Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иықты бұйымдар және олардың түрлері

27 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Тақырыбы: Иықты бұйымдар және олардың түрлері.
Мақсаты: 1) білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша жіктеуді үйрету.
2) дамытушылық: қызығушылығын арттыру, ой - өрісін байыту, көріп есте сақтау, талдау қабілеттерін дамыту, ойлау қабілетін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушының талғамын дамыту, эстетикалық тәрбиеге баулу, мезгілге сәйкес, соңғы сәнмен киім таңдауға үйрету, үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.
Сабақ түрі: өткенді қайталау, жаңа сабақ түсіндіру, талдау, бекіту, зертханалық жұмыс.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, иллюстрациямен үйрету, интерактивті әдіс, фишкамен бағалау, үлестірмелі материалдармен жұмыс(зертханалық), кері байланыс әдісі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, шаблондар(адам денесі)
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, химия, физика, геометрия, сызу, әдебиет, қазақ тілі.
Пайдаланған әдебиеттер: 1) «Еңбекке баулу» 7 сынып. Москва «Просвещение» 1990ж
2) Егорова, Монастырная. «Іс тіге біл» Алматы Рауан 1997ж
3) Журналдар: «Мектептегі технология» №2, 2008ж; №7, 2008ж
4) Технология Алматы «Атамұра» 2003ж

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау. 2 сайыс арқылы өткізіледі.
1) «Жорға» мақта, жібек, ине, кілем, тоқу, тігу, ас, денсаулық, тамақ, достық сөздеріне мақал – мәтел жинақтау.
2) «Ақындар айтысы» 5 жолды өлең: қайшы, пышақ, сал – дәстүр, тігін машинасы, ине, жіп, белдемше, үтік.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т. б жатады.
Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойы\н ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.

Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т. б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б болып бөлінеді.

Иық бұйымдарын өңдеп әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, қатпарлар, бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, бүрмелер, желбіршектер, жапсырмалар, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.
Қолдануына қарай бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді. Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайындағы жұмыстарға ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта, жібек және жүн маталардан тігіледі.

Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.

Ассиметрия дегеніміз – композицияның тең дәрежедегі бөліктері бір - біріне ұқсамауын айтамыз.
Симметрия деп барлық бөліктердің бір - бірімен белгілі бір заңдылықпен орналасуын айтамыз.
Ырғақ – деп элементтердің кезектесіп қайталанып бірінен - бірі заңдылықпен ауысуын айтамыз.
Сұлба – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тік бұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ т. б) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні

IV Бекіту сұрақтары
1. Жеңі жоқ, иықты бұйым, қынамалы, ұзындығы белден төмен -......
2. Астармен жасалатын иықты бұйымдар атаулары -.....
3. Иыққа жіппен немесе матамен асылған, белден төмен, жеңі жоқ киім аталуы -....
4. Капюшон деген не?
5. Берілген бұйымдар атауларының ішінен иықты бұйымдар атауларын табу:
Бөрік, қамзол, куртка, жейде, панама, шляпа, сумка, қолғап, шалбар, пальто, топ, плащ, белдік, сәукеле, тон, қасаба, пиджак, шапан, белдемше, орамал, білезік, алқа
6. Салтанатты кешке арналған, иығы жоқ, етегі кең, кеуде бөлігі қыналған бұйым иықты киімге жатады ма?
7. Геометриялық пішінге жататын иықты бұйымдарды ата

V Зертханалық жұмыс
1. Берілген суреттерге сыртқы сипаттама беру / әр оқушыға жеке - жеке 2 суреттен беріледі /
9 317
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
- Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағлұмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру. - Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту. - Оқушылардың ұлттық
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Иық бұйымдарының түрлері және сипаттамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан орта мектебінің технология пәні мұғалімі Хабаев Араб Малдыбайұлы
Бисерден жасалатын бұйымдар
Бисерден жасалатын бұйымдар
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы № 36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Проекциялау
Проекциялау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×