Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері

24 қаңтар 2016, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқытушы: Таңқыбаева Б. Р.

Тобы: С - 14 - 9
Пәннің аты: Сорап және ауа үрлеу станциялары
Сабақтың тақырыбы: Ортадан тепкіш сораптардың жұмыс жасау принциптері

ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
- студенттің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;
- алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;
- алған білімін іске асыруға баулу;
- студенттерді іске өздері баға беруге, талдауға үйрету;
- білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу.
Дамытушылық мақсаты:
- құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципін ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;
- оқу қабілетін дамыту (оқуға, жазуға, есептеуге, сызуға, конспект жасауға үйрету, сабаққа дайындалуда жинақтылықты, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру);
- ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
- еңбекке тәрбиелеу;
- білімге құштарлыққа тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың типі: Дәстүрлі
ІV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
V. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, баяндау, конспектілеу.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейне көріністер, карточкалар, сызбалар.

VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3мин.)
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Журналға белгі соғу
Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру(32мин.)
3. Жаңа сабақ жоспары(35 мин.)
Қалақты сорғы – динамикалық сорғыға жатады, ол олардың жұмыс дөңгелек қалақтарымен ағатын сұйық ортадағы әсерінен пайда болған қозғалтқыштағы энергияны береді. Қалақты сорғылар бірнеше түрге бөлінеді: ортадан тепкіш, осьтік және диогональді.
Ортадан тепкіш сорғылар
Бұл сорғыларда сұйықтық жұмыс дөңгелектеріне енгенде осьтік бағытта, содан кейін дөңгелектің өзінде радиалды, ары қарай дөңгелектің центірінен переферияға бағытталады Жұмыс дөңгелегі тұрақты жиілікпен айналғанда сұйықтық дөңгелек каналдарымен үздіксіз қозғалады. Дөңгелектің қалақшалары ағып жатқан сұйықтыққа қозғалыс энергиясын, қысымды және қажетті жылдамдықты хабарлап отырады. Дөңгелектен шыққан сұйықтықтықтың жылдамдығы трубоөткізгіштерде төмендейді, сол арқылы ол дөңгелеек арқылы жасалған қысымды күшейтеді. Жұмыс дөңгелегі, шойыннан, болаттан және қоладан құйылған екі дисктен тұрады: біреуі – білікке кіргізілетін тығын, ал екіншісі кең сақина формасындағы втулка. Дисктер арасында қалақшалар орналасқан, олар дөңгелек каналдарын құрайды және екі дискті біреу етіп жалғап тұрады. Дөңгелектің орта бөлігіне кіріс трубоөткізгіштер еніп тұрады (кішкене ауа саңылауымен), оған сорғыш труба жалғанады.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
3 948
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой - өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, сол заттың қадір - қасиетін білуге, күнделікті өмірде қолдана
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Логарифмдік теңдеулерге есептер шығару
Логарифмнің негізгі қасиеттерін толық меңгерту, логарифмдік теңдеулерді шеше білуге үйрету.
Логарифмдері бар өрнектерді түрлендіру
Логарифмдері бар өрнектерді түрлендіру
Логарифмнің ұғымы мен логарифмдердің қасиеттерін есептерді шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосының математика пәні мұғалімі: Жұмағазиева Ақбөбек Закарияевна
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Вирустердің түрлері
Вирустердің түрлері
Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ колледжінің оқытушысы Ахметова Асель
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×