Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Штангалы насосты қондырғының жұмыс принципі мен құрылысы

25 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
МАСТЕР КЛАСС
Тақырыбы: «Штангалы насосты қондырғының жұмыс принципі мен құрылысы» НФТ - МШНУ - 010 - 5ЛР - 01
Мақсаты: Қазақстанның мұнай, газ саласындағы бәсекелестікке бейім, сапалы білімге ие мамандарды дайындау. Сапалы білім инновациялық даму негізі, жаңа технологияларды қолдана отырып, студенттердің оқу - өндірістік жұмыстарына деген қызығушылығын ояту.
Міндеті: Мұнай мен газды өндірудің техникасы мен технологиясын, скважиналарда жүргізілетін зерттеулердің түрлерін, жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау.
Жалпы мағлұмат
Стенд жасағы штангалы насосты қондырғы бұл зертханалық жұмыстарға, мына мамандыққа «Мұнай және газ өндіру операторы» және «Мұнай және газ скважиналарын пайдалануға» арналған.

Жалпы техникалық мәлімет
1. Бұл стенді скважинадан мұнайды штангалы насосты қондырғы арқылы жоғарға көтеруін оқытады.
2. Ақпаратты өлшеу қондырғысы ол сұйықтың напормен қозғалуын, қысымын, мөлшерін дәл көрсетеді:
Скважинадағы қысым датчик арқылы өлшенеді ДД1
Штангалы насостан шығу қысымы ДД2
Штангалы насостың қысымы ДД3

Техникалық мінездеме
1. Ұзындығы 1 метр 800
2. Ені 600 см
3. Құйылатын судың көлемі 30 литр
4. 220 вольт тоқпен жұмыс жасайды
5. Өнім жиілігі 50Гц
6. Өнімнің қуаттылығы 1, 3 квт

Құрамы
1. Куәлік
2. Ноутбук жалғанған, барлық жұмыс жоспарларымен
3. Стендінің жұмыс принципімен құрлысы

Қауіпсіздік ережелері
1. Стендіні пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік сақтау ережелерімен және өндірістік жабдықтың, мына ГОСТ 12. 2. 003 - 74міндетімен сәйкес келу керек
2. Осы стендпен тек толық меңгерген ғана шебер жұмысына кірісе алады.
3. Жұмыс жасап тұрған стендімен жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды
4. Жұмысты қосу кезінде өте сақ болуымыз қажет
5. Келеңсіз жағдайда жарақат тудыруы мүмкін

Құрлысы және жұмыс жасау принципі
1. Бак
2. Өлшем шыны
3. Балансир, балансир басы, приамида, арқанды алқа, салникті шток, кривошив, шатун, траверс
4. Штангалы насос: цилиндр, плунжер, сорушы клапан, шығарушы клапан
5. Қосымша насос
6. Электроқозғалтқыш
7. Тензодатчик
8. Задвижкалар
9. Компрессор 9. 1 редукционды клапан. 9. 2 редукционды клапан. 9. 3 манометр
10. № 10. 1 Электормагнитті задвижка
11. № 11. 1 қосымша насостың /5/ тіке задвижкасы. 11. 2 құйылу задвижкасы
12. КШ1 шаровой кран 12. 2 фильтр ДД, ДД2, ДД3 датчиктер
16. Секундомердің басқару кнопкасы
17. Автоматты басқару аппараты
18. Штангалы насосты стендінің рамасы
19. Жұмыс жоспары жасақталған ноутбуктен тұрады
20. Сұйықты құю мойындығы
21. Сақтандыру клапан
22. Автоматты қосқыш
23. Ресивер 10л
24. Ресивер 3л

Бұл стенді мұнайды скважинадан штангалы насосты қондырғы арқылы көтеруді оқытады, аппараттың мінездемелерін зерттеп, насостың приводына түскен күшті анықтайды. 1 суретте көрсетілгендей.
Жұмысты бастамас бұрын барлық басқармалардың ашық тұрмауын тексеріп аламыз. Бірінші стендіні жұмыс сұйықтығымен қамтамасыз етеміз. Құю мойындығы 20 ға 30.... 35 литрдей сұйық құяды, яғни суды. Су 2 және 3 күндік жұмыс операциясынан кейін түсі өзгеріп не болмаса жарамсыз болуларына байланысты суға қажетті антикоррозиялы қоспаны қосамыз даттанып лайланбауы үшін.
Сұйық штангалы насос арқылы қозғалып, резервуарға нығыздалады, Н - 1 насосымен, жалғанған құбырмен келіп Б - 1 бакке бағытталады. 17 - автоматты аппарат бұл осы қондырғының штангалы насостан шыққан сұйық шығынын және қысымдарын реттейді.
- Скважинадағы қысымды – датчиктер арқылы қараймыз өлшем бірлігі кПа;
- Штангада шыққан қысымды;
- Өнімнің қысымын;
- Айналым жиілігін;
- Насостан шыққан қысымды;
- Двигательдің айналым қозғалысын, айн/мин;
- Жұмыс камерасының қысымы;
Өлшем шыны 2 бұл сұйықтың шығынын және өлшемін көрсетеді. Сйымдылығы тұтынушы функциясын орындайды, сұйық шығынын өлшеу үшін, сондай – ақ функция пневмогидравликалық аккумуляторды пульспен поршенді штангалы насосқа беру үшін қажет. Электрлі магнитті задвижка 10. 1 көмегімен сұйық белгілі шкалаға жеткенде қысыммен сұйықты Б - 1 бакке автоматты түрде жібереді. Қолмен де жіберуге болады. Компрессор 9 бұл сығылған ауаны өлшем шыны 2 ге, яғни поршенді кері төменгі деңгейге қайтару үшін ол штангі мен поршеннің салмағына байланысты, кері қайтару ол 9. 2 КР2 редукционды клапанмен реттейді. Осындай операцияларды орындау мақсатында мұнай өндірудің тиімді жолдарын таңдаймыз. Өндірудің қыр сырларын меңгеріп қана қоймай құралдарға қызмет көрсету, ақауларды жою жолдарын меңгереміз. Компрессор қысылған ауаны /2/ емкостқа беру қажет поршеннен төменге ауаны жіберіп қайта жоғарыға қабылдау үшін.

Техникалық күтім
1. Күнде
2. Судың мөлшерімен оның құйылу жағдайын
3. Стендіні тексеріп олардың ақауларын қадағалау
4. Өлшем шыны ішіндегі сұйықтықтың лас қалдықтарын тазалау
5. Таза сумен қамтамасыз ету
6. Жұмыс жасау мерзімі және сақталуы
7. Алғашқы жөндеу уақыты 200 сағат аспауы тиіс, ал күрделі жөндеу 1000 сағат жұмыс жасау мерзімі 4 жыл.

Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі
Өндіріс оқыту шебері Далабаева Нургул Есенбекқызы
Толық нұсқасын жүктеу
2 379
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Отын түрлерін және электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
Скважина туралы түсінік
Скважина туралы түсінік
Студенттерге скважинаның мұнай өнеркәсібінде алатын рөлін түсіндіру. Скважинаның конструкциясымен таныстыру, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беру.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Мұнай, мұнайға серік газдар, құрамы.
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы. химия пәні мұғалімі Арай Айтмырзақызы
Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау
Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектерін анықтау әдістемесін даярлау
Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Мұнайды өңдеу және қоршаған ортаны қорғау
Мұнайды өңдеу және қоршаған ортаны қорғау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 61 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ипатурова Бағдагул Алибековна
Мұнай және мұнай өнімдері
Мұнай және мұнай өнімдері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп – лицейдің химия пәнінің мұғалімі Демеубаева Әсем Көбейсінқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×