Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық - сақтау ережелері

26 қазан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы:«Денсаулық - сақтау ережелері»
Мақсаты: Оқушыларымыздың денсаулық сақтау ережелері жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Міндеттері: 1. Денсаулық туралы түсінік беру.
2. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар.
Әдісі: Сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру.
Ал, балалар жаңа сабақ бастамас бұрын орындарымыздан тұрып бір - бірімізге сәттілік тілейік. Адам өмірінің 90% жақсылықтан, 10% жаман нәрселерден тұрады екен. Сондықтан бір – бірімізге жақсылық тілейік,
Шаттық шеңбер
Хош келдіңіз, қонақтар! Бізге келсек... Сабақтан біз қалмаймыз, Үлкендерді сыйлаймыз. Айтқан ақылды ойға түйіп, Денсаулықты сақтаймыз.
Екі топқа бөлу, топқа атқою, топ басшысын сайлау.
1топ.(Денсаулық), 2 топ.(Байлық) Ұрандары: 1топ: Денсаулық - зор байлық. 2 топ: Бірінші байлық - денсаулық.
Өткен сабақты пысықтау. Ойын «Ыстық картоп»Балалар сұрақ менен, жауап сендерден. 1. Биосфера дегеніміз не? 2Биосфера терминің ұғымы? 3. Қанша метр биіктікке дейін тіршілік кездеседі? 4. Судағы тірі ағзалар қанша метр тереңдікке дейін кездеседі? 5. Тірі ағзалар дүниесіндегі негізгі екі топтың біріншісіне не жатады? 6. Тірі ағзалар дүниесіндегі екінші топына не жатады
Жаңа сабақ Сөзжұмбақ шешу.
1. Мячик
2. Вишня
3. Хлеб
4. Молоко
5. Медведь
6. Вода
7. Рыба 8. Лыжи
9. Ложка.

 
Аяқталмаған сөйлемді жалғастыру.
Бақытты өмір – бұл.... (Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады)
*Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу.
Д – дұрыс демалу.
Е - ерінбеу
Н - ниеттену
С – спортпен шұғылдану.
А – ағзаны шынықтыру
У – уақытты дұрыс пайдалану.
Л – лайықты өмір сүру
Ы - ынта – ықылас алға жетелейді
 Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады.
Кіріспе сөз.
 Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Денсаулық:
 Табиғи күш. Дұрыс тамақтану. Тазалық. Дене шынықтыру.
Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық - дұрыс тамақтану.
Денсаулық - тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық - тазалық сақтау.
Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық - тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
 «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»
Біздің елімізде 17 млн адам бар, 2050 жылдарда 11 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиялық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
 Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
1 слайд.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқым қуалаушылық.
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
6. Тазалықты сақтамау.
7. Отбасындағы кері жағдайлар.
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
2 слайд.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
 8. Эмоциялардың оң болуы.
Бейнеролик (Денсаулық) Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Постер әдісі: екі топқа тапсырма.
1топ. Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар. 2топ. Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар.
- Сонымен, балалар, басты байлық не екен? -- Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек?
«Ойлан тап» Денсаулық туралы мақал - мәтелдер. Бірінші байлық - денсаулық,
денсаулық кепілі тазалық.
Тазалық – саулық кепілі, Саулық - байлықтың негізі.
Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, тамағынды тый.
Ас адамның арқауы.
Мөлшермен ішіп - жесең, денің сау болады.
Спорт - денсаулық кепілі.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуімен болады бақытты өмір.
Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
Жалқаулық - жаман ауру.
Еңбектен асқан ем жоқ.
Сөз құрастыру: әріптерден екі топ сөздер құрастыру. Оны қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту.(Денсаулық,, тазалық, тамақ, дене шынықтыру.)
Ойын:(Кім көп біледі?) жалғасымен жауабын кім шешеді. 1Дана көптен шығады....... (дәрі шөптен шығады) 2Бірінші байлық -.............(денсаулық) 3Ауырып ем іздегенше......... (Ауырмайтын жолын ізде) 4......... қара шашынды тара.(Айна) 5Дені саудың.......(жаны сау) 6........... денсаулық кепілі.(Тазалық) 7Ішің ауырса аузыңды тый. Көзің ауырса......(қолыңды тый) 8Шынықсаң........(шымыр боласың) 9Денсаулық......(зор байлық) 10…..... адамның арқауы.(Ас) 11Ауру батпандап кіреді.... (мысқылдап шығады) Оқушы: Денсаулық - ол шыныққан Барлық денең мүшесі Денсаулық - тыққан Жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық - ол күлүдің Көңіл - күйі жадырай Денсаулық - ол жүрудің Ешбір жерің ауырмай. 
Бағалау.
Қорытынды:
 Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің білім бөлімінің
Денсаулық сақтау ережелері
(ашық сабақ) Қатысқан: 5 «б» сынып оқушылары
Үйірме жетекшісі: Абдикасымоава Айгуль Сагынышовна
Шу қаласы
27 879
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық зор байлық.
Денсаулық зор байлық.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×