Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар

15 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.

Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту).
Бір топ балаларды (4 - 6 адамды ) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады.
Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (Тәрбиеші ритымен қолын соғады немесе бір – елі деп дауыстап тұрады).
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.

Жел көбік.
Балалар бір – бірінің қолынан ұстап, жақын – жақын дөңгелекше тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады:
Көпіре гөр көбік – шар,
Көпіре бер кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: « Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен: « Тарс етті» - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.

Допты кәрзеңкеге түсір (Дәл көзде).
Балалар дөңгеленіп тұрады. Әр баланың қолында бір – бір кішкентай доп. Шеңбердің ортасында жәшік немесе үлкен кәрзеңке. Тәрбиешінің сигналы бойынша балалар допты жәшікке лақтырады, одан кейін ол доптарды қайтадан алады да өз орындарына барып отырады. Егер бала межені дәл көздемесе, онда допты жерден көтереді де басқалар сияқты шеңберге тұрады. Ойын қайтадан басталады. Ойында бір мезгілде 8 - 10 бала қатысады.

Доп шеңберде.
Балалар жерге дөңгеленіп отырады да допты бір – біріне домалатады. Тәрбиеші балаларға екі қолымен қалай және қай бағытқа қарай итеруді үйретеді.
8 - 10 баладан құрылған топта ойын қызықты да ширақ өтеді.
Сәбилердің екінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.

Өз түсіңді тап.
Балалар үш – төрт жалаушалар алады. Біріншісі – жасыл, екіншісі – көк, үшіншісі - сары жалауша алады да 4 - 6 адамнан бөлменің бұрыштарында топталады. Әр бұрыштағы тұғырдың үстіне тәрбиеші әр түрлі жалаушалар қояды.
Тәрбиешінің: « Қыдыруға барыңдар», деген сигналы бойынша балалар топтанып немесе жеке – жеке алаңды аралап кетеді. « Өз түсіңді тап» - деген жаңа сигнал бойынша балалар өздерінің лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.

Қараторғай ұялары.
Алаңда дөңгелек шеңбер сызылады: ойнаушылардың санынан біреуі кем болады. Бұл – торғай ұялары.
Барлық балалар – қаратоғай. Олар алаңда емін – еркін жүгіріп – ұшып жүреді. « Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.
Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде ( балалар әлі жүгіріп жүрген кезде ) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.

Допты домалат.
Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырылған жалаушаларға дейін домалатып жеткізуді ұсынады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.

Естияр тобындағы әр түрлі қимылды ойындар.

Ормандағы аюда...
Алаңның бір шетімен сызық жүргізіледі. Бұл орманның шеті. Сызықтың арғы сыртынан екі – үш қадам жерде аюдың жататын жері сызылып белгіленеді. Алаңның қарсы жақ шетінде сызықпен балалардың үйі белгіленеді.
Тәрбиеші ойнаушы балалардың біреуін аю етіп тағайындайды. Қалған ойыншылар – балалар: олар үйлерінде отырады.
Тәрбиеші: « Серуендеп келіңдер» дейді. Балалар орманның шетіне барып, саңырауқұлақ басқа да жеміс – жидек теріп жүріп, істеп жүрген тірлігіне ұқсас қимылдар жасайды, сөйтіп, мынадай өлең айтады:
Аю жүрген орманнан,
Жидек тердім сол маңнан.
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның деп.
Ойыншы балалар « гүрілдеп» деген кезде аю гүрілдеп тұрады да үйлеріне қарай қашады. Аю оларды ұстағысы келеді. Ұстағандарын аю өзіне алып кетеді. Балалар қайтадан саңырауқұлақ, жеміс – жидек тере бастайды.
Аю екі – үш баланы ұстағаннан кейін, қайтадан жаңа аю белгіленеді немесе жаңадан таңдалады.

Сәбилердің бірінші тобындағы әр түрлі қимылды ойындар. жүктеу
5 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері.
Қимылды - қозғалыс ойындары: Қуыршақтарға қонаққа.
Қимылды - қозғалыс ойындары: Қуыршақтарға қонаққа.
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8 - 10).
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8 - 10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге
Қимылдық ойындар
Қимылдық ойындар
Қимылдық ойындар 1-ші сәбилер тобы Қуыршақтарға қонаққа. Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×