Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қимыл қозғалыс ойындар. Фольклорлық ойындар: санамақтар, өлеңдер, өтірік өлеңдер:

16 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қимыл қозғалыс ойындар
Фольклорлық ойындар: санамақтар, өлеңдер, өтірік өлеңдер:
«Қуырмаш» ойыны.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш.
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке - жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Шешеңе көмектес.

«Бала, бала, балақан» ойыны
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнат.

«Орманның емшiсi» ойыны
Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (үстелді үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

«Қошақан» өлеңі
Қошақаны қойдың,
қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
қай өрісте тойдың.

«Торай» өлеңі
Томпаң, томпаң торай
дауысының зор - ай.
Дөкей бола қаласың,
толысымен он ай.

«Лақ» өлеңі
Секең, секең ей, лақ,
жүрмін саған кейіп - ақ,
демалмасаң болмай ма,
секеңдемей бір уақ.

«Торғай» өлеңі
Торғай, торғай - тоқылдақ,
жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
шиқ - щиқ етіп отырмақ.

"Буги - вуги" өлеңі

Буги - вуги
Қолды (рука) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги - вуги
Айналамыз буги - вуги
Шапалақтап қолымызбен
Осылай хлоп - хлоп.

Аяқты (нога) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги - вуги
Айналамыз буги - вуги
Шапалақтап қолымызбен
Осылай хлоп - хлоп.

Мұрынды (нос) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги - вуги
Айналамыз буги - вуги
Шапалақтап қолымызбен
Осылай хлоп - хлоп.

Құлақты (ухо) алға созайық,
Одан артқа апарып,
Тағы алға әкеліп,
Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги - вуги
Айналамыз буги - вуги
Шапалақтап қолымызбен
Осылай хлоп - хлоп

Е. Тиличеваның «Иә - иә - иә!» өлеңі
Иә - иә - иә! Да - да - да!
Қол соғамыз бәріміз –
Иә - иә - иә - иә.
Аяқты іске қосамыз –
Иә - иә - иә - иә.

Би биледік, ән салдық –
Иә - иә - иә - иә.
Аяқ бұлғаймыз бәріміз -
Иә - иә - иә - иә.

Е. Тиличеваның «Тихо – громко!» өлеңі
Балалар шапалақтаймыз,
Балалар шапалақтаймыз,
Ақырын - ақырын соғамыз,
Ақырын - ақырын соғамыз,
Енді қатты соғамыз,
Енді қатты соғамыз,

Аяқпен топ - топ босамыз,
Аяқпен топ - топ босамыз,
Ақырын - ақырын топ - топ - топ,
Ақырын - ақырын топ - топ - топ,
Енді қатты босамыз,
Нық - нық, нық - ыақ босамыз.

«Сұр қояным» өлеңі
Сұр қояным отыр,
Құлақтарын қозғалтып.
Былай, былай
Құлақтарын қозғалтып.
2. Қоян отырса суық,
Аяғын жылытайық.
Хлоп - хлоп - хлоп - хлоп,
Аяғын жылытайық.

«Қоян» өлеңі
Қоянға тұру суық,
Қоянға секіру керек.
Ытқып - ытқып,
Қоянға секіру керек.

Е. Тиличеваның «Үйықта ғой, аюым» өлеңі.
Біздің қонжық үйқтамайды
Кандай бұзық ол.
мен оны әлдилеймін
Әлди, әлди, әлди, әлди.

Қане бесікке жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Мен де ұйқтап барамын
Әлди, әлди, әлди, әлди.

Таңертең мен тұрам да,
Тауықтарға қараймын.
Бәрі түгел жүр ме деп,
Балапанды санаймын.

Қимыл қозғалыс ойындар. Фольклорлық ойындар: санамақтар, өлеңдер, өтірік өлеңдер: жүктеу
3 618
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
1-сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
1-сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау
1 - сыныпқа «Сауат ашу» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды. 2 - тоқсан 48 сағат
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері
Мектепалды даярлық сыныптарына сергіту сәттері Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай - былай ойнат. Топ - топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн
Тауық балапандарымен
Тауық балапандарымен
Ақтобе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақшасының тәрбиеші: Мадиярова К. Ә.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×