Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сыныбы: 9-11
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»
Мақсаты:
Оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды қолдай білу және ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
1. Сайыстың мақсатын айту
2. Сайыстың шартын ұғындыру
3. Қатысушылармен таныстыру
4. Сарапшы мамандармен таныстыру
5. Жеңімпазды анықтау

Сайыстың кезеңдері
1. Бәйге (сұрақ-жауап)
2. Ғажайып ұяшықтар
3. Тіл-өнер (мақал-мәтел)
4. Көкпар (3бағытта сұрақтарға жауап)
5. Жорға
6. Ділмар

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 9-11 сыныптар арасында өткелі отырған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіз» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер.
Бірнеше жүз жылдай әлемдік картада Қазақстан деген мемлекет бары мен жоғы білінбеді. Себебі біз ол кезде Ресей империясының, одан кейін Кеңес одағының құрамында болдық.1991 жылдың 16-желтоқсанда өзіміздің тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болдық.
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінгі әр әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Тәуелсіздік туын биікке самғатып, өз алдымызға дербес мемлекет болып, әлемге танылғанымызға 20 жыл толды. Ендеше бәріңізді осы тамаша төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын
Сайыстың шарты
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, Әр 2 кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады. Сонымен дайын болсақ сайыскерлерімізге сәттілік тілеймін!
Сайысымызға әр сыныптан 1 оқушыдан қатысуда, барлығы 6 оқушы. Ендеше қатысқалы отырған сайыскерлерімізбен таныс болайық.... .
І. Бәйге кезеңі: (12 сұрақ қоямын, әр сұраққа 10 ұпай)
1. «Қазақ хрестоматиясын» кім жазды? (Ы. Алтынсарин)
2. «Менің атым Қожа « хикаясын кім жазды? (Бердібек Соқпақбаев)
3. Орыс тілінде неше септік бар? (6)
4. Молекула деген не? (заттың қасиеттерін сипаттайтын ең кіші бөлшек)
5. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал (Гренландия)
6. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
7. Қазақстан Республикасының ең бірінші президенті кім? (Н.Назарбаев)
8. жердің су қабығы не деп аталады? (гидросфера)
9. Республика күні қай күн? (25қазан)
10. болжалды, ауыспалы, мақсатты қай шақтың түрлері (келер шақ)
11. Микроскопты ойлап тапқан кім? (Роберт Рук)
12. Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)

Елбасының өзек жарды сөзі:
«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың әруағының алдында қашанда қарыздармыз» - деген сөзін әрдайым жадымызда тұруына тілектеспін.
ІІ. «Ғажайып ұяшық» деп аталады. Мұнда тарих, математика, тіл саласы, география пәндерінен сұрақ қояды.
Қазақстан тарихы:
1. Мезолит дәуіріміздің заманымыздан бұрынғы қай жылдар? (12-5мыңжылдықта)
2. Көне түрік жазуы қанша әріптен тұрады? (35)
3. Қожа Ахмет Иасауи еңбегі (Даналық кітабі)
4. Ақ Орданың астанасы (Сығанақ)
Тіл саласы бойынша
1. Тұрлаусыз мүшелерді ата? (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
2. «Синтаксис» грек тілінде қандай мағынаны білдіреді? (құрау, біріктіру)
3. Что такое антонимы? (антонимы – это слова противоположными значениями)
4. Ағылшын тілінде қанша буын бар? (4)
Математика
1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
2. Жүзден бір бөлік (пайыз)
3. Кез келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)
4. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның 2-уін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? (2-уі қалды, қалғаны ұшып кетті)
География
1. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты (тропосфера)
2. Барометр дегеніміз не? (атмосфералық қысымды өлшейтін құрал)
3. Қазақстандағы ең биік нүкте және оның биіктігі қанша? (Хантәңірі, 6995м)
4. Дүниежүзінде неше материк, неше мұхит бар? ( 6: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида;4: тынық, Үнді, Атлант, Мұзды )

(ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады)

Әр халықтың тарихта қалуы ана тіліне байланысты. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы» заң қабылданды.
ІІІ. Тіл-өнер
Мұнда мақал айтылады, бір сөзі айтылмай қалады. Сол сөзді тауып, 3 тілде айтады.
(әр тапқан сөзге 10 ұпай)
1. ... қылыштан өткір (тіл – язык – language)
2. ... алды – қызыл тіл (өнер – искусства – art)
3. ... өмір шырағы (білім – знание – knowledge)
4. Ердің сыншысы - ... (ел – народ – people)
5. Досы көпті ... алмайды (жау – враг – enemy)
6. Талдың көркі - ... (жапырақ – лист – leaves)
7. ... – зор байлық (денсаулық – здоровья – health)
8. ... бала қорғаны (әке – отец – fath

Қазақстан Конституциясы 44-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды» делінген
IV. Көкпар
Бұл кезеңде 3 бағытта сұрақтар қойылады.
Ұлы тұлғалар
1. «Бай баласы мен жарлы баласы» авторы кім?
А) Ы. Алтынсарин Б) А.Құнанбайұлы В) М.Әуезов
2. «Москва үшін шайқас» романының авторы
А) Ж.Жабаев Б) Б.Момышұлы В) М.Мағауин
3. Ұлы ақын-жыршы, Алматы облысында дүниеге келген. Жүз жасап, «Шығыстың Гомері» атанған
А) Жамбыл Б) Шәкәрім В) Ахмет
4. Бес арыс кімдер?
А) Бауыржан, Ахмет, Абай, Мұхтар, Қаныш
Б) Мағжан, Міржақып, Абай, Ыбырай, Шәкәрім
В) Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек
Жылдар шежіресі
1. Қашан Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Ата заңы»қабылданды.
А)1996 жылы 25 қазан Б) 1995жылы 28қаңтар В) 1995 жылы 28 қаңтар
2. Қай жылдар «Ауыл жылы» болып жарияланды.
А) 2001-2004 Б)2002-2005 В) 2002-2006
3. Қай жылы Қазақстан Республикасы ОБСЕ- ге төрағалық етті
А) 2011жылы Б) 2009 В) 2010
4. Қашан ҚР тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады
А) 1993 жылы қараша Б) 1992жылы желтоқсанда В)1992 жылы қазан
Рәміздер
1. ҚР-ның мемлекеттік туының авторы
А) Ш.Ниязбеков Б) Ж.Нәжімеденов В) Ж.Мәлібеков
2. Жаңа стандарт ҚР СТ 989-2008 Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті орындалуында неше түске боялған
А) 1 Б) 2 В)3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының әні кімдікі?
А) Н.Назарбаев Б) Ж.Нәжімеденов В) Ш.Қалдаяқов
4. ҚР-ның рәміздері туралы Конституция заңының нешінші бабында?
А)8 Б)9 В)5
(ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады)

16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.
V. Жорға
(әр оқушыға 16сұрақ қойылады, 1 минут ішінде жауап беру керек.)
1. Құрамында әрпі бар есеп қалай аталады? (теңдеу)
2. Сұйықтық өлшем бірлігі (л)
3. Езілген құрттың майда түйіршігі (малта)
4. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
5. 1 мен 27 сандарының арасында неше жұп сан бар? (13)
6. «Қарлығаш әулие» атанған би (Төле би)
7. 2008 жылы қытайдың Пекин қаласында өткен олимпиадада Қазақстан неше жүлделі орын алып келді? (13)
8. Ең қысқа ай (ақпан)
9. Ел Ордасы Астананың туған күні (1998ж, 10маусым)
10. Судың жер бетіне шыққан түрі қалай аталады? (бұлақ)
11. 3 түйеқұс ұшып келе жатты, аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
12. Дүниедегі бірінші байлық - (денсаулық)
13. Рамазан айында қасиетті түн қалай аталады? (Қадір түні)
14. Ауаның салмағын өлшейтін аспап (барометр)
15. Тұрлаулы мүше (бастауыш пен баяндауыш)
16. Мақалды жалғастыр: Ұстаздан - ... озар (шәкірт)

2 – оқушыға
1. Ұзындық өлшем бірлі (м)
2. «Үріп аузына салғандай» сөзінің мағынасы (Әдемі)
3. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? (8)
4. Дүниедегі ең үлкен көл қалай аталады? (Байкал)
5. Үрмелі аспап (сыбызғы)
6. Мақалды жалғастыр: Көп қорқытады - .... . (терең батырады)
7. Мұсылмандардың діни мейрамы қалай аталады? (айт)
8. Қазақстанның төл теңгесі шыққан күн (1993ж, 15қараш)
9. 5-ші орналасқан нота (соль)
10. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ мектебін қай жылы ашты? (1894ж)
11. Жігіттің үш жұртын ата (өз, нағашы, қайын)
12. Желтоқсан оқиғасы болған жыл (1986)
13. Әлемдегі ең әйгілі спорт түрі (футбол)
14. «Көксерек» шығармасының авторы (М.Әуезов)
15. Қазақстан дүние жүзінен қай кенді өндіруден 3-ші орын алады? (мыс)
16. Әйнек неден жасалады (құм)

1991 жыл, 1-желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-нің Президенті болып Н.Назарбаев сайланды.
VI. Ділмар
Бұл кезеңде 2 оқушыға тақырып беріледі. Ол берілген тақырыпқа өз ойларын айтады, 2минут дайындалады
« Егер мен Президент болсам....»

Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің ұлы істерінің бірі – Еуразияның жүрегінде Еліміздің байтағы Астанамыз салынып, Ақордамыздың тігілуі. Атырау мен Алтай арасында жатқан Қазақ елінің жүрегі.
Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығы қарсаңында Астанада бой көтеретін тамаша сәулет туындысының бірі «Изумруд кварталы» әкімшілік болмақ. Орталық Азия өңіріндегі қалаларда теңдесі жоқ ең биік ғимараттардан тұратын бұл кешен Қазақстан және Солтүстік Америка архитекторларының бірлескен қолтаңбасы болып табылады.

Ойыншылардың ұпайы есептеліп, жеңімпаз анықталады.
5 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы, «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі: Назира Алиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×