Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих пәнін оқытуда - түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

07 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
"№1 жалпы орта білім беретін мектеп"
мемлекеттік мекемесі тарих пәні мұғалімі:
Досетова Анаргуль Адхамовна

Тарих пәнін оқытуда - түрлі тапсырмалар қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

«Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс - әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек». (К. Ушинский)

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Дамыта оқыту - мұғалімнің басты міндеті
2. 2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды

І. Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой - пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де саналы, тәрбиелі азаматтарды қалыптастыру білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы білім беру үрдісі қай қоғамда, қай мезгілде болмасын бірінші кезектегі міндет екені белгілі.
Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский «оқымай, тоқымай, білікті, өнерпаз, шешен, ақын болған адамдар жоқ» деген. Олай болса, баланың дұрыс білім алуы ең алдымен, ұстазға байланысты. Әрбір мұғалім өз ісіне жетік, теориялық білімімен жақсы қаруланған болса ғана балаларға жақсы өнеге, терең білім бере алады. Бұл әрине, мұғалімнің қолайлы әдісті таңдай білуіне байланысты. А. Байтұрсынов «әдіс - ерекшеліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» - деген.
Үстіміздегі ғасыр - жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден - бір мақсат - оқушылардың алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасы Н. Ә. Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсетті. Әрбір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпараттық - коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануға міндетті.

ІІ. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, сондай - ақ, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет - ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану оқушы белсенділігін арттыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді.
Осы технологиялардың ішінде өз іс - тәжірибеме енгізіп, қолданып жүрген саралап деңгейлеп оқыту, тесттік технология, сатылай кешенді талдау, сын тұрғысынан ойлау технологияларына ерекше тоқталамын.
Әр сыныптың білім деңгейі бір – біріне ұқсамағандықтан, бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді. Әр мұғалім негізгі әдіс – тәсілдерді, өз пәнін жетік білуі қажет.
К. Ушинский сөзімен айтар болсам, «Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс - әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек».
Әр сабақты балалар үшін қызықты, танымды етіп өткізу - менің басты мақсатым.
5 - сыныпта өткен §14. Қазақ - жоңғар соғысы. Қазақстанның Ресейге бодан болуы тақырыбын оқушыларға түсіндіруде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын негізге алдым. Тарихты бірінші оқу жылы оқып отырған оқушыларға тақырыпты бұл әдіспен оқытудың тиімділігі зор. Және де жаңа тақырып бойынша жылдар мен атауларға анықтама беруді тапсырдым.
Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгеру жеңіл әрі қызықты болуы үшін термин сөздер мен хронологиялық жылдарды анықтау тапсырмаларын ретімен тақтаға жаздым.
ХVІІ ғасырдың 30 - жылдары -
чорос, дүрбет, хошоуыт, торғауыт -
ойрат -
қалмақ -
қонтайшы -
1723 жыл -
"Ақтабан шұбырынды" -
"Елім - ай" -
1726 жылы -
қазақ батырлары -
Әбілқайыр хан -
1728 жылы -
1730 жылы -
1731 жылы -
Анна Иоанновна -
Тевкелев -

Бұл сабақтағы менің қол жеткізген нәтижем:
Оқуға ынтасы төмен, орташа сауатты оқушының өзі бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады.
Келесі сабақта оқушылар үй тапсырмасын осы әдіс арқылы жарыса айтты.
12 оқушы бағаланып, 4 оқушы - "5", 6 оқушы - "4", 2 оқушы - "3" деген бағамен бағаланды.

Бұндай тапсырмалардың оқушылардың жаңа білімді игеруіне тигізер септігі зор.
Оқушылардың аталған тақырып бойынша танымы артты.
Әртүрлі жағдаяттарда шешім таба білді.
Ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтау және оларды қолдана алуға бейімделді.
6 - сыныпта өтілген "Тас дәуірі" деген тақырыпты сұрауда оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратылып, топтық жұмыс жасалынды. Бұндай карточкалар арқылы әр оқушыға деңгейіне қарай тапсырмалар берілді. Соның ішінде кесте толтыру, сәйкестендіру, ширату сұрақтары, дискуссиялық өрнек, тарихи диктант, тарихи шатасу, семантикалық карта, "жылдар сөйлейді" т. б. тапсырмалар берілді.

Толық нұсқасын жүктеу
3 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Ақпараттану дәуірінде ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны жедел даму үстінде. Осыған байланысты елімізде білім алудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан да әрбір тұлға енгізілген жаңа технологияның
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Тарих пәнінен ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолдары мен тәсілдері
Тарих пәнінен ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолдары мен тәсілдері
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×