Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


RWCT технологиясы.

02 тамыз 2019, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
RWCT технологиясы
«Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT


Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс - әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин - Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.

Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос - Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс - тәсілін, қыр - сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан - жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

СТО технологиясының сабақ кезеңдері: Қызығушылығын ояту – Эвокация Мағынаны тану - Реализация. Ой толғаныс - Рефлексия.
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс
Бұлкезеңдемұғалімбұрынғыбілетінбілімдерінжаңаматериалменұштастыруғажағдайжасайды. Сабақтыңмазмұнынасайалынғанстратегияларарқылыоқушылардыңойышыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО - ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты.
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.

СТО технологиясының стратегиялары

Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар

Қызығушылығын ояту кезең
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксономиясы, Миға шабуыл, Топтастыру,
Мағынаны тану кезеңі
Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИКСО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру.
Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс – тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
RWCT технологиясы. жүктеу
2 493
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу - оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Ақтөбе қаласы, Ойыл ауданы, Сарбие селосы, Сапақкөл орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сүйесинова Айнамкөз Қаршығақызы
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Жадыра Молыбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×