Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндама: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

09 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. «Баланың қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді.» М. Жұмабаев. Логика дегеніміз ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері жәйлі философиялық ғылым. Логика пәні негізінен адамның ойлау үрдісін зерттейді. Ал ойлау дегеніміз алуан түрлі астары бар аса күрделі процесс. Логика ойлау үрдісін ең алдымен дүниені танып білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой - санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады. Логикалық ойлау ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығына, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептерді мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық жолмен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында « Жалпы ережелер» бөлімінде: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу деп айтылған. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр. Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Ойлау дегеніміз, ең алдымен шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Cебебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәнімен сырын тек ақыл - ой арқылы, ой қорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз. Сондықтан мектепалды даярлық топтарында, ересектер топтарында баланың көрнекі - әрекеттік және көрнекі - бейнелілік ойлау түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. Көрнекі - әрекеттік ойлау - нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс – әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі - әрекетті ойлауды жетілдірудің негізгі жолдарының бірі, балалардың алдына бір белгілі мақсат қоя отырып, ойыншықтармен, құрылыс заттарымен жұмыс жүргізу көзделеді. Мысалы: «Несі ұқсайды, қандай айырмашылығы бар?», «Қайсысы артық?» ойыны арқылы балалар екі затты салыстырып, айырмашылығын айта алады. Немесе «Бір сөзбен ата» ойыны арқылы балалардың заттарды жинай білу қабілеті дамиды. Көрнекі - бейнелілік ойлау - заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс - тәсілдерін табу қабілеті дамиды. Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбек құру, үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (шахмат, текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар). Сөздік - логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығуларды, сан - алуан сөзжұмбақ, ребустарды, логикалық ойындарды т. б пайдалануға болады. Қорытындылай келе, баланың жан – жақты үйлесімді дамуы - ойлаудың әр түрінің өзіндік маңыздылығын ескере отырып дәріс беруде деп айтуға болады. Олай болса, мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл - ойдың дамуы баланың өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игеруінің нәтижесінде іске асады.

ШҚО, Аягөз ауданы
№3 Ақтоғай бала бақша бөбек - жайы ҚМҚК
Тәрбиеші: Рузьева Г. К.

Баяндама: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. жүктеу
6 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Логиканың негізгі түсініктері
Логиканың негізгі түсініктері
Сабақтың тақырыбы: Логиканың негізгі түсініктері
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×