Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп тәжірибесіне өзгеріс қажеттілігін негіздеу үшін шетелдің озық әдістері

05 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мектеп тәжірибесіне өзгеріс қажеттілігін негіздеу үшін шетелдің озық әдістері

ХХІ ғасыр әлемдегі түрлі өзгерістерге негізделген. Білім мен ғылымның дәуірлеу кезеңі белең алып тұрған заманда, білім саласына өзгеріс енгізу ойы ұшқары үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалімнің ғана қолынан келеді. Ол үшін мұғалімге толыққанды жағдай жасалуы керек. Қазіргі кезеңде әлемде болып жатқан түрлі өзгерістер барлығымызды бір жағынан алаңдатып бір жағынан қызықтырып отыр. Біз оны қабылдай отырып, орындауға міндеттіміз деп ойлаймын.

Білім мен тәрбие жұмысын дамытуда қанша қиындық болғанына қарамастан әлем елдері білім беру жүйесінде түрлі реформалар жүргізіп жатыр. Біз сол реформаларды орындау мақсатында осы оқытудағы Кембридж тәсілін меңгеріп, жаңалықтарды қолдап отыруымыз керек. Сонда ғана біздің жұмысымызда оң өзгерістер серпін алады. Жалпы қоғам дамуында білім беру саласындағы тың жаңалықтар әртүрлі мақсаттарды көздеп, әртүрлі тәсілдермен енгізілуде. Әр елдің реформалары біздің білім беру жүйемізге де тың серпін беруде. Барлық дамыған елдердің сапалы, бірегей білім беру жүйесі мен білім беру деңгейі бар.

Ал білім беру деңгейі дегеніміз экономикалық және ғылыми - техникалық прогрестің көзі, мемлекет пен қоғам дамуының кепілі. Білім беру саласында кенжелеп қалу еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлтымыздың болашағына кері әсер етері хақ. Сол үшін не істеуіміз керек? Әрине, білім беру сапасын арттыруымыз қажет. Қай зерттеулерге қарасақ та, еліміздің оқушылары дүниежүзілік TIMSS - 2007, PIZA - 2009, 2012 сараптамаларында ең төменгі нәтижені көрсеткен. Ал ҰБТ қорытындысына келсек, түлектердің 52 пайызының білімі қанағаттанарлықсыз деңгейде. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие мен мықты білім беру керек. Осы жолда озық тәжірибелер мен оқытудың жаңа тәсілдерін енгізудің маңызы зор. Оқытудағы жаңалықтар мен өзгерістерге мән беріп, білім беру реформалары нәтижелі болу үшін эксперимент қажет. Дамыған елдердің барлығында реформа тек эксперимент арқылы жүзеге асады.

Оқушылары тұрақты түрде ең жоғары нәтиже көрсетіп отырған Финляндия, Қытай, Жапония, Германия, Сингапур секілді тағы басқа елдерде білім ең бастысы сапасы жағынан барынша дамыған. Мысалы Жапон елінің білім беру жүйесі әлемде алғашқылардың қатарында. «Себебі неде?» деген сұраққа жауап іздеп көрсек, Күншығыс елі 12 - жылдық орта білім беру жүйесіне жарты ғасыр бұрын көшкен. Мектепте оқу аптасы бес күн. Оқушылардың мектепте өзін жақсы сезінуіне толық жағдай жасалған, балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, білім жүйесін ақпараттандыру, жоғары біліммен қамту секілді шешуші мәселелер бойынша алдыңғы қатарда. Бүгінгі жапон мектебі әр балаға ең алдымен елдің ұлттық рухын дәріптейді, екіншіден, адамгершіліктің тиісті нормаларын қалыптастырады, үшіншіден, ұлттық мінез - құлық белгілерін сіңіреді. Міне үш мақсатты іске асыру үшін жапон мектептерінің оқу жоспарында әртүрлі гуманитарлық пәндерді оқытуға көбірек көңіл бөлінеді. Нәтижесінде, оқушының еркін сөйлеу, шапшаң ойлау, шығармашылық білім, білік, дағдылары дамиды.

Тарқатып айтар болсам, оқушының өзіндік пікірі қалыптасып, өзін қоғамның айналасында болып жатқан оқиғаларға деген өзіндік көзқарасы мен жүйелі ойлау қабілеті дамиды. Жапондықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі ұстанымдарын танып - білген соң, бұлардың біздің жұмысымызға да жат еместігін түсіндім. «Таң шапағы» елінде білім саласын қаржыландыру бізге қарағанда 20 есе артық. Онда 9 жылдық білім беру ақысыз жүзеге асырылады. Ал қалған 3 жылда кәсіпке бейімделеді. Бастауыш мектеп 6 жыл, қалған 3 жылда негізгі мектептің білімі беріледі.

12 жылдықты бітірген оқушы белгілі бір кәсіп иесі атанады. Бір қалашықта тұрса да қатар балалардың бір мектепке баруы сирек кездеседі. Өйткені әркім өз бейіміне қарай әртүрлі мектепте оқиды. Мұның тиімділігі оқушы өз мүмкіндігін дамыта отырып, белгілі бір кәсіпті жете меңгеру арқылы жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Олар баланы «терең ойлан, өздігіңнен шешім қабылда, қиындық тудыратын нәрселердің оңай жолын тап, әдемілікті түсін, түр сипатыңнан гөрі жаның сұлу болсын, деннің саулығы болсын, өте төзімді, шыдамды, күшті бол» деп, қарапайым ұстанымдар арқылы тәрбиелейді. Жапондықтар осы ұстанымдарды оқу үрдісінде тұрақты пайдаланып, жүзеге асырады. Бұл әлемдік нанотехнологияның ең үздік үлгілерін жасап шығарып жатқан жапондықтардың білім деңгейінен анық аңғарылады. Қазіргі таңда біздің елімізде де ұлттық тәрбиенің ұлағатын шәкірттер бойына сіңіруді, халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйретуді оқу бағдарламаларына енгізуге мән берілуде.

Мұның дәлелі «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асып, этнопедагогика мәселелеріне оң көзқарас қалыптасып келеді. Жапон білім беру жүйесінің тағы бір ерекшелігі оқушыларды өз біліміне сенуге, өз қиыншылықтарын өз күштерімен жеңуге баулиды. Өз білімімен жоғары оқу орнына түсіп, кейін қызметте де жоғарылай алады. Ал білім алуға ден қоймаған оқушылар ақылы университеттерге түскенімен, қызметте өсуіне кепілдік жоқ. Біздің елде оқушылар көбіне өз қалаған мамандықтарына түсе алмайды. Бұған әсер ететін факторларды талдап көрсетудің қажеті шамалы. Осындай жүрек қалауынан тыс мамандық иесі болған маман ертеңгі күні өнімді еңбек етпейтіні тағы бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 764
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін - өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Көпмүше. Көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі
Кіріспе Жалпы білім саласында болып жатқан өзгерістер мен қабылданып жатқан заңдар, оқыту мен оқуға өзгеріс енгізілуі жайында біршама хабарым бар еді.
Қосымша білім беру қызметіндегі педагог пен оқушы арасындағы  бірлесіп әрекеттесу жобасы
Қосымша білім беру қызметіндегі педагог пен оқушы арасындағы бірлесіп әрекеттесу жобасы
Тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Оның бірі атап айтқанда қосымша білім беруге
Жаңа білімге заманауи көзқарас
Жаңа білімге заманауи көзқарас
Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс - тәсілдерге көзқарастарын көру. Деңгейлік курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер - кластар жүргізу.
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×