Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі
І. Кіріспе
Сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілінің ерекшелігі

ІІ. Негізгі бөлім
а) Бастауыш сынып оқушыларының ізденісін дамыту
ә) Іс-тәжірибемнен (оқушылардың шығармашылық жұмыстары)
б) Мұғалімнің ой-толғанысы
ІІІ. Қорытынды

Бүгінгі білім беру саласының басым бағыты – білім сапасын арттыру. Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез-келген мазмұнын сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Оқу үрдісін даралауда оқушы жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделу қажет. Осыған орай оқушыға берілетін жекелей тапсырмалар беріп, шығармашылық деңгеймен жұмыс жасауды жөн көрдім. Бұл шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен бара-бар. Негізгі мақсат – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.

Осындай мақсатты жүзеге асыруға «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» курсына қатысып, одан үйренген әдіс-тәсілдердің септігі тиді ме деп ойлаймын. Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуды, тез арада дұрыс шешімдер табуға ат салысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, бірін-бірін толықтырған ойлау десек қателеспейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» дегеніміз – мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу дегенді білдіреді. Сонда оқушылар сабақта сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетінше оқу дағдысын дамытуға арналған өзара байланысты нақты стратегияларды қолдану. Бұл жоба мұғалімдері ашық талқылаулар мен сын тұрғысынан ойлауды талап етеді.
RWST жобасы қызметіне байланысты 3 фазадан тұрады.

1-фаза-Қызығушылықты ояту:
«Миды ояту» - әдісінде оқушының білімдері мен сезімдеріне немесе жаңа білімге мазмұн қалап, өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын, жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруды іштей немесе сырттай болатын-болайтындықтарын шешу іске асады.

2-фаза-Мағынаны тану
«Түртіп алу» әдісі – INSERT әдісінде оқушылардың негізгі міндеті – мазмұнымен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу, жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттық жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісіздіктен белгіліге қарай жүретін ақпаратпен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет.

3-фаза-«Ой толғаныс»
«Қорытындылау әдісі» - үйрену процесінің соңғы процесі болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Осы RWST жобасының қызметін мына суреттен көруге болады.
RWST жобасының модулі
Осы кезеңдерде «Жұпта талқылау», «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау» т. б әдістер оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттырады.
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:

1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Бір-бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
6. Өз пікірін ашық жеткізуге үйрету.
7. Сын тұрғысына ойлауды бағалау.

Сын тұрғысына ойлау өзалдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айту, ойын жеткізу, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдау, сол пікірді салыстыру. Басқалармен жұмыс істеу сәтінде (топтастыруда) бірлесіп жұмыс істеу, қасындағы досына көмекпен қарау, зер салып тыңдау, мәдениетті, батыл сөйлеуге, топпен ортақ тұжырымға келуге мүмкіндік алу. Бұл яғни оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге жетелейді және қызығушылығын оятады.
Менің «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен жұмыс жасағаныма бірнеше жыл болды. СТО бағдарламасының әдіс-тәсілдерімен түрлендіре отырып жұмысыма енгіздім. Мысалы:

1. Сурет беру арқылы ретін тауып әңгіме құру.
2. Тірек сөзбен жұмыс.
3. Әңгімені өз ойымен салыстыру.
4. авторға хат (жағымды, жағымсыз кейіпкерлердің орнына өздеріне қою).
5. Әңгімені оқи отырып (Автор осы әңгімені жазу себебі неде деп ойлайсың? Қай жылдары жазылған деп ойлайсың? т. б).
6. Өлең шығару.
7. «Кубизм» әдісі бойынша мәтінді тереңірек талдау.
8. Оқыған мәтіндегі қызықтырған, толғандырған жерлерін жазу (деректер жинау)
9. Мәтінге байланысты мақал-мәтел айту, оны талдау.
10. Мәтінді жан-жақты талдау, мазмұнына терең ұғыну сияқты жұмыс түрлерін жүргіздім.

Ана тілі сабағында «Жақсылардың жақсысы» ертегісін өткен кездегі оқушылардың орындаған жұмыстары:
«Болжау» кестесі
Сіз шын мәнінде не болды деп ойлайсыз? Оған қандай дәлелің бар? Не болды?
Жабақ бөлмеде сынып қалатын нәрсе бар. Әкесі: ойнап жүріп сындырып қоймасын- деді. Өйткені әкесі ылғи да есікті жауып ашпай қояды. Әкесі кітап, ұршық, өрмек тығып қойды. Қызы өскенде бірақ түсінетін болғасын есікті ашпады.

Қайнекей Жармағамбетов «Ормандағы оқиға» мәтінін өткенде «ББҮ» стратегиясы, «Семантикалық карта» арқылы және үйге «Авторға хат» «РАФТ» әдісі арқылы оқушылардың жұмысы:

«ББҮ» стратегиясы
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Орманда ағаштар көп. Өсімдіктер, жануарлар тіршілік етеді. Орманды жерлердің қазіргі жағдайы. Орман-ағаш халық байлығы, тынығу орны, қорғаныш. Еліміздегі орманды алқаптар туралы білдім

«Семантикалық карта»
Ағаш аттары, орта жағдайы. Қайың Сексеуіл Қарағаш
Бұта және кішкене ағаш түріндегі өсімдіктің бір туысы. Діңдері қисық, жиі бұтақталған.
Жарықты жақсы көретін, тез өсетін, қабығы ақ түсті, көп жылдық өсімдік. +
Құрғақшылыққа төзімді, тамыры тереңге кететін, отынға пайдаланатын ағаш түрі. +

«РАФТ» әдісі
Р – оқушы
А – тобылғы
Ф – хат
Т – қызғаншақ тобылғы.
Саламатсыз ба, Тобылғы.
Сізге хат жолдап отырған оқушыңыз Гүлшат. Сізге мен қатты ренжідім. Неге мұндай әрекетке бардыңыз? Сіздің бойыңызда қызғаныш ой туды деп ойлаймын. Қызғаныш деген жаман әдет. Екінші рет осындай іске бармаңыз. Мен сізге сенемін.
Сәлеммен Гүлшат.
Р – оқушы
А – автор
Ф – хат
Т – Қайнекей ағаға хат
Сәлеметсіз бе, Қайнекей аға.
Мен сіздің «Ормандағы оқиға» атты әңгімеңізді оқыдым. Тілі жеңіл, әрі қызық екен. Бірақ мәтіннің ең аяқ жағы ұнамады. Сіз көңіліңізге алмаңыз. Мен сіздің орныңызды болсам былай айтар едім, ағаштарды жинап, Тобылғыны ортаға салып кемшілігін айтар едім. Ағаштар оның ісін кешірер еді деп ойлаймын. Жалғыз өзі өмір сүру қиын ғой.
Сәлеммен Таңшолпан.

«Текемет» Нәсіпбек Айтов.
Мені әжем қалай текемет қылды?
Мен әуелі жүн едім, әжем түтіп тазалады да, шидің үстіне салды. Сосын ыстық суды әкелді де үстіме құя бастады. Мен күйіп қалдым, бірақ білдірмедім. Қайтадан ыстық суды әкеліа тағы құйды. Мен одан сайын күйіп қалдым. Бір кезде көп адамдар мені баса бастады. Мен үндемей жылап жаттым. Сосын жан-жағымнан тартқылап, одан сабағанда өлген шығармын дедім. Сәлден соң ағаштың басына жайғанда, бәрін ұмытып, менің қуанышымда шек болмады. Міне, мен осылай әдемі текемет болып шыға келдім.

Рзағали Назым.
«Мен қалай құмырсқа болдым?»
(Ертегі)
Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен. Ол еріншек, жалқау болады. Күндердің күнінде кемпір мен шал қартаяды. Олар баласына ренжіп: - Қараша анау кіп-кішкентай құмырсқаны жаз бойы бір тынбай еңбек етеді, - дейді.
Бұл сөзге түсінбеген бала: - Кішкентай құмырсқаның қолынан не келеді дейсің? – деп ойлайды.
Бір кенеттен бала құмырсқаға айналып кетіпті. Ол еңбеккер құмырсқа болады. Еңбекпен тапқан бір түйір дәнін арқалап келе жатып, сайға түсіп кетеді. Сайдан шыға алмай көп қиналады. Бір кезде оянып кетеді. Сонда ол түсі екеніне қуанып кетіп: - Ей, еңбекқор құмырсқа болғанша, еңбекқор адам болайын, - дейді.
Байдуллаева Фариза.

Монолог
Мен арамын, арамын,
Бал жинауға жарадым.
Арасынан гүлдердің
Бал бар ма деп қарадым.
Айжан
Өтірік өлең
Бара жатып жұмысқа,
Шағып алды құмырсқа.
Құмырсқаны қуам деп,
Кешігіп қалдым жұмысқа.
Гүлшат

Ай, ай Марат-ай
Салақтығын ұят-ай.
Ұмытпайды тамақты,
Ұмытады-ау сабақты-ай.
Сәуле

Мұғалімнің ой-толғанысы:
Сабақта оқушыларымның өз бетінше ойлануларына көбірек көңіл бөлдім. Олардың роль таңдап, сезімге бой алдырулары және соны өз сөздерімен жеткізуі жақсы нәтиже берді. Оқушыларымның танымдық белсенділіктері артты, білім сапалары көтерілді. Бес жолды өлең, Венн диаграммасы т. б стратегиялары ойларын жинақтауға, салыстырулар жасауға зор ықпал ететіндігін оқушыларымның берген жауаптарынан байқадым. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бір-бірін тыңдай білуге, құрметтеуге үйренді.

Қорыта айтқанда, ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясын сын тұрғысынан ойлау екендігіне көзім жетті. Өйткені, белгілі бір тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыларды да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады.
Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы.
Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан СТО бағдарламасы қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын.
30 731
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Оқушылардың қызмет нәтижесін бағалау
Оқушылардың қызмет нәтижесін бағалау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра Молыбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×