Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмірдің тәлімгері – ұстаз

01 тамыз 2014, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
«Өмірдің тәлімгері – ұстаз» байқауы

Мақсаты: Педагогтің осы заманғы адам дамуының жалпы үрдістерін жақсы түсінетін адам тұрғысындағы кәсіптік ұстанымын қалыптастыру; Мектеп педагогикасының теориясы мен тәжірибесі мәселелері бойынша кәсіптік біліктілікті дамыту.

Дайындық жұмыстары:

1. Ұстаздарды байқау мақсаты және шартымен екі жұма бұрын таныстыру. +
2. № 16 мектептегі ұстаздарға арналған жаднама әзірлеу. +
3. Көрнекілік арнайы плакат, фотошуақ әзірлеу. Шарлармен сахнаны безендіру. -
4. Сценарий әзірлеу +
5. 4 Номинация атауын ойластыру. +
6. Жюрилер құрамын сайлау.
7. Ән шашу және би нөмірлерін ойластыру. -
8. Слайдтар әзірлеу. -

Байқау барысы:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, көрермендер! Бүгін 16 мектеп жас педагогтарын ұстаздыққа қабылдау мақсатында өткізіліп отырған «Өмірдің тәлімгері – ұстаз» байқауымызды тамашалауға қош келіпсіздер!
- Сіздерді ең алдымен бүгінгі іс – шараның мақсатымен таныстыра кетейін
Педагогтің осы заманғы адам дамуының жалпы үрдістерін жақсы түсінетін адам тұрғысындағы кәсіптік ұстанымын қалыптастыру; Мектеп педагогикасының теориясы мен тәжірибесі мәселелері бойынша кәсіптік біліктілікті дамыту.
Сөзімді жас ұстаздың «өмірге келген адам өмірдің қызығына, рақатына таласады, бейнетінен қашады, бірақ қашқанның бәрі бейнеттен құтыла бермейді, қауанғанның бәрі рақатқа жете бермейді» деген ұлағатты сөзі бар. Рақатқа тек ақыл – оймен, ерінбеген еңбек арқылы таласқандар жетеді деп ортаға құрметті де аяулы, білімді ұстаздарымызды шақырайық.
----------------------------
Келесі ән шашуымыз өздеріңізге арналады.
Музыкалық нөмір 1
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, көрермендер! Қатысушылар өнерін тамашалап, бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы -
1. Мектеп директоры -----------------------------
Алқа мүшелері:
2. --------------
3. ----------------
4. ------------------
Қазылар алқасы әр бөлім бойынша тыңдаушылардың өнерін 5 - тік ұпаймен бағалап отырады.

Жүргізуші: Аталған байқауымыз 4 бөлімнен тұрады. Атап айтсақ 1.«Танысу»,
2.« Шағын – орта жайлы жарнамалық ролик» жобасын қорғау,
3.«Сөз – жібек жіп, ой - кесте» жағдаят, 4.«Жүзден жүйрік озады», - деп аталады.
Аталмыш сайысқа қойылатын талаптар мен міндеттер ойын барысында таныстырылып отырылады.
Жүргізуші: Ендеше байқауымызды бастайық. І бөлім. «Танысу» - деп аталады. Бұл бөлімде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, айтайын деген ойын түрлі әдіс – тәсілдер арқылы жеткізу шеберлігі мен тапқырлығы қаралады. (Яғни, өзін таныстырып шығу үшін - 2 - 3 мин, уақыт беріледі Сонымен бірінші «Танысу» бөліміне 1 - нөмірлі Шона Жанарға беріледі. ( Үй тапсырмасы) қарсы алыңыздар. Музыка ойнайды
Бишілер тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Құрметті Қазылар алқасы! «Танысу» бөлімі бойынша бағаларыңызды сұраймыз.

Оқытушы: Бәрекелді, тамаша дегіміз келеді. Келесі екінші бөлім яғни
Тамаша педагог Ушинскийдің «егер педагогика адамды жан – жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан – жақты білуі керек» деген терең мағыналы сөзін жадымызда сақтай отырып білімімізді тереңдетіп іздену мақсатында
2.« №16 мектеп жайлы жарнамалық ролик» жобасын қорғау бөлімінде ( әр ұстазға 4 - 5 мин уақыт беріледі)
Ал енді екінші бөлімімізді бастайық.
Музыкалық нөмір. 3
Жүргізуші: Құрметті Қазылар алқасы! «№16 мектеп жайлы жарнамалық ролик» жобасын қорғау бөлімі бойынша бағаларыңызды сұраймыз.

3.«Сөз – жібек жіп, ой кесте» жағдаят
( 4 шар үрлеп жағдаяттарды шарларға жапсырып, тәрбиешілердің ортасына ұшырып жіберу кім қай шарды ұстап алады сол шардағы жағдаятқа жауап береді.)
(Бұл бөлімде ұстаздарға бір бума жіп беріледі ( клубок), ұстаз саусағына жіпті орап отырып өз жағдаятына жауап берген соң, жіпті келесі тәрбиешіге береді, осылай бір – біріне беріп болғаннан соң, соңғы ойыншы қалған жіп бумасын 1 - ші бастаған ұстазға береді. Бәрі бірігіп қолдарын биікке көтереді сонда өрмекшінің торы сияқты көрініс шығу қажет ) мұндағы мақсат бірлік пен ынтымақтастықты білдіреді.
Өмір деген өзіңе сену екен,
Барлығында жасымай жеңу екен.
Қиындыққа қасқайып қарсы тұрып,
Ащысы мен тұщысын көру екен –
дегендей мектепке ата – ана жұмыс пен үй, тірлік пен қамқорлық әлемінен келеді, оның көңілі әрқашан шаттық та бола бермейді. Оны ұстаздың қалай қарсы алуының өзі бұдан әрі диалогы дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді. Көптеген ұстаздардың үндемей келіп немесе немқұрайлы сәлем беріп қабағы түнерген атан – аналарды қарсы алуы ықтимал.
Ата – аналардың осындай мінез – құлық стереотипін өзгертуге көмек көрсету аса маңызды. Осыған орай жағдаяттар алынып отыр.
1 – жағдаят:
Егер баланың анасы оның баласын сыныптағы бір баланың ұрғандығы жайында тағы да шағым жасағандығы туралы ашуланып айта бастаса, онда өзіңнің жауабыңды қандай сөздермен бастар едің?
2 – жағдаят.
Сынып сағатынан кейін ата – ана өз қызының неліктен ханшайым емес, басқа рольді ойнағандығын сұраса, ұстаз...
3 - жағдаят.
Ата – ана баланың серуенге неге қызыл футболка кимегендігін, баланың бет – жүзі бояумен былғанғандығын, мейрамда оған өте қысқа өлең тигендігін сұрайды. Ата – ананың осындай ашулы әрекетіне қалай жауап берер едіңіз?
4 – жағдаят.
Бала төбелескен жағдайда одан қандай жағымды нәрсе көруге болады?

Жүргізуші: Құрметті Қазылар алқасы! « Сөз – жібек жіп, ой кесте» жағдаят бөлімі бойынша бағаларыңызды сұраймыз.
Жүргізуші: Рахмет! Келесі 4 бөлім «Жүзден жүйрік озады»? деп аталады. Бұл бөлімде ұстаздар өз өнерін көрсетеді.
Жүргізуші: Құрметті Қазылар алқасы! «Жүзден жүйрік озады»? бөлімі бойынша бағаларыңызды сұраймыз.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй»
өздеріңе арналған ән шашуды қабыл алыңыздар

Жүргізуші:
Осымен байқауымызды тамамдасақ
Тағы да өткізерміз аман болсақ!
Сөз береміз әділқазы алқасына
Әр педагогтың білімдерін сараласақ!

Жүргізуші: Өмірдің тәлімгері – ұстаз». Байқауы өз мәресіне жетті. Жеңістеріңіз құтты болсын. Келесі кездескенше, сау-сәлеметте болыңыздар!

Байқаудың соңында әр жас ұстазға әдемі безендірілген тоқтам беріледі

№ 16 орта педагогтарының тоқтамы
1. Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.
2. Тәрбиешілік еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
3. 40 жыл педагог болсаң да
45 минуттық сабағыңа дайын бол.
4. Әр баланың өмір тіршілігі - өзінше тағдыр.
Баланың тағдырына ойланып қара
Сабақта тиыш отырмаса себебіне үңіл,
Сабағыңа қызықпаса себебіне үңіл.
Себебін өзіңнен ізде тәрбиеші
5. Баланың кемшілігін көргіш болсаң
Ықыласын өлтіресің
Жемісін ізде.
6. Баға құнды емес, бала құнды.
7. Сабақ дегеніміз – тәрбиеші мен баланың адамгершілік қарым – қатынасы.
8. Баланы таң қалдыруды ұмытпа.
«Даналыққа ұмтылу - таң қалудан басталады»
9. Өмір тәлімгері – ұстаз екенін есіңнен шығарма.

Бағалау парағы

Номинациялар:
1. «Зерделі ұстаз»
2. «Сөзге ұста – ойға шебер ұстаз»
3. «Өнерлі ұстаз»
4. «Көрермендер көзайымы
31 329
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Газ тұмылдырықты кию. Респираторды кию. Зақымдалған адамға газ тұмылдырықты кигізу. Дәкеден байлам әзірлеу және кию. Жалпы әскери қорғаныс толымын кию.
Газ тұмылдырықты кию. Респираторды кию. Зақымдалған адамға газ тұмылдырықты кигізу. Дәкеден байлам әзірлеу және кию. Жалпы әскери қорғаныс толымын кию.
Газ тұмылдырықты, респираторды, зақымдалған адамға газ тұмылдырықты кигізуді, дәкеден байлам әзірлеу және киюді, жалпы әскери қорғаныс толымын киюді үйрету
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×