Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Трактор мен автомобильдердің электротехникалық жабдықтары

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Трактор мен автомобильдердің электротехникалық жабдықтары

1. Сабақтың мақсаты: Тракторлар, автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік.
2. Білімділігі: Оқушылардың теориядан алған білімін өндірістік оқумен ұштастыру. Тракторлар, автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік беру.
3. Дамытушылық: Оқушылардың мамандығына ынтасын арттыру, шеберлік және іскерлік қасиеттерінің дұрыс қалыптасып дамуына ықпал жасау, дұрыс шешім таба білу дағдыларын қалыптастыру, олардың өндірісте жұмыс істей білу дағдыларын дамыту
4. Тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, азаматтықпен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
5. Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті заттар:
6. Сабақтың көрнекілігі. Плакаттар, тех карталар, макеттер.
7. Пәнаралық байланыс: арнаулы материал тану, физика, электро техника, газбен пісіру пәндері.
9. Сабақтың әдісі: зертханалық жұмыс. Оқушылардың дербес жұмыстарын ұйымдастыру. Сұрақ – жауап әдістері.
Сабаққа қажетті оқу материалдық жабдықтар:
10. Сабақтың ұйымдастыру түрі:
Топқа бөлу:
Барлық оқушы саны: 25
11. Тақырыпқа байланысты білулері және істей алулары керек:
- Құрал - жабдықтарды пайдалану
- Жұмыс орындарын дайындау
- Техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелері
Сабаққа қойылатын талаптар:
• Уақытты нормаға сәйкес үнемдеу
• Техника қауіпсіздік ережесін сақтау
• Арнаулы киімдерді, құрал - жабдықтарды ережеге сәйкес пайдалану
12. Пайдаланатын оқулықтар тізбесі:
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Топ басшысынан оқушылардың қатысуы жөніндегі мағлұмат алу.
Оқушылардың арнайы киімдерінің ережеге сай келулерін тексеру (костюм - шалбар, қолғап, бас киім)
Құрал жабдықтардың жұмысқа дайындығын тексеру.

II. Кіріспе нұсқау:
Өтілген сабақты еске түсіру, қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қою:
Жаңа сабақты түсіндіру.
Тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік.
Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын бақылайтын қызмет атқарады.
Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясының көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар.

Электр энергиясын тудыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдің барлық электрлік жүйесі тұрақты тоқпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал двигатель тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады.
Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да двигатель жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды.

Жұмыс кезінде двигательдің айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.

Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады.

Аккумулятор
Аккумулятор деп энергияны жинақтайтын құралды айтады. Автомобиль аккумуляторлары электр энергиясын химиялық энергияға жинақтап, ұстап тұрады. Керек кезінде химиялық энергия, аккумулятор ішінде реакция жүргендіктен электр энергиясына айналып, қайтадан сыртқа беріледі.
Электр энергиясын жинайтын аккумулятордың бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі тиімді қызмет атқаратындары қорғасынды - қышқылды аккумулятор, яғни күкірт қышқылына салынған қорғасын мен оның тотығының аралығында реакция жүреді де, олар зарядталады. Бұл аккумулятордың ерекшелігі, ток көзінің кернеуі 2В болады және ол кернеу оның қорғасын пластиналарының мөлшеріне, санына байланысты болмайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 349
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп құрал-жабдықтары
Мектеп құрал-жабдықтары
Ағылшын тілінде мектеп құрал-жабдықтары айтуға үйрену, дұрыс екпін қоюға баулу, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру Оқушы білуге тиіс - жаңа сөздерді қолдану
Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі
Тракторлар мен автомобильдердің жүрістік бөлігі және басқару механизмі
Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Әленов Толағай Қойшыұлы
Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру. Қолмен доғалы пісіру техникасы
Доғалы пісіруге арналған жұмыс орнын ұйымдастыру. Қолмен доғалы пісіру техникасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, №17 кәсіптік лицейінің Арнаулы пән мұғалімі: Қыпшақбаев Бекболат
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Прназаров Дауиржан Амангалиевич Пәні: Технология Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісім
Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдісім
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің химия, биология пәндері оқытушысы Ақбала Айназарова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×