Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақ барысында қолайлы психологиялық климатты қалыптастырудағы мұғалімнің іс - әрекеті

25 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Сабақ барысында қолайлы психологиялық климатты қалыптастырудағы мұғалімнің іс - әрекеті» мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
Мақсаты:
- оқу процесі барысында психо - эмоционалдық қысымды түсіру;
- әр ұстаздың жекелік ерекшелігін ескеріп, оқушы мен педагог арасында ізгілік қарым - қатынасты қалыптастыру;
- адамды өз - өзімен және өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру;
- оқушы мен мұғалімнің жеке қызығушылықтары мен құндылықтарын қалыптастыру.

Барысы:
1. «Сәлемдесу» тренингі
- Бүгінгі тренингке келгендеріңізге біз өте қуаныштымыз. «Бір күнгі таныстыққа, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.
1 - нұсқау.
- Бір – бірлеріңізге күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.
2 - нұсқа.
- Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.
3 - нұсқа.
- Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.
4 - нұсқа.
- Маңдайларын бір - біріне тигізіп сәлемдесу.
- Енді сіздер сәлемдесу сөздерін естеріңізге түсіріп айтып беріңіздерші.
(Сәлеметсіз бе?, Амансыз ба?, Есенсіз бе?, Қалыңыз қалай?, Деніңіз сау ма?, т. б)
- Сіздерге көп рахмет. Бүгінгі тренингтен сіздер тамаша әсерде қайтады деп сенеміз.
2. «Грек жаңғағы» тренингі
- Ахмет Байтұрсынов былай деген екен:
«Мұғалімдік оңай нәрсе емес. Тәртіппен жасалған оқу құралдарын оқытуға тәртіппен оқыта білетін мұғалім керек».
Қазір мен ортаға грек жаңғақтарын шашамын. Сіздер сол жаңғақтардан бір - бірден алып аласыздар. Тапсырма: қолыңыздағы жаңғаққа мұқият қарап, оның ерекше құрылысына, басқа жаңғақтарға ұқсамайтын өзгешеліктерін табасыздар. Жаңғақтарды мен қайта жинап алып, қайта шашамын. Сіздер шашылған жаңғақ ішінен өздеріңіздің жаңғақтарыңызды табуларыңыз керек.

Қорытынды:
Бірінші көзге жаңғақтың бәрі бірдей сияқты болғанымен біраз уақыт мұқият қараса олардың әртүрлі екендігін сіз аңғарасыз. Оқушылар да сол сияқты әртүрлі, есте қалатындай әр оқушының өзінше жеке ерекшелігі, өзіндік әдемілігі және тартымдылығы болады. Бірақ оны сезіне және түсіне білу керек. Жаттығу соңында осы жаңғақтарды сіздерге сыйға береміз. Көп рахмет!
3. «Мен сенен үйренемін» тренингі
- Қазір сіздерге бір доп беріледі. Сіздер бір - біріңізге, кез - келген адамға допты «Мен сізден үйренемін....»деп сол адамның жақсы қасиетін айтып лақтырасыз. Допты қабылдағаннан кейінгі адамның міндеті - айтылған ойды құптамас бұрын «Иә, менен...(мысалы: ұқыптылықты) үйренуге болады» немесе «Иә мен... үйрете аламын» деуі керек. Осы жұмыс Осы жұмыс нәтижесінде сіздерге айтқымыз келгені алдыңыздағы оқушының бойында да сіздерге сабақ болатын қасиеттер болуы мүмкін. Сол нәрсе естеріңізде жүрсе.
4. «Менің ең қиын оқушым» жаттығуы
Қазір барлығымыз шеңбер бойымен отырамыз, бір қиын оқушы жайлы, оның түр әлпеті, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т. с. с. жайттарды баяндап беруіміз керек.
Талдау: Жаттығуды орындау қиын болды ма? Қиын оқушының эмоциясын салуда қандай ойда болдың?
Тренингті қорытындылау:
- Ортадағы жемістерден өзіңіз ұнататын жемісті таңдап алыныңз.
Кілті:
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау - дамайға бара бермейді. Еш уакытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл - күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік - өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал, махаббат жөнінде сәби тәріздісіз. Сізді оп - оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым - қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.
Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез - келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз - қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ, мұндай тұйықтық шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек.
Құлпынайды ұнатасыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік, ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.
Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болса да, жан сала тиянақты аяқтауға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз - өзіңізге риза адамсыз.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
«№50 Абай атындағы орта мектебі» КММ
Жұманазарова Нұргүл Сейтмағанбетқызы
І санатты педагог - психолог
Сабақ барысында қолайлы психологиялық климатты қалыптастырудағы мұғалімнің іс - әрекеті. жүктеу
2 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Мен ғажаппын тренинг сабақ
Педагогтардың эмоцияналды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Бақылау жұмысы. Математика 5 сынып
Бақылау жұмысы. Математика 5 сынып
Бақылау жұмысы, Математика 5 сынып А) 6738+х+834+123
Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман
Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.
Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар
Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Т. Құлыбеков атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы мектеп педагог - психологы Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы
Танымдық белсенділікті дамыту
Танымдық белсенділікті дамыту
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, С. Ешбаев атындағы орта мектеп психологі Куатова Гулдаурен Тлеухановна
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Нәтиже сабақ. ІІ модуль (10-сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×