Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану

11 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Екібастұз қаласы
№23«Балауса» мектепке дейінгі гимназия
Абдинова Үміт Даутовна

«Тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану»
«Бала ойынының қарапайымдылығы –алдамшы құбылыс бұны бәрі біледі, бірақ оны түсіне бермейді»
(П.Ф Каптерев.)

Ойын - мәдениет феномені. Ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады.

Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:
♦ сенсорлық тәрбиелік ойындар.
♦ сөздік ойындар.
♦ табиғатпен таныстыру ойындары.
♦ математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары.
♦ дидактикалық ойыншықтармен ойындар.
♦ үстел-үсті ойындары.
♦ сюжетті –рөлді ойындар.
♦ саяхат-ойындар.
♦ ойын-тапсырмалар.
♦ ойын –сөйлемдер.
♦ жұмбақ ойындар.
♦ диалог-ойындар.
♦ қимылды ойындар.т.б

Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принциптерін ескеру тиіс:
• Өтетін материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы, қызығушылығының арттыру.
• Ұжымдық, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
• Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу.
• Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
• Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
• Ойын ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
• Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-әрекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
• Ойын - ол диагностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды , жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.

Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан, уайымнан арылады.

Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым –қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Бала бақша» т.с.с болып ойналады. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл ойынның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.

Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті - рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы:

«Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда балалар дәрігер мен науқастың әрекеттеріне келтіреді.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір.

Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады.
Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қақпақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.

Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек» т.б.) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар. («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны»т.б) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.

Қимыл ойындарда балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т.б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді
ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез – құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.

«Ойын - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С.Пинжи айтқандай, ойын - ақпарат алмастыру құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.
19 371
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық ойындар топтамасы
Дидактикалық ойындар топтамасы
Дидактикалық ойындар топтамасы. Математика 1 сынып
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Сабақта қолданылатын ойын түрлері
Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1. Дидактикалық ойындар. 2. Қозғалыс ойындары. 3. Рөлдік ойындар. 4. Грамматикалық ойындар. 5. Фонетикалық ойындар. 6. Лексикалық ойындар. 7. Іскерлік ойындар. 8. Интеллектуалды ойындар. 9. Ұлттық ойындар.
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Математикаға арналған дидактикалық ойындар жинағы
Қимылды ойындар 1-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар 1-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар 1-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар
Қимылды ойындар
Қимылды ойындар жинағы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×