Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі

14 тамыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзектілігі
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.
Кез - келген адам алдына қойған мақсатына ерік - жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін - өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.
Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім:
- Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
*сабақта белсенділік жоғарылайды;
*сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
*дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
*оқуға қызығушылықтары артады;
«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға:
- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
- жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:
- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:
- білім алушының белсенділігін арттыру;
- пәнге қызығушылығын ояту;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.

Шығыс Қазақстан облысы,
Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы
КМҚК «Шуақты Шұғыла»
балабақшасының тәрбиешісі
Калиева Гульжанат Канагатовна
yadi.sk/i/XeSb8JCmATnCUQ
2 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу - тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар
БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Теректі аудандық лингивистикалық гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кереева Нұрбөбек Есполқызы
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×