пен тәкаппарлықтың символы. Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Отаны Оңтүстік Азияда тауысты барыс пен жылан сияқты қауіп-қатер жақындап келе жатқанда, ескерту беретіні үшін жоғары бағалайды. Тауық отрядының ең ірі түрі. Тауыстар үшін үй тауықтарына тән жем қорек болады. Ұясын жерге, бұталармен бүркелген тұсқа салады. Ұя жіңішке сабақты шөптерден және кепкен жапырақтардан салынады.
Таулы жерлерді, сонымен қатар жартасты жерлердегі сирек ормандар мен нулы жерлерді мекендейді. Бәрінен бұрын бұталар мен шөпті өсімдіктер қалың өскен жерлерді қалайды. Қауіп төнгенде және ұйықтау үшін ағашқа қонады. Тауыстардың іс-қимылына қарап үнділер жолбарыстардың таяп қалғанын біледі.
Тауыс құсы ұшады. Оның ұзындығы – 2, 5 метр, салмағы да өзіне жараса әжептәуір көрінеді. Соған қарамай, лып етіп жеңіл ұшады, көздеген биігіне оңай көтеріледі.

Сарамандық жұмыс
1. Матаны кергішке керіп дайындау.
2. Матаның бетіне тауыс құсының суретін салу.
3. Тауыс құсына қажетті бисер мен пайетканы таңдау.
4. Нұсқаулық суретке қарап тігу

Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек.
1. Инені ауызға салмау керек;
2. Инені киімге қадауға болмайды;
3. Қайшыны ашық тастама;
4. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме;
5. Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек.

Жұмысқа қойылатын талаптар:
• Жұмысты технологиялық картаның көмегімен орындау;
• Жұмысты таза, ұқыпты орындау.

Қорытынды бөлім.
Оқушылар сендер бүгінгі сабақта бисерден тауыс құсын тігуді үйрендіңдер. Сонымен
• Бисер дегеніміз не?
• Бисердің отаны қай ел?
• Әлемдегі ең әдемі құсты атаңдар?
• Тауыс құсының орысша атауын атаңдар?
• Тауыс құсы қай елдерде мекендейді?

Бағалау. Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
Үйге тапсырма беру: Тауыс құсын үйден аяқтап әкелу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектептегі технология журналы №2. 2012ж
2. Технология оқулығы 9 сынып.
10 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бисерден бұйымдар жасау технологиясы
Бисерден бұйымдар жасау технологиясы
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Жүннен жасалатын бұйымдар
Жүннен жасалатын бұйымдар
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Кілем тоқу
Кілем тоқу
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Тоқу өнері
Тоқу өнері
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Тоқу өнері. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тоқу өнері туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: теориялық білімдерін
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс –
Құрақ құрау технологиясы.
Құрақ құрау технологиясы.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға құрақ құрау түрлерін, әдіс – тәсілдерін және құрастырып тігуді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×