Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жоспарлау әдісі туралы түсінік

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: «Жоспарлау әдісі туралы түсінік»
Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан - жақты дамыған, өзіндік ой - пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс - тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В. Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды.

1. Ең біріншіден жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. «Жоба» (лат.)- алдында жүретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жүретіні сөзсіз.«Әдіс»- белгілі бір мақсатқа жету үшін практикалық немесе теориялық білімдердің ізденудегі жұмысы, дидактикалық категория. Жобалау әдісі бұл - белгілі бір мәселені оқу - әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені шешуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жобалау әдісін мұғалімдердің жобалық оқытуында қолданылатын педагогикалық технология деп түсінеміз.

2. Әлемдік педагогикада жобалау әдісі жаңа емес. Ол 1920 жылы АҚШ - та пайда болған.
Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс - әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс - әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс - жүзінде пайдалануы.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.
Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс - әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс - әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Оқу үрдісінде сапалы білім беруге арналған жаңа технологияларды пайдалану жолдарының тиімділігі
Қай заманда, қандай реформа болсын білім беретін мекеменің басты тұлғасы – мұғалім. Ал бүгінгі таңда білім беретін мекемелердің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×