Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Миф дегеніміз не?

06 желтоқсан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
МИФ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Бұл жөнінде "жаңалық" ашып жатудың керегі шамалы. "Миф" пен "мифология" атауының анықтамасы кез келген арнайы тақырыптық сөздіктер мен кітаптардың кіріспесінде - ақ тәптіштеліп баяндалады. Бұл жерде біз соларды қысқа, жалпылама түрде қайталап шығамыз десек те болады.
Миф — ерте замандағы адамдардың өзі туралы, қоршаған ортасы, жалпы ғалам туралы, олардың орны мен реті, өзара байланысы, пайда болуы мен жоқ болуы туралы түсінігі. Ал ертегі адам өзі мен ғалам туралы не білген? Ол түсінік бойынша ғаламда білгілі бір тәртіп бар, жануарлар, адамдар, перілер, құбыжықтар, Құдайлар, дәулер, алыптар мекен етеді. Олай болса:
Миф ғалам мен адам туралы, Құдайлар мен құбыжықтар туралы, рухтар мен аруақтар, алғашқы адамдар мен адам сипатты батыр пенделер туралы түсінік. Ертегі адам мифті ойдан шығарылған ертегі деп емес, керісінше, бүткіл дүниенің жалғыз ақиқаты деп білген, олай болса:
Миф — ертегі адамдардың адамтану, дүниетану көзқарасы, ақиқат танымы. Ежелгі адам кез келген әрекетінің себебін озарт арқылы түсіндірген, яғни айтылатын ертегі мен жырдың да, салынатын суреттің де, айтылатын ән мен өлеңнің де, тарихтың да, биленетін бидің де арғы жағында озарттық түсініктер жатыр. Олай болса:
Миф — бүгінгі ғылымның, өнердің, мәдениеттің бастапқы, бір - бірінен ажыратылмаған сатысы. Мұндай ажыраспаған күйді ғылымда әдетте синкреттілік дейді. Мысалы, ертегі мен жырдың басында миф жатыр, яғни бүгінгі ертегі мен жырды байыптап қарап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене саралай отырып, ежелгі озарттық түсініктерді сұрыптап, бөліп шығаруға болады.
Миф туралы қысқа да, көркем сөзбен әспеттеп айтар болсақ Дж. Ф. Бирлайнның2 анықтамасын келтіруге болады:
Миф - адам баласы үшін барлық уақытта да бейне бір өзгермейтін, тұрақты нәрсе. Мифте бар жалпы модельдер, сюжеттер, тіпті ұсақ детальдар барлық жерде, затта кездеседі. Бұл былайша түсіндіріледі:
Миф - ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан біздің ата - бабаларымыздың естелік мұраларының жиынтығы. Миф тіпті біздің түйсігіміздің (подсознание) құрылымына кіреді. Ол тіпті, сірә, біздің қанымызда, генімізде таңбаланған (закодирован) болуы керек.
Миф — жазба тарихтың басталуына дейінгі өткен оқиғалар туралы әңгіме. Сондай - ақ ол - болашақта болар оқиғалардың маңызын баяндайтын әңгіме. Озарт — өткен мен бүгінді. бүгін мен ертеңді біртұтас етіп матайтын жіп.
Миф — біздің бес сезіміміздің арғы жағында жатқан ақиқаттарды суреттейтін өзінше бір ғажайып тіл. Ол түйсіктегі бейнелер мен саналы ойдың тілінің аралығында жатқан құрдым кеңістікті толтырады.
Миф — адамды біртұтас қауымдастыққа топтастыратын "желім". Ол қауымның, ру - тайпаның, ұлттың өзін анықтауының, өз танымының негізі болып табылады.
Миф — адамгершілік. имандылық заңдарының барлық жиынтығында бар өте қажетті нәрсе. Адам баласының адамгершілік жөн - жосығы әрқашан да дін мен озарттан өсіп шығады.
Миф — біздің өмірімізге белгілі бір мән - мағына беретін сенім - нанымдар жиынтығы. Миф адамдар мен қоғамның өздерінің айналасына жақсы және сайлы түрде үйренісіп кетуіне жағдай жасайды.
Мифологиялық сөздік жасау тәжірибесі
Біздің осы кітапқа енгізген барлық тақырыптық мақалаларымыздың қай - қайсысы болмасын өз алдына жеке, толық дәлелдемелер мен мысалдарды келтіріп, тәптіштеп, байыптап түсіндіруді қажет етеді. Солай істедік те, тек солардың барлығын бір кітапқа сыйғызу мүмкін болмағандықтан, қысқартып беруге мәжбүр болдық. Егер әңгіме анықталмай қалғандай не орта тұсынан басталып кеткендей сезім туғызса, дәл солай болған деп есептей беріңіз.
Жеке мақалада қозғалған мифтік мәселелер, мифтік кейіпкерлер мен ұғымдар тарихи уақыт деңгейінде бір - бірімен ұштастырылып, біртұтас мифология ретінде түсіндірілуді қажет етеді. Бұл жөнінде арғықазақ мифологиясының негізгі тұжырымдарының долбары, бастапқы жөн - жосығы біздің қолымызда бар, бірақ алдымен жеке мәселелермен таныстырып алуды қажет ететіндіктен, оны да кітапқа кіргізбедік.
сенімдік аңыздарында, сондай - ақ тіліндегі айқын мифтік сипаты бар немесе ықтимал мифтік табиғаты бар сөздер, есімдер, ұғымдармен түгелдей болмаса да қысқаша түрде танысып шыққаны абзал. Бұл аталмыш — "мифологиялық кіріспеде" болмақ. Біз тек алпысқа жуық жеке ұғым мен есімді ғана жеке сөздіктік мақала ретінде беріп отырмыз. Олар өздерінің ала - құла табиғатымен көзге түседі. Бұл "мифология деген осындайларды қамтиды екен - ау" деген ойды туғызу үшін жинақталып отыр. Осы тізім әлі де толықтырылады, түзетіледі.
Миф дегеніміз не? жүктеу
29 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегідегі жануарлар
Ертегідегі жануарлар
Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Ғаламшар ғажаптары
Ғаламшар ғажаптары
Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру; Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Ертегілер оның түрлері
Ертегілер оның түрлері
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің
Ғаламшар ғажаптары
Ғаламшар ғажаптары
Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Жануарлардың қысқы мекені
Жануарлардың қысқы мекені
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×