Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы

05 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді, берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. [1. 38б]Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуына ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрін сипаттаған. Осы оқуда қолданылатын әңгімелеу түрлері: әңгіме - дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Оқушылар сыныптастарымен, құрдастарымен диалог жүргізген кезде сыни тұрғыдан ойлап зерттеу жүргізуге қабілетті болады. [1. 40б] Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Диалог - сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасындағы, оқушы мен оқушының арасындағы жүргізілетін қарым - қатынас. Мерсер мен Литлтон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым - қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым - қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісін қалыптастырады. Класта оқушыларға сұрақ қою үлгісі «бастама - жауап - кейінгі әрекет» бойынша жүзеге асады. Мерсердің (1995) бұл модель әңгіме сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатынын көрсетеді. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушыларға дұрыс қойылған жағдайдағы сұрақ, сабақ берудің тиімді құралына айналады және оның оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта, кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін, мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі болады. Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар. Төмен дәрежелі сұрақтар нақты бір жауап арқылы қайтарылады, ал жоғары дәрежедегі сұрақтар оқушылардың білім алуына түрткі болу үшін әр түрлі техникаларды пайдалана білуіне, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты пайдалануға болады. Түрткі болу сұрақтары оқушының жауабын алу үшін және оқушы жауабын түзетуге көмектесу үшін қолданылады. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушылардың өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажетті. Мен тәжірибеммен теорияны ұштастыру мақсатында Мерсердің сілтемесіне сүйене отырып, оқушыларға төмен деңгейдегі сұрақ қоюдан гөрі жоғары деңгейдегі сұрақ қоюдың ерекшелігін байқадым. 9 - сыныппен жүргізілген «Жасуша құрылымдары: плазмалық мембрана, цитоплазма, ЭПТ, гольджи жиынтығы, лизосома» тақырыбында «Мен саған, сен маған», «ЖИГСО», «Жуан және жіңішке сұрақтар»; «Блум таксономиясы» мен «Венн диаграммасын» әдістерін қолдандым. Бұл әдістерді қолданған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды: бүгінгі тақырыпты қалай әңгімелер едің? Сабаққа сіздер қандай әрекет жасайсыңдар? Бүгінгі тақырыпты қалай салыстырар едің? Осы сұрақтар арқылы оқушылардың бойына іздену, терең ойлауға ұмтылыс жасауды көздедім және осы сұрақтарды жеке, жұптық және топтық жұмыстар жасау арқылы кіріктірдім. Осы әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда оқушылар сындарлы сөйлей білуге ынталанды, сыныптастарына сұрақтар қойып, түсінік берді, тыңдай білуді үйренді.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Саға мектеп – бала бақшасының биология пәні мұғалімі
Жақсыбай А. Е.

Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы. жүктеу
2 497
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
- диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; - диалогтік оқыту тәсілдерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт - бағдар беру.
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру
Диалогтік оқыту менің тәжірибемнен
Диалогтік оқыту менің тәжірибемнен
Әр мұғалім өз сабағында диалогтік оқытуды пайдалану туралы шешім шығаруды. Мұғалімдер оқыту мен оқуда диалогтың маңыздылығын білу.
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Коучинг
Коучинг
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қалмұратова Дүрия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×