Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отырар шаһарындағы қызықтар

20 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Отырар шаһарындағы қызықтар (8 сынып)
Мақсаты:
- оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру;
- ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету, баулу;
- қызығушылықтарын, талғампаздықтарын арттыру.
Түрі: Ертегі әлеміне саяхат сабақ.

Әдісі: Талдау, жинақтау, жобалау, дәлелдеу.
Ерте заманда бір өте тапқыр баланың әке - шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндердің бір күні тапқыр бала базарды аралап жүріп, мұңайып отырған бір шалды көреді. Бала шалдың қасына келіп отырады.
Шал баладан:
– Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды.
Сонда бала:
– Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді.
Шал:
– Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тапқыр баланы ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күні шал балаға:
– Анау көрінген ағаштың басында ақ сары құстың ұясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен барып құсқа білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші, – дейді.
Бала:
– Жарайды, – деп, жүгіріп барып, ағаштың бұтақтарын сылдыратпастан басына шығады да, кұсқа білдірместен бір жұмыртқасын алып келіп, шал әкесіне береді.
Сонда шал:
– Енді жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен, ұясына салып келе қойшы, – депті.
Бала:
– Жарайды, – деп жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен, ұяға салып келеді.
Сонда шал:
– Жарайсың, балам! Қолыңнан іс келеді екен, – деп баланы мадақтайды.
Бұлар тұрған шаһардың ханы халқына өте қатал болыпты, елге салықты көп салып, кедей мен жалшыны зар жылатып, сорлата беріпті. Солардың қатарында тапқыр баланың әкесіне де салықты мол салып, шал қатты қысылыпты. Бұл жайды білген бала әкесіне:
– Сіз қысылмаңыз, ханның өз алтынын өзіне берейік! – депті.
Содан кейін бұл бала ханның қазынасына түсіп, бір құмыра ділдасын алып кетіпті. Ертеңіне хан ділданың жоғалғанын біліп, барлық уәзірін жинап:
– Ұрыны қалайша тауып, ұстауға болады? – деп ақылдасыпты.
Сонда бір уәзірі:
– Қазынаның есігінің алдынан шұңқыр қазып, белуардан бататын шырыш желім толтырып қоялық: қараңғыда білмеген адам түсіп кетсе, шығып кете алмайтын болсын! Осындай амалмен ұсталық, – депті.
Хан осы амалды мақұл көріп, айтқандай қылып, желімді даярлата беріпті. Тапқыр бала қалайша білсе де, бұл амалды біліп алып, енді қазынаның есігіне жоламапты.
Хан мұнымен де қазынаға түсіп жүргеннің кім екенін анықтап біле алмаған соң, ойлап - ойлап, екінші амал істепті. Ханның бір бақырауық нары бар екен. Оны ұстамақ түгіл, біреу маңына жақын барғанда, даусы барынша бақырады екен. Сол нарды шөгеріп жатқыздырып, бірнеше аңдушы қойдырыпты. Егер нар бақырса - ақ, ұрыны ұстамақ екен. Тапқыр бала мұны да біліп, түнде қолына бір бау жоңышқаны алып барып, алыста тұрып нарға көрсетсе, ол шөпті жеймін деп, орнынан тұрып, соңынан жүреді. Тапқыр бала ақырындап алыстай береді, нар ере береді. Даусы естілмейтін жерге барған соң, нарды ұстап апарып, бір тоғайдың қалың жеріне байлап тастапты.
Ертеңіне жасауылдар нарды таба алмай, дағдарып, ханға келіп хабар беріпті. Бұл амалы да іске аспай, өз жұртына күлкіге қалған хан ыза болып: «Құдай атымен ант ішемін, осы істерді істеген қу кім болса да, кінәсын кешемін, маған келіп мәлім болсын. Бірақ бір тапсыратын ісім бар, соны орнына келтірсе, бұрынғы кінәларын салауат қылып, қызымды беремін!» – деп, жұртқа жар шақырыпты. Мұны естіген тапқыр бала: «Қайыр! Неде болса, тәуекел көрінейін!» – деп, ханға келіп, мәлім болыпты. Сонда хан:
— Пәлен ханды амалын тауып, пенде қылып, маған әкеліп берсең, барлық кінәнды кешемін, қызымды да саған беремін! – депті.

5. Пайдаланған әдебиеттер;
1) Математика және география журналы.
2) Халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу/ Б. Қ. Ахметова// Ұлттық тәрбие - 2013. №4.
3) «Мұғалімнің оқу - әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын педагогикалық диагностика» /Құрастырғандар: Л. В. Игнатенко, А. Т. Биболова, Г. Е. Мусабекова. Шымкент 2006
4) Сарбасова Қ. А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006
5) Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс - әрекетке даярлау жолдары – Өскемен 2004ж

Қарағанды облысы,
Шет ауданы, Ақсу – Аюлы ауылы,
«Ж. Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп – гимназия» КММ.
География пән мұғалімі Жанабекова Қымбат
Математика пән мұғалімі Толеукулова Мағия

Отырар шаһарындағы қызықтар. жүктеу
1 225
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шал мен кемпір ертегі
Шал мен кемпір ертегі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты, олардың күйеуге бермеген үш қызы бар екен.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат
Жетім де жетер мұратқа
Жетім де жетер мұратқа
Ерболат Мұратбек Ермұратұлы (8 - сынып оқушысы)
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері
Бауырсақтың бастан кешкендері (ертегі)
Мен қалай құмырсқа болдым?
Мен қалай құмырсқа болдым?
Байқоңыр қаласы, №8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің 6"ж" сынып оқушысы, Байдуллаева Фариза Кенжеғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×