Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылыми - практикалық конференция тақырыбы: «Абай мұрасы - ұрпаққа ұлағат»

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы,
Қ. Билялов атындағы гимназия КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шенгельбаева Гульнур Амангельдиновна

Ғылыми - практикалық конференция тақырыбы: «Абай мұрасы - ұрпаққа ұлағат»

Баяндама тақырыбы: Мектепте Абай шығармашылығын оқытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы

Егеменді ел мүддесі тұрғысына сай жаңа адамды қалыптастыруға жалпы бастау болар тәрбиенің көзі Абайдан табылады. Абай мұрасын оқытуда өркениетке бет бұрған қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары осы заман талабымен жаңаша пайымдап, қайта ой сарасынан өткізуді талап етеді. Абайдың адам тұлғасын қалыптастыруға негіз боларлық ғибрат сөздері ұрпақ тәрбиесіне ат салысам дегендердің тілегімен тікелей қабысып жатыр.
Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жауаптылардың көпіртіп айтар уағыздан арылған тұста олқылықтың орнын толтырар асыл сөз бен ақыл сөз де Абайда екені анық. Абайдың тұлға қалыптастыруға қатысты айтқан сөздері – бүгінгіге де, болашаққа да бағдарлама. Олай болса, Абай ғибратын ұрпақ бойына сіңіру, оның шығармаларындағы мазмұнды оқушы өміріне азық етерлік деңгейге көтеру – өзекті мәселе.
Адамның әлеуметтік белсенділігі, оның қоғамдық қатынасы күрделеніп, оның қоғамдағы әлеуметтік мәні де өзгеруде. Мұның бәрі ұрпақ тәрбиесінің мазмұны және әдісі жағынан да өзгеруін қалайды.
Абай шығармаларын орта буын оқушыларына оқыту арқылы жаңа қоғамның жаңа адамына керекті қасиет қалыптастыру жолын, оны мектептегі сабақ жүйесінде іске асыру әдістемесі көрсетеді.
Ал оқу - тәрбие процесінде Абай шығармаларын нәтижелі өтудің бір кепілі – мұғалімнің әдебиеттану, педагогика, психология ғылымдарын терең меңгеріп, әр сабақта ұтымды әдіс - тәсілдерді аталған негіздермен бірлікте қатар өре білуі. Сондықтан оқу құралында Абай шығармаларын орта буында оқытудың педагогикалық, психологиялық негіздері, тәрбиелік маңызы, тиімді әдіс - тәсілдері ұсынылып отыр. Оқушыларды Абай шығармаларына қызықтыру жолдарын іздеу, оларға керекті практикалық жұмыстар жүргізу, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, жүргізген оң нәтижелерді ұстаздар қауымына, сондай - ақ мұғалімдік мамандыққа даярланушы жастарға ұсыну уақыт күттірмейтін іс - шараның бірі болып есептеледі.

Абай шығармалары орта мектепте екі жүйеде оқып үйренілетінін айтпай кетуге болмайды. Ең алдымен əдебиеттік оқу сабақтарында яғни 5 - 8 сыныптардағы Абайдың әр алуан тақырыптардағы өлеңдері, ақын өмірінен берілетін мәлімет.

Екіншісі – жоғарғы кластардағы əдебиет тарихы курсы бойынша үйренілетін Абайдың шығармашылығын монографиялық түрде оқыту. Әдебиет сабақтарының бұл екі жүйесі өзара тығыз байланысты дей тұрсақ та, олардың оқытылуы мен мақсаты тұрғысынан елеулі айырмашылықтары бар. Сондықтан да, бұл екі жүйенің əдістемелік жағы екі басқа, яғни екеуі екі мақсатқа қаратылған.

Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту мектепте әдебиетті оқыту принциптерімен тығыз байланысты. Ол – әдебиеттің қоғамдық сана тудырған көркем өнердің бір саласы ретіндегі айырмашылығы. Әдебиет – адамтану, әлемтану ғылымы.

Абайдың жыл мезгіліне арналған өлеңдерінде жыл мезгілдеріне тән белгілерді суреттеп, табиғат көрінісін елестете отырып, әлеуметтік жағдайды көрсету, соны айқындау ниеті басым жатыр. Автордың қай сөзінің қатыңқы да, шытынап шығуы, қаһарлы қысқа, не суық күзге ызаланудан гөрі жыртық - тесік, кем - кетік, жұпыны өмірге, ондағы бейқамдыққа, қырсыздыққа ызалануы көбірек көрініп тұрады. Оған қоса ақынның ызалануында сол жыртық - тесік, жамау - жасқаумен жүргендер мен бүрсеңдеген балаларға жаны ашу, аяу белгісі де байқалады.

Күз туралы көңілсіздеу ой мен ақын суреттеуіндегі көрініс көз алдыңа екінші бір сиықсыз көріністі алып келеді. Ол – жыртық киім, жамау - жасқаумен жүрген ауыл әйелдері, бәрінің қабағы жабырқаңқы, бүрсеңдеген бала, от жақпаған, суықтан құты қашқан үй.
Бұл көрініс біріншіден, автордың оларға деген аянышы мен жан ашуын туғызып, екіншіден, одан туған көңіл - күйдің кейіске айналғаны байқалады. Берілген эмпатиялық әңгіме - сұхбат арқылы ақынның осы көңіл - күйін оқушыға сезіндіру мақсаты көзделуі керек.

Олай болса, орта буын сыныптарда Абай шығармаларын оқытуда басшылыққа алар бірден - бір тиімді әдіс - тәсіл сабақты эмпатиялық диалогқа негіздей құру.

Толық нұсқасын жүктеу
4 359
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Абай тағылымы тәрбие үрдісінде
Абай тағылымы тәрбие үрдісінде
Атырау қаласы, №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×