Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде денсаулық сақтау ортасын құру

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде денсаулық сақтау ортасын құру

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” (Т. Карлейль)

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған, денсаулықты нығайту үшін оқушыларды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс - шаралар жүргізілу керек деген.

Міндеті:
Әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерді дамыту.
Оқу - тәрбие үрдісінде денсаулықты сақтау не үшін қажет?

Себебі:
1. Оқушылар уақыттарының көп мөлшердегі бөлігін мектепте, мұғалімнің қарамағында өткізеді.
2. Мұғалім оқушының денсаулығына түрлі жағдаймен әсер етуі мүмкін.
3. Дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл - күйі жоғары болады.
Мектептегі денсаулық сақтауға негізделген оқу - тәрбие процесінің өте күрделі және аз қарастырылған аспектісі - сабақ. Күнделікті сабақ барысындағы жан - жақты, артық ақпараттар ағыны, оның үдемелі қарқындылығы, шамадан тыс эмоционалды жүйке жүйесіне салмақ түсу, кикілжіңді орта, оқушылардың дене белсенділігінің шектеулілігі, олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін мұғалімдердің ескермеуі - осының бәрі бала денсаулығына әсер етпей қоймайды.
Сабақ барысында оқушылардың шаршауын болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де, мұғалімнің міндеті - сабақ барысында шаршататын әсерлерді азайту, сабақты ұйымдастыруда денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдіс - тәсілдерді қолдану.
Оқыту үрдісіндегі денсаулық сақтау технологиясының әдіс - тәсілдері:
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың көңіл - күйін көтеріп, сабаққа белсенді қатысуы үшін мынадай әдістерді қолдануға болады.

Ұйымдастыру кезеңінде
Тілек айту
Ерекше жағдай
Жұбыңды таныстыр
Көкөністер мен жемістер
Саңырау телефон
Презентация
Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде осындай әдістерді қолданамын:
Сөзжұмбақ
Брэйн - ринг
Мені түсін
Шпаргалка
Толықтыру
Шеңберде жұмыс жасау
Негізгі бөлімде
Миға шабуыл
Іскер ойындар
Рөлдік ойындар
Сахналық қойылымдар

Үй тапсырмасын беру кезеңінде
● Мазмұнына байланысты сурет салу
● Өз таңдауына қарай беру
● Баяндама, реферат, шығарма
● Жұппен беру
● Түртіп алу

Бағалауда
● Рейтинг
● Сенім несиесі
● Жұлдызша мен жалауша

Қорытынды кезеңінде
● Шеңберде тілек айту және анализ жасау
● Шеңберде қол алысу

Осындай түрлі әдістер оқушылардың сабаққа белсене қатысып, қызығушылығын арттыруға, шаршамауға көмектеседі. Сонымен қатар мектеп оқушысының ағзасына түрлі түстер де әсер етеді.
Мектеп оқушысының ағзасына зат түсінің әсері
Қызыл түс
- Қан айналымының жұмысын жақсартады
- Гемоглабинды жоғарылатады
- Есте сақтау қабілетін жақсартады
- Активизация кезінде, жаңа тақырыпты игеру кезінде, рефлексия кезінде
Қызғылт түс
- ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады
- эндокриндік жүйенің жұмысын жақсартады
- тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады
- танымдық әрекет процесін арттырады
- анализ және синтез процестеріндегі сөйлеу мәнерін жақсартады
Дене шынықтыру, әдебиеттік оқу сабақтарында
Сары түс
- бұл мектеп оқушысының интеллектуалдық дамуының түсі
- оқу үшін ең жақсы түс
- ол барлық психикалық есте сақтау, сөйлеу, логикалық ойлау жұмыстарын, сезінуді, байқауды жандандырады
Барлық сабақтарда, барлық дәл есептеулерді қажет ететін ғылымдарда.
Жасыл түс
- жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіретін түс
- адамға түсетін ақыл - ой және статистикалық күштерді төмендетеді
- мектепке дейінгі мекемелерге өте қажет
- холериктерге, меланхоликтерге карточка ретінде қажет
- бақылау мен тесттік тапсырмалар кезінде оқу материалын бекіту үшін қажет
Өздік жұмыста, жұппен жұмыста
Көгілдір түс
шаршағанды жою релаксациясының түсі
сөйлеу жұмысын, творчествалық ойлануды жандандырады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 823
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Оқушылардың өз денсаулығына жаңаша көзқараспен қарап, оны сақтауға үйрету, балалардың өз денсаулықтарын сақтауға, тазалыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Оқушылардың денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастыру мәселелері
Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мукантаева Нургуль Кайратовна
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу
Қарағанды қаласы. №23 ЖББО мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Каппаровна Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру күн тәртібінде тұрған
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×