Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәукелені сәндеу, тігу. Бисер моншақтармен әшекейлеу

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Сәукелені сәндеу, тігу. Бисер моншақтармен әшекейлеу.

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: ұлттық киім түріне жататын сәукелеге сипаттама беру;
2) Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, халқымыздың тарихын біліп, эстетикалық талғамын қалыптастыру, дамыту;
3) Тәрбиелік: шеберлікке, шыдамдылыққа, ұлттық дәстүрді сақтай білуге, еңбекке қызығушылығын арттыру арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, математика
Керекті құрал - жабдықтар: қайшы, ине, жіп түрлері, матаның қалың түсті барқыт түрі, метрлік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сәукеле түрлері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Жұмысқа қажетті бөліктер: Сәукеле үшкілі - 4 бөлік.
Технологиялық тізбектілік
Сәукеле үшін:
1. Сәукеле үшкілінің бүйір қиықтарын қайып тігу.
2. Тігістерін айыра үтіктеп, қайыру.
3. Сәукелені астармен жөрмеп тігу.
4. Сәукеленің төменгі қиығына моншақ, маржандар тігу.
5. Әр үшкіліне өрнектеп қол тігіске кесте жүргізу.
6. Сәукеленің жоғары төбелдірігіне үкі қадау.

Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар - жар - ау» (Жар - жар). Өмірде қазақ салт - дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол - бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда - құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын - сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.

Сәукеле туралы бір - ер сөз. Сәукеле - келіншек киімі. Ол - бас киім ғана емес сән - салтанатының, салт - дәстүрінің мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол інжу - маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі - түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған. (М. Ж. Көпеев).
Әдет бойынша оң жақтағы, құда түспеген қызға сәукеле кигізбейді.

Үйге тапсырма:
1. Халықтық қолөнер дегеніміз не?
2. Қазақта бас киім неге ерекше қастерленген?
3. Айырқалпақ қандай бас киім?
4. Сәукеле қандай бас киім? Оны қандай жағдайда киген?
5. Сәукеле қанша бөліктен тұрады?
6. Бас киімдердің нұсқасы мен сызбасын қолдана отырып, тігу тәсілі қандай тізбелікпен жүретінін айтыңдар.
16 058
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу
Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сәукеле тігу
Сәукеле тігу
Ұлттық бас киімдер жайлы мағлұмат беру және сәукеле тігу тәсілін меңгерту. Оқушыларды салт - дәстүрді және ұлттық ерекшеліктерді сақтауға баулу Оқушылардың эстетикалық талғамы мен қию, өлшеу, әшекейлі заттармен жұмыс істеу әдістерін үйренуге ықпал
Аяққапқа ою тігу
Аяққапқа ою тігу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Мауленова Айжамал
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
Ұлттық қуыршақтар дайындау технологиясы
№244 Ы.Жақаев атындағы мектебінің технология пәнінің мұғалімі А.Көбегенова Оқушысы С.Нұржігітова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×