Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түнгі көйлектің сызбасын өз өлшемімен тұрғызу

24 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Түнгі көйлектің сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өз бетінше түнгі көйлек моделін таңдауды үйрету. Оқушыларды әсемдікке, талғаммен әдемі киіне білуді үйрету.

Сабақтың міндеті:
Білімділігі: оқушыларға түнгі көйлек туралы мағлұмат беру, өлшем алуды үйрету; Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелілігі: оқушыларды, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: дайын түнгі көйлек түрлері
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, тарих, бейнелеу өнері, биология,
Сабақтың әдісі. Теориялық сабақ, Сарамандық, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеу;
• Оқу - құралдарын тексеру.
• Оқушылардың зейінін сабаққа аударту;
Өткен сабақты қайталау.

5. Өлшем алу не үшін керек?
6. Түнгі көйлек тігу үшін қанша өлшем аламыз?
7. Мо дегеніміз қандай өлшем?
8. Бел орамы қалай өлшенеді?

Жаңа сабақты түсіндіру.
Алдыға пішім парағын жаяды. Оның екі жақ беті де пайдаланылып, әрбір беті тиісінше А, В, С, Д деген әріптермен таңбаланады. Пішімнің бөліктерін оңай тауып алу үшін парақ әріптерімен белгіленген шаршыларға бөлінеді. Парақтағы пішімнің бөліктері қара немесе қызыл түсті, әр түрлі пішіндегі контурлы сызықтармен ажыратылады. Үлгі суретінің жанында сол берілген үлгіге сәйкес контурлы сызықтардың түрі мен түсі беріледі. Пішімді қалай көшіруге болады? Анық байқау үшін пішім парағындағы бөліктерге қаламмен контур жүргізуге болады, бөліктерге жүргізілген барлы қ шартты белгілермен сызықтарды белгілеп шығу керек. Кальканы пішім парағына жылжымайтындай етіп орналастырады да, содан кейін барлық керекті бөліктер контуры жүргізіледі.

Матаны қалай пішеді?
Пішу жоспары берілген матаға қарап жасалады. Пішу жоспарында қандай маталар бір қабат, қандай маталар қос қабат күйінде көрсетілгеніне назар аударған жөн. Бір қабат матаны оның бет жағы бойынша піш еді. Пішім бөліктерінің үзік сызықтарымен берілген жағы төмен қаратылып салынады Әдіп секілді бөліктер пішу жоспарында нөмірленбейді. Егер, үлгінің жолдама мәтінінде ерекше есептеулер болмаса, онда, тігіске мынадай ең аз мөлшердегі қосымша беріледі.
- Сыртқы киімдер үшін - 1 м;
- Жеңіл көйлектер үшін - 1, 5см;
- Төменгі бүктемелер үшін - 3 - 5см (пішуге байланысты);
- Ішкі тігістер үшін - 0, 7см; Шақтап өлшеу кезінде дәлдік қажет ететін жерлерде қосымшаны 2 - 3см-ге ұлғайтқан жөн.

Матаны қалай есептеу қажет?
Түнгі көйлекті пішу үшін, егер матаның ені - 140 - ISO см болса, бір ұзындықты алып, төменгі және жоғарғы шеттерін тігуге және апшуға 10см - ден қалдырса жеткілікті. Ал, мата енсіз болса, екі ұзындық алынады.

Түнгі көйлектің сызбасы.
Киімді дайындау үрдісі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: үлгі дайындау, материалды пішу, бұйымды тігу. Бөліктерді біріктірудің үш тәсілі бар: жіппен, желіммен, дәнекерлеу арқылы. Тігіндік біріктіру дегеніміз - материалдың екі немесе одан да көп қабатын бір, болмаса бірнеше тігіс арқылы қосу. Тігіс дегеніміз - бір немесе бірнеше қабат материалдағы тігімнің жүйелі қатары. Тігін бұйымдары бөліктерін біріктірудің негізгі тәсілі машиналық жіптік тәсіл.

Жаңа материалды бекіту. Сонымен, бүгінгі сабақта түнгі көйлектің сызбасын құрастырып және сән журналынан калька қағазына үлгі түсіріп үйрендік.

Сабағымызды бекіту үшін өлшем алу жолдарын атаңдар?
1) Кеуде айналымы;
2) Бел айналымы;
3) Мойын орамы;
4) Бөксе айналымы;
5) Кеуде биіктігі;
6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
7) Иық ұзындығы;
8) Қолдың ұзындығы;
9 ) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы;
10) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;
11) Белден тізеге дейінгі ұзындық.
Үйге тапсырма: тігіс түрлерін қайталау, жасалған пішім үлгісін аяқтап келу.
18 371
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар
Өлшем алу. Иық бұйымының пішімін дайындау үшін конструкциясын есептеуге қажетті формулалар
Түнгі көйлек туралы түсінік беру; Киімнің пайда болуы қолданылуы мен қоғамдағы рөлі туралы дұрыс түсінік қалыптасуы
Түнгі көйлекті модельдеу
Түнгі көйлекті модельдеу
Сабақтың тақырыбы: Түнгі көйлекті модельдеу
Иық бұйым негізі сызбасын тұрғызу (артқы бой)
Иық бұйым негізі сызбасын тұрғызу (артқы бой)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Өлшемді анықтау, пішімдерді пайдалану
Өлшемді анықтау, пішімдерді пайдалану
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Көйлек сызбасын жасау
Көйлек сызбасын жасау
Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы
Түнгі көйлек сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Түнгі көйлек сызбасын өз өлшемімен тұрғызу
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×