Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Әйелдер белдемшесін өңдеу. Пішілген бөліктерді тігуге дайындау. Майда бөлшектерді өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тік белдемше негізінің өлшем, сызбасын жаңа технологиямен есептей білуге үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істей алуға үйрету;
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптасуға тәрбиелеу, адамгершілік қарым - қатынасқа тәрбиелеу, бір - біріне көмекке келуге, адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Жабдықтар мен материалдар: негізгі мата, астарлы мата, желімді материал, бор, қайшы, сызғыштар, сантиметрлік таспа, инелер, жіптер.
Оқулық көрнекі – құралдар: нұсқаулық қартасы, тарқатылатын сұлбалар, белдемшені дайындау үшін технологиялық карталар.

Сабақтың барысы
1 Ұйымдастырушы кезең
а) сабақ басталмас бұрын оқушылардың жұмыс орнын тексеру; оқушылардың сырт көрінісін тексеру(арнайы киімін); журнал бойынша оқушыларды түгендеу.
б) керекті жабдықтар мен нұсқаулық карталарды беру.

2 Енгізетін нұсқаулық
а) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
б) оқушылармен техника қауіпсіздігін қайталау.
в) дәрісті бекіту (ауызша түрінде)

● Тігістердің түрлері мен белгіленулері.
● Бұйымның алғашқы өңделуіндегі ЫЖӨ операциясы
● Белдемшелі киімдердің түрлері
● Белдемшелі киімнің жоғарғы қиығындағы өңделу принциптері.

г) Жаңа сабақты түсіндіру
Белдемше — әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын - сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір - біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібек маталардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді. Адам киімнің өлшемін білу үшін кеуде шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп, алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр кеуденің өлшеміне сәйкес. Өлшем белгілі бір тәртіп бойынша алынады, алдымен ( горизонталь бағытта), содан соң ұзынынан( вертикаль бағытта). Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс. Өлшегенде см. лентаны сол қолмен ұстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. БЖО - Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымқырмалардың енін есептеуге қолданылады. ЖЖО - жамбастың жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады. БҰ - Бұйымның ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады АББҰ – Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан мойын нүктесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртқасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына теі болады.

д) Қорытынды нұсқаулық:
1 машина жұмыстарының терминологиясын бекіту.
2 қорытынды жұмысын жүргізіп, жалпы қателіктерін тексеру.
3 Күнделіктерін толтыру.

Қорытынды
е) үйге тапсырма
Күнделікті толтыру. Келесі сабаққа керекті материалдарды дайындау.(замок, түймелер, желімді өрмекше)
ж) оқушылардан жұмыс орындары мен құралдарды қабылдау.
17 433
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу техникасы мен технологиясынан алғашқы мағлұматтарын беру, ою - өрнектің құдіретін, әрі оюдың мағынасын аша отырып, біз кестемен кестелеудің техникасын меңгеру.
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Сәндік қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Технологиялық карта бойынша ағаштан бұйым жасап шығару
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы, №142 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Жүсіпбаев Талғат Кеңесұлы
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
ШҚО, Семей, Новобаженово ауылы, сызу және сурет пәнінің мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Оқушыларға таңдаған киімдеріне өлшем алу, оны үлгі бойынша матаға қию, көктеу тігістерін жүргізу жұмыстарын орындау технологиясын көрсету. Сарамандық жұмыстың тақырыбы: Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Сарамандық жұмыстық мақсаты: Оқушыларға таңдаған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×