Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҰБТ - ке дайындауда ұстаздарға психологиялық көмек!

25 маусым 2016, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ҰБТ - ке дайындауда ұстаздарға психологиялық көмек!

ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.

Мұғалімге:
- Өз эмоцияңызға аса көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
- Оқушының білім алуына мектепте сіз толық жағдай жасаңыз.
- Ата-анамен үнемі байланыста болыңыз.
- Оқушыны үнемі бақылауда ұстағанша, оған сенім артыңыз.
- Дәрістің негізгі керектілерін және логикасы мен мағынасын түсініп алуына жағдай жасаңыз.
- Баланы орынсыз сынамаңыз.
- Өзге балалармен салыстырмаңыз.
- Қайта ол қандай болса, сол күйінде жақсы көретініңізді, сенетініңізді айтыңыз.

Ата - анаға кеңес:
- Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз.
- Бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.
- Баланың дұрыс тамақтануын және ұйқысының дұрыс болғанын, сабаққа дайындалатын орнының дұрыс болғанын қамтамасыз етіңіз.
- Тестен кейін ұстазымен қатемен жұмыс жасағаны туралы сұраңыз.
- Пән мұғалімімен және кл. жетекшімен әр тапсырған тест жайлы кеңесіп тұрыңыз.
- Тесттің нәтижесіне көңіл бөлмей, кеткен қатесіне көңіл бөліңіз.

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз. 3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауысыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз 9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімімен атаңыз

Мұғалімдерге психологиялық кеңестер:
1. Оқушыларға тест сұрақтарын көбірек дайындаңыз;
2. Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз;
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отырыңыз;
3. ҰБТ алдында оқушыларға қолдау көрсетіңіз, жақсы сөздер айтыңыз. Мысалы: «Сенің қолыңнан барлығы келеді»;
4. Оқушыларға тілектер айтыңыз. Мысалы: «ҰБТ - ны жақсы тапсыруларыңа тілектеспін. Мен сендерге сенемін!»;
5. Аутотренингті қолдануды үйреніңіз;
6. Оқушылардың үрейін азайту үшін терең тыныс алуды ұсыныңыз;
7. ҰБТ - ны жақсы тапсыру техникасымен таныстырыңыз. Мысалы: логикалық ойлануға әр сұрақ мағынасынан жауап табуға болады;
8. ҰБТ алдында ең алдымен өзіңіз сабыр сақтаңыз;
9. Байқау тестілерінің нәтижесі төмен болса, оқушыларға ұрыспаңыз. Сабырлылықпен түсіндіруге тырысыңыз;
10. Ал ҰБТ нәтижесі төмен болса, мұнда қандай қателік жібердім деп ойлаңыз;
ҮШ «Қ» ЗАҢЫ

Бірінші «Қ»: Жағдайды құрметтеңіз.
Оның барлық оң және теріс жақтарын қабылдаңыз.
ҰБТ бұл — біздің білім беру кеңістігіндегі жаңа шындық және бұл фактімен санаспау мүмкін емес.
Жағымсыз эмоциялардан аулақ болып, өздеріңіздің күш - жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен бағыттаңыз.
Екінші «Қ»: Жасөспірімді құрметтеңіз. Оның өз - өзіне деген бағасын арттырыңыз.
Оның өзінің күші мен қабілетіне
деген сенімін нығайтыңыз.
Асыра мақтаудан қорықпаңыз!
Асыра мінеп - сынаудан қауіптену керек!
Үшінші «Қ»: Қамқоршыл болуға тырысыңыз
Жасөспірімнің көңіл - күйінің және
мінез - құлқының барлық өзгешеліктерін
уақытылы аңғарыңыз.
Ағзасының физикалық және психологиялық ресурстарының шамадан тыс жүктемесінсіз, оған ауыртпалықтарды жеңе білуіне көмектесіңіз.
ҰБТ:
Ұ – ұжымдастық, ұқыптылық
Б – бірлік, бағалау, бақылау
Т – талант, талап, тәжірибе
Жаттығу: «Аутотренинг формуласы».

Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
«Менің оң қолым ауыр» - деп 5 - 6 рет ойша қайталаңыз.
Қайтадан «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.
Содан кейін «Менің сол қолым ауыр» - деп 5 - 6 рет ойша қайталаңыз.
Қайтадан «Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін!» формуласына ойша қайталаңыз.
Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықтарыңды түйіңдер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.
3 302
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және коллеждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз
Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
ҰБТ-ға дайындау жолдары
ҰБТ-ға дайындау жолдары
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
"ҰБТ-ға барар жол..." Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
"ҰБТ-ға барар жол..." Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Зурбаева Майя Битановна
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×