Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл

08 қараша 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас - қағым - ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата - бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат.
Кей кезде маған осыдан 25 жыл бұрын біздің қазақ елі қандай еді деген сұрақ ойыма орала береді? Әрине, бұдан 25 жыл бұрын алға қойған мақсатымыз даңғыл жол болды, яғни тәуелсіздік даңғылы. Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Елім ерлігін көрсетті, елдігін танытты. Қазақ халқы тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгенде өз алдына ел бола алатынына күмәндана қараған жандарда болған екен. Бірақ ар - намысты алға қойған Елбасымыз бен үкімет басында отырған елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Біз түрік ұрпағымыз, мекеніміз қасиетті - Түркістан. Осы өңірге ту тіккен біздің бақытымызды Нұрсұлтан атамыз баянды етіп келеді. Тәуелсіздік жолы тәуекелді ту етті. Сөйтіп тәуекел қайығына міндік, 25 жыл ішінде басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жолдан өттік.
Аллаға шүкіршілік, Елбасымыз осы 25 жыл бойы елін, халқын осы даңғыл жолмен әкеле жатыр. Алға басып дамуымызда айқын әрі анық. Еліміздің рухы күннен – күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік – Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады.
Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсіздігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барлығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтың 25 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.
Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан - жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін.
Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең - байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмыры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, бірліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ақмола облысы, Атбасар ауданы,
Сергеевка орта мектебі
Аға тәлімгері Бохан Силау
4 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Тәуелсіздік – халық мұраты
Тәуелсіздік – халық мұраты
Оқушылардың өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге баулу, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру.
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
Тәуелсіздік – таусылмас тарих
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы (шығарма)
Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы (шығарма)
Шығарма Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы. (Ж. Аймауытов)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×