Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас маманның - кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы тәлімгер - ұстаздың рөлі

21 қазан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Жас маманның - кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы тәлімгер - ұстаздың рөлі».

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында сапалы білім беру туралы мәселе ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр және Қазақстанның индустриалды - инновациялық бағытта дамуының негізі болуға тиіс екені көрсетілгендей, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, балалардың білімін бағалаудағы мониторинг мен бақылау – диагностика амалдарын меңгерту, мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға да үлкен міндеттер жүктейді..
Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау. Біз тәлімгерлер өз жұмыс жоспарымызды әрқайсымыз өз бетімізше құрамыз. Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы мынадай үш кезеңнен тұрады:
Тәлімгер
I Бейімделу
II Өзекті – бастысы
III Бақылау

Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесіне, мінезіне, көңіл – күйіне қарай отырып, оның икемділігін анықтаймын. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқаймын. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым - қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетіне орай аша білдім. Оның эрудициясын /білімді, ойсанасын/. Міне енді осылар арқылы тестер, диагностика, сауалнамалар әзірлеймін

Әрі қарай жас маманға тәлімгерлік жұмысымды былай ұсынамын: бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ - жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.

Жас маманға әр қарай Рудакидың сөзімен бастайын:
«Жүрегіңмен сезбесең,
Әлемнің сырын ұқпайсың.
Көзіңмен көрем дегенмен,
Барлығын байқап шықпайсың» дей тұрып, тәлімгерлік жұмысымды бақылау жасап, үнемі тексеріп отырамын. Білім беру жүйесінде яғни жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне зияткерлік даярлығы бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау тәлімгерлік жұмысым. Әрбір жоспарын алынған іс әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауын қадағалаймын, бағыт бағдар беріп отырамын.

Жас маманға жеке дамуына «Тілдесу» тақырыбында тренинг әдісінде - ойын: «Кәсіби тілек» /мәдениетті, тұлғалы сөйлеуге үйрету/. Өз ой пікірлерін дәлелдейді. Жаттығулар: мақсаты - болашақ тәрбиеші - педагогтің зейіні мен назарын тұрақтандыра алу қабілеттілігін бақылау. Мысалы: тақтаға 5, 7, 8, 1, 3, 4, 2, 9, сандар жазылып, үш секундтан кейін өшіріледі. Сол сандардың ретін есте сақтап, қағазға түсіруі керек. Екінші варианты: мен 1 - 20 - ға дейінгі сандарды жазамын, ретін сақтамай, тез - тез, ол оқиды. Үшінші жұмыс: Өз аты - жөнін тақтаға жазып тұрып, әріптерін кері оқу. Қорытынды. Рефлексия. Үйге тапсырма: «Мен тәрбиешімін, менің мақсатым» Эссе жазу. Келесі эвристикалық әдіс немесе продуктивті, яғни бұл жекелей іздену жұмысын балаларға үйрету болып табылады. Мысалға оқу іс - әрекетінде, ойын үстінде болсын. т. б. жағдайларда балаға шешімін қайдан табуға болатынын суреттерден көрсетуге үйрету.
Өзімнің ең бастысы мақсатым оқу жылына қойған: «Қарлығаш» тобының «ОК клубы»- ң ұраны «Өзім жасап, өз - өзімді мақтаймын» іздемпаздық заманауи прогрессте жаңа шығармашыл ұстаз жұмыс жоспарымды қосымшаға тіркедім. Бірлескен әдісті қолдана отырып, Муира заңын ашамыз: «Біз біреуін тартып шығарамыз дегенде, ол қалғандарына жалғасып байланған» дегенді білдіреді. «ОК клубындағы» мәселелі жұмыс, мысалы: «Құс науасын жасауға қандай құралдар қажет?», «Жыланның велосипеды қандай болмақ? т. б. зерттеу жұмыстары: « Сиқырлы дыбыстар», «Су, от, ауа, құм құпиясы»т. б демалыс - кештері: «Ауырып қалған Ердәулетке сыйлық», «Ықшам - мұражай», «Дизайн - орталығы», «Дарынды балалар сайысы», «Күлкі күні», «Өлшеу мерекесі», «Құрастыру бюросы», «Ғажайып алаң», көрініп - көрінбейтін іс - қимыл /зат/, мысал: Бір күнде неше рет есік тұтқасын ұстадық? Ол туралы не айтамыз? Жарыс: «Бір әкелгенде, мол әкел»т. б. «Бір күн түсіндіргеннен, бір сағаттық жұмысты көп үйрет» Ж. Ж. Руссо сөзімен әлеуметті сеніммен жекелік тәрбие құпиясын ашып, жағдайды туғызу қорытындысы, балалар өздерінің өскендерін сезініп, тек алға ұмтылатынын, ескертемін. Келесі тәлімгерлік міндетім жас мамандарды жаңа терминді сөздермен таныстыру семинар жұмысы: «Жаңалықтармен жетілдіру».

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Эссе
Эссе
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×