Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы - ай мен күндей

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Жақсы ай мен күндей.
Мақсаты: 1. Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Бөлім бойынша алған білімдерін, ойларын өз тілдерімен қорытып жан - жақты айта білуге үйрету. Оқушы бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.
2. Оқушыларды ойлауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға баулу, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
3. Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып, ХХІ ғасырдың саналы, ізетті, сегіз қырлы, бір сырлы, мәдениетті азаматтары етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдістері: СТО, көрнекілік, сөздік, кесте, сұрақ жауап, шығармашылық тапсырмалар.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Осы бөлімде нені үйрендім? Нені оқып, білгім келеді?

Балалар, бүгін біз « Білім еліне» саяхат жасаймыз. Біз «Жақсы ай мен күндей» атты үлкен тарауды аяқтадық. Осы сабақта тарау бойынша алған білімімізді толықтырамыз, пысықтаймыз. Білім еліне саяхатымызды бастау үшін алтын қақпаны ашып өтуіміз керек. Ол үшін үй тапсырмасын бәріміз дұрыс орындасақ, алтын қақпамыз ашылады.
Алтын қақпа «Білім еліне саяхат»

Ақын - жазушылар ауылы.
ІІІ. Алтын қақпадан өтіп, білім еліне кіреміз. 1 - « Ақын - жазушылар ауылына» келдік. Бұл ауылда осы тарауда өткен ақын - жазушылар жайлы білімімізді ортаға саламыз.
Рефераттар, слайдтар бойынша топ басшылары қорғау.
1. Абай Құнанбаев.
2. Ыбырай Алтынсарин.
3. Шоқан Уәлиханов.
ІV. 2 - « Оқырмандар аулына» келеміз. І топ сауалнамаларға жауап береді.
ІІ топ тірек сызба бойынша сұрақтарға жауап береді.

V. 3 - «Шешендер аулына» келеміз. І топ: «Мың бір мақал» ойынын ойнау. ІІ топ: тарауда өткен сөздерді жаңа қайталау.
Риторика – шешендік өнер.
Алаша – қой жүнінен тоқылған төсеніш.
Шалғын – шөп шабатын жер.
Аптап – ыстық.
Ділдә - алтын ақша.

VI. 4 - «Әншілер, сазгерлер аулына» келеміз.
1. Құрманғазы Сағырбаевтың «Сарыарқа» күйін тыңдау.
2. «Шал мен бала» мәтінінен үзінді сахналау.
3. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін үнтаспадан тыңдау.

VII. 5 - ші «Билер аулына» келеміз. Өзіміз білетін билерді атайық. Билер әділ, тапқыр, ақылды, шешен болған. Еліндегі дау - жанжалды дұрыс шешкен.
Онда қазір біз 2 топ арасында пікір таласамыз.

І топ. ---------------------------------------------------- ІІ топ.
Жақсылыққа жақсылық бар. --------- Жамандыққа жақсылық бар.

VIII. 6 - « Білгірлер ауылына» келеміз.
Кубизм әдісі бойынша сабақта өткенді қайталау.

1. Біз қандай тарауды аяқтадық?
2. Қандай ақын - жазушылардың өмірінен үзінділер оқыдық?
3. Қандай әнші, күйші, сазгерлермен таныстық?
4. Осы бөлімде ақын - жазушылардың, ағартушылардың өмірлерінен үзінділер оқыдық, олардың өнегелі өмірлерінен үлгі ала отырып, болашақта қандай тұлға боламыз?

IX. Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің еңбек туралы жазған әңгімелерін оқып келу.
3 191
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Білім еліне саяхат»
«Білім еліне саяхат»
Мақсаты: 1. Балалардың алған білімдерін бекіту, жетілдіру, толықтыру. Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға үйрету.
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын айтуға машықтандыру. Балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Алға ауданы №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкер - шілікке, өз бетінше білім алуға баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Түбір мен қосымша.
Түбір мен қосымша.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×