Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі

21 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Тәрбие – тәртіптің құлы деп Бауыржан Момышұлы айтқандай
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар - ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім - тәрбиемен сусындату болып табылады.

Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай - ақ оқушының қоршаған ортасы, дос - жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Жалпы мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық, патриоттық, экологиялық, саяси бағыттарды ұстанамыз.

Оқушының бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшісінің рөлі зор. Бүгінгі күні сынып жетекшісі оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы, түрлі іс - шаралар барысында оқушылар арасында ынтымақтастық қарым - қатынасты қалыптастырушы, олардың жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, оқушының күнделікті өміріне кеңес берер көмекші, сыныпта қолайлы ахуал тудырушы, үйлестіруші.

Қазіргі кезде сынып жетекшісі болу ауыртпашылығы бар, жауапкершілігі мол, қиын да қызықты жұмыс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру, оқушының психикалық ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жете білу, балаға сенім білдіру және оның көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз - тәрбиеші бола білу сынып жетекшісінің міндеті. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі сыныпта психологиялық - педагогикалық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуі қажет. Ол психологтың көмегімен мониторинг, сауалнама, диагностика, тест түрінде оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық құзырлылығын, белсенділік деңгейін анықтайды.

Сынып жетекшісі ата - анамен тығыз байланыста болуы керек. Оларды мектепте, сыныпта өткізілетін түрлі іс - шараларға шақырып, жан - жақты әсер етуіміз керек. Жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы бала мен ата - ана арасындағы шынай қасиетті қалыптастыруға болады.
Оқушы - қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін қалыптастыру арқылы біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауына отбасы және мектептегі тәрбиенің маңызы ерекше.

Осы қасиеттерді негізге ала отырып ата - аналар, мектеп, ұстаз бірігіп жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой - өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының кепілі болмақ.

Қазіргі таңда әрбір баланы ең алдымен, өз ұлтына, мемлекетіне, тіліне деген құрметінің өзі де тәрбиеден басталады. Тәрбие болмаса адам өз келешегіне балта шапқандай. Себебі, сол тәрбие арқылы үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсете білу, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата аламыз. Тәрбие бірінші отбасынан басталады.

Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер – деп бекер айтылмаса керек.
Осы әке мен шешенің және ұстаздың берген тәрбиесін ой - санасына бағындырған, сол сөздерден нәтиже шығарған бала ерекше болып саналады.
Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз деп Макаренко айтқандай екі жақтан жақсы тәрбие алса тәртіп болады деп ойлаймын.
16 237
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік – рухани құндылықтардың жаңаруы
Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселелері назар аударуды қажет
Менің ұстаздық ұстаным
Менің ұстаздық ұстаным
Жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру, ұлттың тілін, мәдениетін, өнерін, тарихын, әдет - ғұрпын,
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Балаларды ізеттілік дағдыларымен қарапайым мәдени ережелерді үйрету арқылы адамгершілікке тәрбелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп Есназарова Жанат
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні.
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні.
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде рухани дүниесі бай, жан - жақты жетілген азамат болып өсуіне тәрбиенің қосар үлесі мол. Халық келер ұрпағын тәрбиелеуде өзіне дейінгі жақсы дәстүр атаулыны жинап пайдаланғанын ескерер болсақ,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×