Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері

13 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Бастауыш сынып мұғалімі Карижанова Раушан

Баяндама. Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Кәзір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.

Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп жатыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Сондықтан Құрметті жас маман иелері сіздердің де осы сара жолмен жүріп, жас ұрпақты оқытып тәрбиелеуде талмай іздену мен шығармашылық еңбекті серік етулеріңіз сынға алынбақ.

1 - слайд
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс – әрекеті, тәсілі.
Технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай мұғалім мақсатына жетпейді.

2 - слайд:
Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың кәзіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:
 Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
 Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
 Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
 Талантты және дарынды балаларды оқыту.
 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.
 Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Деңгейлік курстың негізгі бағдарламасы - заманауи әдіс - тәсілдерді негіздейді. мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымды дәлелдейді.

2 - слайд:
Сабақта топтық жұмыстың тиімділігі
Бірлескен оқу - өзара іс әрекет жасау, бірлескен жұмыс - соңғы нәтижеге жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы.
Бірлескен оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.

Ұжымдық оқудың негізгі сипаттамалары:
Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейінгі меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс.
*Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
*Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
*Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.
* Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

3, 4 - слайд: «Жаңа технология – білім сапасының негізі» (таныстырылым)

Қорыта айтатын болсақ, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін - өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті жас маман иелері!
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.
Назарларыңызға рахмет!
19 506
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері
Жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс - тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Қарқаралы қаласы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Екібастұз қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. М. Мусабекова
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×