Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дамыта оқыту технологиясының оқушы біліміне тигізер әсері

16 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Дамыта оқыту технологиясының оқушы біліміне тигізер әсері.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жастардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту. Білім беру жүйесіндегі бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару. Ендеше жеке тұлғаның қасиетін ашып көрсету заман талабы. Баланы жан – жақты дамытуды тек қана тәрбие саласы емес оқыту процесіне де асырылып жатады. Оны күнделікті оқу тәрбие жұмысы әр сабақтан байқауға болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сабақ беретін әр пәнде оқытушы ізденіп пайдаланып келгенде, қазіргі оқу талабының қойып отырған әдіс, тәсілдерін қолдана отырып жоспарлау керек. Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерін қолдана білсе, оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады.

Мен өз сабақтарымда дамыта оқыту технологиясы бойынша жоспарлап жүргіземін. Мұғалімнің оқыту шеберлігіне байланысты оқушыларды топқа бөліп орталықтарға бөлу тәсілі және
1. Оқу және жазу орталығы.
2. Математика орталығы
3. Ғылыми зерттеу орталығы
4. Өнер және драма орталығында оқушыларға тапсырма береміз. Мұғалім тек басшылық жасап, қорытындылап отырады.
2 - әдіс тәсілі.
Проблеманы қою және оны шешу. Ортаға бір ситуациялық сұрақ тастап содан шығу жолдарын іздеу жауап беру.
3 - әдіс тәсілі.
Өз ойларын толық жеткізу; сұраққа жауап беру. Оқытушы оқушы ойымен санасу, тыңдау, жауабын құптау, оқушыны сыйлау. әр баланың қабілетіне сену, жоғарыдан қарамай, оқушы бойының деңгейінде болуын мұғалім естен шығармаған жөн.
4 - ойын әдіс тәсілдері.

Ойнай отырып ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті, өзіне таныс емес сөздердің мағынасын ашады. «Фермерлер» ойынын бала шаршаған сәтте, балаларды сапқа тұрғызып әр баланың жауырыны саған қарап тұрған сенің сатып алған жеке меншік жерің деп ойлаймыз. Сендер фермерсіңдер. Осы жерді күтіп, баптаймыз деп сергіту жаттығуын жасай отырып баланы еңбекке баулимыз, үлкендердің еңбегін құрметтеуге, мамандық таңдауға және бір – біріне жақсылығы үшін алғыс айтуға тәрбиелейміз.

Мен бастауыш сыныпта еңбек етіп келемін. Білім кілті бастауышта тіл дамуы, тәрбие, білімге деген құштарлықтың оянуы да осы бастауыш сыныптарында 1 - 2 сыныптарда ойын арқылы тәрбиелеу. Оқыту балаға да оқытушығы да жеңіл рольдерге бөліп ойнау. «Алақан жылуы», «Денсаулық сақтау» хирург ойындарын баланың шамасына қарай ойнатамын.

3 - 4 сыныптарда дамыта оқыту технологиясының ғылыми орталықтарға бөлу әдістерін қолдану арқылы жүргізген сабақтарымды оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, өз бетінше ізденуіне, ауызбіршілікке және пәнаралық байланыс жасауда маңызы зор. Мұғалім ұзақ түсіндіріп, оқушыдан сұрап уақытын зая кетірмейді. Мысалы мен өз тәжірибемнен 1 - 2 мысал келтіре кетсем.
4 - сынып Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая»деген өлеңі бойынша сабақ өткіздім. «Брондық қозғалыс» ойынымен 15 оқушы 3 топқа бөлдім. әр топқа орталықтардың аты жазылған қағаз таратылды.
I топ. Ғылыми орталық. (Ғалымдар, жазушылар).
Оқулық ана тілі, анатілі дәптерлері, қалам т. б. Тақырыбы: «Адамға қанат керек» оқушы өз ойын дәптерге жазады.
Тәрбиелігі: Анаға деген құрмет, сүйіспеншілігін дамыту. Сөйлемді байланыстыра білу. (Қазақ тілі пәнімен байланысты).
II топ. Бейнелеу орталығы. Тақырыпқа байланысты сурет салу. Ұясынан құлап, ұша алмай жатқан балапан суреті.
Тәрбиелігі: құстарға деген қомқорлық. Өз ойын қағаз бетіне суреттеу, эстетикалық тәрбиемен ұштасса келеді.

III орталық. Өнер және драма орталығы.
Тапсырма. Ана туралы өлең, тақпақ немесе «Қанат туралы хикая» мәнерлеп оқып беру. Артистер ортадан бір оқушы шығып орындап шағын әдеби көркем бағдарлама (концерт) қояды.
Мұғалім тек басшылық жасап әр топтың жұмысын мұқият тыңдап, оқушыға қолдау, мадақтау көрсету керек. Орталықтарда барлық оқушы жұмыс жасауын қамтамасыз етуді оқытушы реттейді.
Сабақ басталарда, ситуациялық сұрақ қойдым. Балалар – адамға қанат керек пе? Әрине балалар жоқ адам ұшпайды ғой. «Қанат тек құстарға керек» - деді. Осы сұраққа жауапты ақын апамыз Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» өлеңнен табамыз – деп. Сабақты қорытындылау бөлімінде сол сұрақты қайтадан қойдым сонда балалар, Сол қанатым әкешім,
Оң қанатым анашым,
Қос қанатым болғанда
Табар өмір жарасым – деп адамға екі қанаты болады. Әке мен ана бір қанатың болмаса, мәңгі ұша алмай қаларсың. Анамызды аялап, құрметтеу керек.

«Әке асқар тау, шеше қайнар бұлақ, бала жағасында өскен құрақ» - деген мақал тегін айтылмаған дей келе «Алтын ана» әнімен қорытындылап ең жақсы жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймыз. Бұл әдіс тәсіл баланы ұйымдасып жұмыс жасауға, ізденуге, ойын дамытуға, уақытты үнемдеуге тәрбиелейді. Бала келесі сабаққа тапсырма алып ізденіп келуге дағдыланды.
Тәрбие сағаты. «Туберкулезден сақтанайық» тақырыбында тәрбие сағатында дамыта оқыту технологиясының әдіс тәсілдерін қолдана отырып жүргіздім.
«Суретке қарап топтас» ойыны бойынша 3 топқа бөлініп тапсырма бойынша жұмыс жүргізілді. Жалпылама іздену, тақырыбы мен мақсаты түсіндіріліп жіберілді.

I зерттеу орталығы. (Дәрігерлер)
Дәрігер киімі қағаздан қалпақ, ақ көйлек киіп келді.
Тақырыбы: Туберкулез ауруы, және одан сақтану жолдары. Дәптерге мәтін құрап, өз ойларын жазу, түсіндіру.
II топ. Бейнелеу. Өкпенің суретін салу сау өкпе және ауруға шалдыққан микроптар суретімен салу. (тапсырылды).
III топ. Өнер және драма тобы.
Артистер. Дәрігер мен науқас адам дәрі беру, ақыл кеңестер айту көріністер қойылды.
Оқушының бос іспен айналысуына уақыт жоқ. 45 минут қымбат, оқытушыда мақсатына жетіп, тақырыбын жан – жақты аша алады. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр мұғалімнің сабақты жоспарлай алуда деп түсінемін.
«Басталады өмірің аттауменен, жол ережесін сақтауменен» атты тәрбие сағатын ойын әдісі бойынша жоспарладым ситуациялық сұрақтар қойылды.

Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Жас жол инспекторлары сөйлейді.
3. Ертегідегі бұзықтар. (көрініс қою)
4. Көшеде жүру ережелері.
5. Сот залынан көрініс.
6. Ситуациялық сұрақтар.
7. Ән. «Әрқашан күн сөнбесін».
8. Қорытынды.

5. Сот залынан көрініс бөлімі бойынша сабақ мақсатына жетті.
Тұманбай Молдағалиевтың «Болар бала еді ол» өлеңінің мазмұны бойынша сот іс қарады. Оқушыларды 2 топқа бөліп ақтаушылар, қаралаушылар (дебат әдісі). Сот 1 оқушы, үкім оқитын 1 оқушы кінәлі: жүргізуші 1 оқушы ойнайды. 1 топ жүргізушінің туыстары.
II топ. Арманның туыстары.
Соңында жүргізушіні кінәсіз деп тауып, үкім шығарылды. Көше ережесін дұрыс сақтамаған, көлік жолына доп ойнаған. Арман деген баланың кінәсінен қанша адам зардап шегіп, қайғы жұртты – дей келе сабақты қорытындыладым. Әрине 1 сабақта бала бойына жақсы қасиет ұялаттым деп айту қиын. «Тәрбие, оқу – инемен құдық қазғандай» бала ойына жаман, жақсы қылықтар туралы түсінік қалыптасатыны анық. Әр педагог жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізсе, өз жемісін беретініне сенемін.
15 517
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері
Рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру негіздері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Рыскалыева Қалыдгүл Ондасынқызы
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Қарқаралы қаласы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанова Асель Карибаевна
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану
Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану
Сайрам ауданы Қарасу ауылы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×