Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайран қазағым, ұрпағың адамшылықтан алыстап барады.

14 қыркүйек 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қайран қазағым, ұрпағың адамшылықтан алыстап барады.
Тәрбие деген Тәңіріңіз дәл осы замандағыдай күрделеніп, тәрбиелеу ісі қиындап, тығырыққа тірелу қазақ тарихында болған емес. Ұлық ұстаздардың ұлағатты өсиеті, үлгілі өнегесі арқылы небір қиындықтарды орынды жеңіп, ұлттық тәрбие құралдарын ұтымды пайдалану нәтижесінде нелер асқаралы асулардан жол тауып асып, белді белестерден даналық арқылы дамып дәуір сынын сапалы, саналы түрде артқа қалдырған едік. Оның бәрі ұрпағын ұқтырып оқытатын, тәрбиелеп жетілдіретін көшпенділердің өзіндік ерекше сипаттағы баулу жүйесінің мықты да, мығым болғандығының арқасы болатын.. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан – буынға жалғасып, инабаттылық, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан. Міне, сол қымбат, асыл қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтақ жайған.

Отбасы – қоғамның негізі болып табылады. Өйткені қоғамды құратын адамзат атаулы отбасында өсіп - өрбиді, тұлға болып қалыптасады. Қоғамдық әлеует, қоғамдық ақыл - ой биігі өз тамырын осы ұядан тартады, ұлттың діні де осы жанұя. Қоғамды жекелеген адамдар, жеке тұлғалар құрайды, яғни салауатты қоғамның негізі қуатты өнегелі, рухани мықты отбасы болып табылады. Отбасы - отанымыздың ошағы. Өйткені адам ең алғаш дүниеге шыр етіп келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасындағы бір - бірімен рухани жақындығы, мақсат, ынтымақтастығы бар. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс - шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері т. б. болатыны сияқты әр отбасы болмыс тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрамына зор мән беріп, мәнін қорғаған, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын ашпауға, мүшелерін бір - біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан – отбасынан басталады деген сөздің мәні де осында. Отбасы келесідей төрт сипаттамасы бар күрделі құрылым болып табылады, ол қоғамның шағын əлеуметтік тобы; жеке тұрмысты ұйымдастырудың аса маңызды түрі; ерлі - зайыптылық одақ; ерлі - зайыптылардың туыстармен, яғни бірге тұратын жəне ортақ шаруашылық жүргізетін ата - аналармен, аға - інілермен, əпке - сіңлілермен, ата - əжелермен жəне басқа да туысқандармен, көптарапты қарым - қатынастары. Бала өмірдің алғашқы сабақтарын отбасында алады. Оның ең алғаш ұстаздары мен тəрбиешілері əке мен шеше. Бала үшін отбасындағы күнделікті қуанышты сəттер мен реніштер, сəттіліктер мен сəтсіздіктер — мейірімділік пен сезімталдықты, адамдарға деген қайырымдылық сезімдерін қалыптастыратын бастаулар болып табылатыны ежелден - ақ дəлелденген. Отбасында баланың бойында адалдық пен зұлымдық, адамгершілік өлшемдері, еңбекке бейімділіктің бастапқы сабақтары туралы алғашқы ұғымдар қалыптасады. Өмірлік жоспарлар мен адамның идеалдары да дəл осы отбасында қалыптасады. Киізтуырдықтылардың баулу жүйесінде, отбасы – адамзат ұрпағы үшін еш нәрсемен салыстыруға жатпайтын алтын діңгек, қасиетті өмірлік мектеп. Осыған сай қазақ отбасында атьқарылуы тиіс ерекше функциялар қалыптасқан еді. Айталық; репродуктивтік – өмірге бала əкелу, халықтың өсіп - өну функциясы;- шаруашылық - экономикалық функция отбасының өмірі мен тұрмысын ұйымдастыру, отбасылық бюджетті қалыптастыру мен жұмсау мəселелерін қамтиды;- генеративтік (латынша regeneratio - қайта түлеу, жаңару) функциясы белгілі бір мəртебені, ата - тегін, мүліктерді, əлеуметтік жағдайды мұрагерлікке алу дегенді білдіреді;- оқу - тəрбие (əлеуметтену) функциясы - əкелік немесе аналық тиістілік міндеттерді қанағаттандыру, балалармен тығыз байланыста болу, оларды тəрбиелеу, балалардың өмірдегі өз орнын табуы;- бастапқы əлеуметтік бақылау саласы - отбасы мүшелерінің өмірдегі əр түрлі салалардағы тəртібінің моральдық тұрғыдағы реттелуі, сонымен қатар ерлі - зайыптылардың, ата - ана мен баланың, аға жəне орта буын ұрпақтар арасындағы өзара қарым - қатынастардағы жауапкершілік пен міндеттердің реттелуі;- рекреативтік (латынша recreatio - қалпына келтіру, жаңғырту) функция демалысқа, бос уақыт өткізуді ұйымдастыруға, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығы туралы қамқорлыққа байланысты;- рухани қарым - қатынас функциясы отбасы мүшелерінің тұлға ретінде дамуын, рухани байлықты молайту дегенді білдіреді;- əлеуметтік - мəртебелік функция – отбасы мүшелеріне белгілі бір əлеуметтік мəртебенің берілуі, əлеуметтік құрылымның өсіп - өнуі;- психотерапевтік функция отбасы мүшелеріне өздерінің жақсы көру, құрметтеу, мойындау, эмоциялық қолдау, психологиялық көмек сияқты қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді; қалпына келтіру функциясы жұмыс күнінен кейін адамның күш - қайратын, психологиялық, эмоциялық жəне рухани қуатын қалпына келтіруге бағытталады; тұлғаның бос уақытты өткізуге деген белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады; эмоционалдық функция эмоциялық қолдауға ие болуды, психологиялық көмек алуды, сондай - ақ жеке - дара тұлғаның эмоциялық тұрғыдан тұрақтануы мен оның психологиялық терапиясын білдіреді. Міне қазақ отбасында осы қызметтер өз ерекшелітеріне, тарихи қалыптасу салтына сай атқарылып келді. Бүгінгі қазақ отбасында аталған функциялардың жүзеге асырылу жағдайы, олардың дәреже өресі тым төмендеп кеткен. Ең қиыны баланы өмірге әкелу, оны асырап бағу, дамытып жетілдіру, тәрбиелеп баулу қызметі отбасының хал қауқарынан асып кетіп, бүгінгі отбасының шама шарқы жетпей қалған. Айталық, қазақ ділі мен тұрмыс әдебінде болмаған, оң жақта отырып, некесіз балалы болу, жасы толмай, мектеп партасынан әке - шеше атану немесе жасанды түсік жасату, ернінен омырау уызы кеппей жатып, қыршын өмірін қиып, өзіне - өзі қол салу, бауыр еті баласын қоқысқа лақтыру. шиеттей жас баланы зорлау қатарлы хаиуани қылықтардың етек алуы бүгінгі отбасының тәрбиелік функциясының жүзеге аспай қалғанының бір көрінісі екені даусыз. Мұндай жағдайға жетуіміздің көп себебі бар екені белгілі болумен қатар төмендегі үш жағдай ерекше ықпал етіп отыр.

Бірінші. Бүгінгі қазақ отбасының құрылымы айтулы өзгеріске ұшыраған. Аз балалы отбасы егер бақуатты болса еркелер мен серкелер солардан шығатын болған. Себебі тұңғыш та өзі, кенже де өзі болған соң шара жоқ. Тойып секіретіндер де солар. қалтасына сай қайдан болса да, оқу - білімге қол жеткізетін, дәулет пен мүлікті иеленетін, өзімшіл жандар, қылмысын да, қисынына келтіретін, оңай, жеңіл жазамен құтылатын осылар болатын тәрізді. Егер отбасының тіршілік жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз болса, арқаланар ағасы жоқ, сүйенер інісі жоқ, жаңғыз ілік әлжуаз, ағайын туыстың мейір шапағатына зәру жасөспірім шыға келеді. Көп балалы отбасы көзге түрткі бола бастады. Бүгінгі қазақ отбасы бала санымен ғана ерекшеленбейді. Мысалы; аралас некедегі отбасы, жалғызбасты отбасы, ажырасқан отбасы, азаматтық некедегі отбасы, бір жынысты отбасы, некесіз отасқандар жұбы т. б. Бұлардың қай - қайсысын алып қарастырсаңыз да, ұрпақ тәрбиелеуде үлкен қиындықтың бар екенін байқайсыз. Халықаралық беделді ұйымдардың бірі ЮНИСЕФ таратқан ақпаратқа сенсек, Шығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінде балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық - зомбылық кеңінен таралып, жегіқұрттай тамырын тереңге жайып бара жатқан көрінеді. Оның ішінде Қазақстанда 1 - 14 аралығындағы балалардың 53 пайызы үйде озбырлықпен тәрбиелеу әдісінің құрбаны болған.«... В советские времена Казахстан был одним из лидеров в СССР по количеству браков, заключаемых между представителями разных этносов. Насколько такие браки распространены сегодня?- В течение последних пяти лет они составляют в Казахстане около 15, 5 процента от общего числа бракосочетаний. Другими словами, каждый шестой брак является межнациональным.- Какой тренд наблюдается – в сторону увеличения или, наоборот, уменьшения?

- Полную картину дают результаты переписей населения, которые проводятся обычно раз в десять лет. Менее подробная информация содержится в текущих учетных данных, предоставляемых комитетом по статистике. А в целом цифры таковы. В 1959 - м доля межэтнических браков в Казахстане составляла 14, 4 процента, в 1970 - м – 20, 6 процента, в 1979 - м – 21, 5 процента, в 1989 - м – 23, 9 процента, в 1999 - м – 21, 4 процента, в 2005 - м – 18, 8 процента, в период с 2013 - го по 2017 - й – 15, 5 процента. То есть в 1960 – 1980 годах наблюдался рост количества межэтнических браков, а в постсоветский период, наоборот, шло сокращение.»
«Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитеті Қазақстанда соңғы он жылда ажырасушылар қатарының артқанын айтады. Он жыл аралығында елде 1, 5 млн үйлену дерегі тіркелсе, жарты миллионы осы уақыт ішіндегі ажырасушылар сапында болған.» "Экономист ретінде, мен үшін барлығы экономикамен байланысты. БАҚ бетінде соңғы кезде ажырасатындар қатары артып барады деген мәселе жиі көтерілген соң, таяуда мен статистиканы қарап шықтым. Бізде жыл сайын 140 мың адам некесін қияды екен, бірақ, өкінішке қарай, 55 мыңы ажырасады", - деді министр. «Әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова "ажырасудың әсерінен елімізде толық емес отбасылар, жалғызбасты ана, жалғызбасты әке, «тұл жетім» емес «әлеуметтік жетім балалар» саны артқанын" айтады. Ол:"Елімізде 400 мыңнан астам аналар, 40 мыңнан астам әкелер 1 миллионға жуық баланы жалғыз өздері әкесіз, не анасыз тәрбиелеп отыр" – деген. Осы отбасыларында баланы қай тілде оқыту, қай ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу мәселесі шешімін табуы ата - аналар үшін ауыр жүк, бала үшін қабілет қарымын дамытуда үлкен бөгетке айналған. Сәби тәлтіректеп аяғын басып, қай тілде сөйленуінің өзі сан құбылып, кешеуілдей жөнеледі. Әке мен шешенің бала тәрбиелеудегі борышы мен міндеті тең болмаған соң тәрбие толыққанды нәтиже бермейді.– «Бала өз тілінде тәрбиеленбесе, өз халқына қызмет ете алмайды», – дейді Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов. Анығында жоғарыда аталған отбасында шет жұрт үлгісімен тәрбиеленген ұрпақ өз ана тілінің қайнар бұлағынан сусындап, мейірін қандыра алмайды. Ана тілінде ұлттық құндылықтарымызбен танысып, көкейіне тоқып, болашағына бағыт - бағдар ала алмайды. Себебі, ұлттық уызға жарымаған бала әр нәрсеге, шетелге еліктегіш келеді. Өз ұлтына мұрнын шүйіре қарайды. Өз ұлтын менсінбейтін ұрпақ өз елін де, жерін де сүймейді. «Тәрбие шетжұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес. Біреудің екінші біреуге ұсынатын сыйлығы да емес» (М. Ғабдуллин) болғандықтан ұрпақ азуға мәжбүр болады. Бүгінгі күндері, қазақ отбасының тәрбие - тәлімдік құндылықтарының ортаюы орны толмас олқылыққа айналған. Мысалы, бүгінгідей әр ауылда кемі бір - екі мешіт болмады демесеңіз, қазіргідей ұшақ - ұшақ болып қажылыққа бармады демесеңіз, ата - әжелеріміз намазын да оқыды, оразасын да ұстады. Біреу - біреудің қойын, жылқысын ұрласа ұрлаған шығар, иә, ерегіспен тіпті бірін - бірі өлтіріп те қойған жағдайлар кездескен шығар, бірақ ол кезде қазіргідей 3 - 4 жасар нәрестелерді зорлайтын педофилдеріңіз атымен жоқ еді. Бұрынғы қазақ қызының қорғаушысы ұлдар мен інілері, жезделері мен құрбы - құрдастары еді бүгінгі күні олардың өзі қорлаушыларға айналды. Өз әкесінен тартып, өгей әкесіне дейін, қызды көрсе қылмың қаққан, жігіттердің арсыздығы, аиуани қылығы ұрпақты аздырмай қайдан қойсын! Баламен ананы зорлық - зомбылықтан қорғайтын заң шығып, тыйым қоймаса бұл індет өте асқынып барады. Дініміздің дұрыс жаңғырмауынан болып, талай қазақтың қаны төгілді, жатпиғылдағы секталардың азғыруына еріп, талай жас жылады, қиналды, азды - тозды. жателде, жатжерде сүйегі қалды, зорлық пен зомбылықтың зардабын шекті. Араларында балалар да болды. Тәуелсіздік алғандағы біздің көрмегіміз осы ма еді?

Екінші. Отбасына орнаған кедейшілік - ұрпақтың азуына басты себепші болып отыр. Еліміздегі жалпы отбасының саны 2, 3 млн - нан астам деседі. Жарияланған деректерге сүйенсек олардың сексенге таяуы әлемдік бахуатты байлармен теңесе алатын шамалы екен. Жалпы ұлттық буржуйлардың негізі қаланған тәрізді. Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті. Білікті уәлидің сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы - 600 мыңға таяу көрінеді. Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен.
Қазақ қоғамының өткен тарихына көз жүгіртсеңіз, өлкемізде, жалпы аумақта, тыныш - тық орнап, адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып - жойылып, тентіреп безіп, ауып - көшіп, зар еңіреген заман да болыпты. Бірақ, қай - қайсысы да ұзаққа созылмапты. Яғни, қазақ халқы тәуелсіздік үшін бір сәт те бос отырып, уақыт өткізбеген. Қалыпты тірлік жасау үшін еш уақыт та күрессіз қарап жатпаған. Осыған сай қазақ қоғамында, бай да, кедей де ғұмыр кешкен - ді. Қазақ байларын: аталы бай, арқалы бай, сасық бай, сараң - қарау бай, жаңа бай - деп, ажыратқан. Ал, кедейлерді: кеуделі кедей, кемшін кедей, тақыр кедей - деп бөлген. Бүгінгі таңда, қазақтың жоғарыда аталған байларының бірі де жоқ, тек жаңа байлар ғана бар. Кәзіргі жаңа байлар: жылпос байлар, жымқырғыш байлар, жантық байлар - деп аталып жүр. Ата - бабасынан қалған дәулетті капитал болдырып, оны нарыққа салып, өсірген, табысын дорба - лап отанымызға тасып ырыс жинаған бірі де жоқ. Қазақтың байлығын меншіктеп алып, оны өндіріп, өңдеп сатып, осы негізде пайда тапқандар. Кейбірі халық дәулетін өте жасырын жолмен жымқырғандар. Қалғаны аға - көкесі, тамыр - танысы арқылы, кредитке қолы жетіп, шамалы болса да ісмерлікке, іскерлікке төселгендер.. Қазақтың атымтай жомарттары жоталы байлар мен кеуделі кедейлерде көп болған. Бүгінгі жомарттар атымтайлығынан гөрі ауыз басарлығы артықтау болып барады. Егер жалпақ жұрт олардың «дәулетіне» барлығы бірігіп таласа қалса, айырылып қалатынын біледі, әрине. Ырыстық ахуалы осындай денгейдегі қоғамда, бүгінгі жағдайда, отбасына кедейшіліктің орнауына мүмкіндік туған. Кедейшілік орнауының басты себебі - қазақ отбасының көбінің дәулеті сарқылып, ырысы суалған. Олардың әрбіріне, жеңіл машина ұсынсаң да, миллиондап ақша берсең де, әзірге көтеріле алмайды. Себебі, қарапайым қазақотбасы осы күнде ешбір дүние мүлік, дәулет ырысқа пе емес. Кедейлік отбасынан, асып ауылды қамтыған. Келешегі жоқ ауыл деп бұған дейін 97 ауыл жойылған болса, енді 400 ауыл жойылуға жоспарлануда. Қаланың өзінде кедей отбасының саны да артуда. Осындай кедейшіліктің салдарынан болып, олар бала асырап бағу, тәрбиелеп дамыту міндетін атқара алмай қалған.

Үшінші. Мектептердегі күллі тәрбиелеу ісі көпірме, даңғаза, жалаң ілімдерге негізделіп көлгір жүріліп, солардың жетегінде кеткен. Бұлай болуының негізгі себебі білім беру саласын «педагогикасыз - басшылар» басқарған және педагогикалық іргелі ғылымдар дамымай қалған. Бұған дәлелді көптеп келтіруге болумен қатар мақала шанағына сай ең соңғы жасалған тәрбие тұжырымдамасындағы тәрбиенің атқарылу жолын, басым бағытын қысқа алып қарастыралық.( Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Астана 2014).

«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»- Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтайтын;- қоғамға тәрбиенің басым рөлі мен бағытын көрсетіп беретін;- білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етудің теориялық негізін анықтап, практикалық бағытын көрсетуге тиісті аса маңызды құжат екені белгілі. Бүгінгі жағдаймен, қазақта ағартушылық философиясы болғанымен білім философиясы жеткілікті дамымағандықтан жоғарыдағы мақсаттар мен міндеттерді айқындауда тікелей көмек бере алмай отыр. Ал, тәрбиенің тұжырымдамалық негізінсіз Қазақстанның тәрбиелеу жүйесі басқарылмасы анық. Осы қолдағы бар құжатта: Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие. Екінші бағыт – Рухани - адамгершілік тәрбие. Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие. Төртінші бағыт - Құқықтық тәрбие Бесінші бағыт — Отбасы тәрбиесі. Алтыншы бағыт — Көпмәдениетті тәрбие. Жетінші бағыт — Еңбек және экономикалық тәрбие. Сегізінші бағыт — Жалпымәдени және көркем - эстетикалық тәрбие. Тоғызыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие. Оныншы бағыт — Дене тәрбиесі, саламатты өмір салты. Он бірінші бағыт — Экологиялық тәрбие. Он екінші бағыт — Ақпараттық мәдениет тәрбиесі - деп көрсетілген. Бұған қарағанда ат - атауы мен мазмұнындағы жаңалықтар мен өзгерістер бар болғанымен астарынан коммунистік тәрбиенің құрамдас бөлігі айқын көрініп тұр. Бізді қызықтырған басым бағыт алған тәрбиенің үшіншісі - Ұлттық тәрбие. Ақпараттық тәрбие, заман тақауыры және даму көкжиегінің кеңуін көрсетіп тұр. Мәселені екінші жағынан қарап көріңіз. Осы он екі бағыттың оны жалғыз – Ұлттық тәрбиенің құшағына сиысып кетеді. Мысалы, зияткерлік тәрбие - ұлттық тәрбиеде өте тиянақты әрі терең мазмұнмен жүрілген. Ал, рухани адамгершілік тәрбие - ұлттық тәрбие үрдісінде тым жоғары нәтижеге жетіп, ұлт санасын, ділін, психологиясын қалыптастырған. Айғаным әжеміздің өзі сонау заманда Шоқан мен ауыл балаларына зияткерлік тәрбие беруде қандай құралдар мен амалдарды қолданып, нендей нәтижеге жеткенін есіңізге түсіріңізші! Үшінші жағынан алып қарасаңыз тұжырымдамада ұлттық тәрбие жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ғана болып берілуі оның толыққанды зерттеліп, жан - жақты зерделенбегендігін көрсетіп тұр. Ал, өмірде, ұлттық тәрбие тетіктерін, тәсілдерін қолданып, жолдарына түсіп, амалдарын керектеніп ұрпаққа зияткерлік және адамгершілік рухани тәрбие беруде жетістікке жетіп жүрген тәрбиеші ұстаздар бүгінде бар ғой.

Ұлттық тәрбиенің ең елеулі бір заңдылығы баулу іс - әрекеті - бір ізді, сабақтас әрі жүйелі болу керек. Осы заманғы отбасында, балабақшада, мектептегі тәрбиелеу ісінде жүйелілік жоқ. Әр сатылы мектептің әр сыныбына аталмыш оқу жылында биязы әдеппен жібек мінездің қандай үлгілерін ұқтырып үйретіп, келесі сатысында қандайын үйретуге тиісті екені белгісіз, жоспарсыз, бағытсыз, есепсіз күн кешуде. Үйретіп ұқтырғанымыздың қаншасы қай оқушының бойына қаншалықты сіңгеніне бағам жасауға тіптен дәрменсізбіз. Солай бола тұра, «биязы әдеп - адамшылық айнасы», «жібек мінез - бақытқа жету бастама - сы»- деп сарнаймыз. Осындай екіұшты, тұрақсыз, ғылыми негізі әлжуаз бағыт - бағдарлар, ілімдер мектептегі, балабақшадағы тәрбиелеу жүйесіне басшылыққа алынатындықтан Қазақстанның тәрбиелеу жүйесінде көпірме, даурықпа, көлгір тәрбие кеңістігі пайда болған. Ұрпақтың азуына негіз болған түпкі себептің қайда жатқанын осыдан бағамдай беріңіз! Міне не кемшін тұр? Дәстүрмен байытылған ұлттық тәрбие қоғамда жаппай салтанат құрып, тұрмыс салтымызға, тәрбие жүйемізге жанасып келіп, кірігіп кете алмай жүр. Оны дұрыс бағалап, жарата алмағанымыз басқа жұрттан да ұят болды. Семенов - Тянь - Шанский қазақтар туралы: "Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт - дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім!" деген екен. Осы білімді біз қандай білімдермен ауыстырып алдық? Көпірме ілім - насихаттар бүгіндері біздің қоғамға тастай батып, судай сіңіп ғұмыр кешуде. Істемегенін істедім деп көпіріп мақтану, жетпеген жетістікті қолға келтірдім деп тоқмейілсіну, ғылыми негізсіз өзгертулер мен толықтыруларды тосыннан жасадым деп жалған жасампаз күрескер атану, мансап, атақ даңқын бұлдап айбаттанып елету, жаңалап жіберудің орнына, жаңғыртып жатырмын деп салғырттыққа салыну. Жат пиғылдағы діндер насихаты, қарапайым халықты діни ұғымдағы азаптар мен тозақ арқылы үркіту - қорқыту үгіті, адамгершілік - рухани білімді жалған жасанды әдіспен жас ұрпаққа жеткізу, ортамызға «аударма тәрбие» әкеліп тарату т. с. с. Міне. мұның бәрі жасұрпақты аздырып, адамшы - лықтан ажыратуға мәжбүрлеуде.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым - жазушы) 10. 09. 2019
1 561
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайран қазағым,ұрпағың адамшылықтан алыстап барады
Қайран қазағым,ұрпағың адамшылықтан алыстап барады
Тәрбие деген Тәңіріңіз дәл осы замандағыдай күрделеніп, тәрбиелеу ісі қиындап, тығырыққа тірелу қазақ тарихында болған емес.
Келешектің мектебі осылай болады деп еді...
Келешектің мектебі осылай болады деп еді...
«Мектеп деп баланың (ересектердің) ақыл - парасаты мен ой - өрісін жетілдіретін тәлім - тәрбие алатын орданы, ошақты, ұжымды атаған.» Мәселен өмірлік мектепке отбасы, ошақ қасы, той мереке, ойын сауық алаңы, медресе - мектеп, еңбек мейрамы, ақындар
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
«Қазағым», «елім», «жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың - жыртың мағынасыз күлкі, қу сөзді, мылжың, бөспе, күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзу себебі - өз малына өзі ие емес сорлы.
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Өлкенің тума таланты Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы
Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы
Отбасы тәрбиесі - қоғам негізінің бастауы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі Шермұхан Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×