Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сән ұғымы Стиль түрлері

19 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Қызылорда қаласы
№197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі:
Әлжанова Роза Зейнуллақызы


Сән ұғымы. Стиль түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға сән ұғымы туралы және стиль түрлерімен таныстырып толық мағлұмат беру;
2. Дамытушылығы: сәннің даму сатысы мен қоғамдағы атқаратын рөлі туралы ойларын дамыту, шығармашылығын қалыптастыру;
3. Тәрбиелілігі: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері, компьютер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
Сән - адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын, арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Сән (мода) - латын сөзі, өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі. Мағынасы уақытша келісімді, сәнді киіне білу деген ұғым береді

Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам, өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады. Киім кию мәдениеті адамның білімінің, талғамының, ортаға қарым-қатынасының көрсеткіші. Талғам - бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б.) Сәнді - арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды. Оларды көркемдеуші деп атаймыз.

Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі - әдебиет пен енерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.
• Стиль -
• Классикалық
• Фольклорлық
• Романтикалық
• Спорттық

Классикалық стиль (байсалды, іскер, әсем) - тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері жатады.

Фольклорлық стиль - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бүл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен қолданамыз.

Романтикалық стиль - бұл ұшқыр, қиял елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Спорттық стиль - демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер үлгісі.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Сән сезінің мағынасы?
2. Стиль. Стильдің түрлері?
3. Классикалы қ стиль мен фольклорлық стильдің айырмашылығы?
4. Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір-бірінен ерекшелігі неде?
5. Бүгінгі сабақтың бағытын талдау?
6. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

Қорытынды.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақстандағы белгілі сән үлгілерінің түрлерімен танысу.
29 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Стиль, Сән, Костюм туралы түсінік
Стиль, Сән, Костюм туралы түсінік
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы, №116 мектептің технология пәні мұғалімі Алиева Гүлбахрам Тыныштықбайқызы
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
№ 197 қазақ орта мектебі мұғалімі: Қаюпова А.
Көйлек сызбасын жасау
Көйлек сызбасын жасау
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Костюм туралы түсінік
Костюм туралы түсінік
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Жүннен жасалатын бұйымдар
Жүннен жасалатын бұйымдар
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×