Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын тілінен 1 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары

11 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
1 сыныптың ағылшын тілі бойынша сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Toys
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Toys» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру (a plane, a train, a doll, a ball, a car). Ойыншықтардың атауын білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын калыптастыру. Аа әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту [æ] и [ɔ:].

Күтілетін нәтиже:
пәндік: ойыншықты атау дағдысын, қызықтыратын ойыншық туралы ақпарат сұрау және бұрын үйренген лексика мен грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып, ол туралы шағын диалог құру дағдысын қалыптастыру. Аа әрпінің дыбыстық бейнесін оның графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: ойыншықтарға ұқыптылықпен қарауға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;
жүйелік - әрекеттік: оқу және коммуникативтік, соның ішінде шығармашылық сипаттағы кызметтің міндеттерін орындау (шағын диалогтар бойынша рөлдер ойнау).
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға және арналған смайлдар, ойыншықтар бейнеленғсн флэш - карталар.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет салу.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру сәті.
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning!
I am glad to see you!
Good morning, good morning
We are glad to see you!
How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down, please.

II. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

Бүгін біз ойыншықтардың атауымен танысамыз және олар тура­лы әңгімелеуді үйренеміз. Сонымен қатар ағылшын әліпбиінің бірінші әрпі Аа әрпімен танысамыз.

III. Тірек білімді белсендіру.

Фонетикалық жаттығу.

Балалар, бізге кімнің келгенің қараңдар. Mr. Wise Crow - мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Crow: Hello, children. How are you?

Бүгін [ɔ:] дыбысын айтып үйренеміз. Бұл дыбысты кандай жағдайда айтамыз? Дұрыс, таңғалғанда. listen and say [ɔ:] [ɔ:] [ɔ:]. Бұл дыбыс кандай сөздерде естіледі? (Cl.: board, morning.) Well done!

IV. Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
I - жаттығу. Learn the new words.
Look at this picture, listen and repeal after me: (Сөздерді оқимын, оқушылар тыңдайды және артынан кайталайды).
It's a plane. It's a train. It's a ball. It's a doll. It's a car.
Оқушылар оқулықтағы суретті көрсетеді, «What's this?» деген сұрақ қояды және бір - біріне заттарды атайды.

2 - жаттығу. Listen and learn.
Балалар, Муни біздің кейіпкерлерімізге қонаққа келді. Олар Муниді ойнауға шақырады: Let's play. Listen and say after me: Let's play. Now, let's listen.

Тыңдағаннан кейін мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: «Муни ойыншықтарды дұрыс атады ма?» (Муни басқа ғаламшардан келді ғой, ол барлық сөздерді біле бермейді). Әлібектің оның сөзін қалай түзеткеніне назар аударыңдар.

(Оқушылар аудиожаттығу мәтінін тыңдайды.)
Track 28.
I - сурет.
Муни: Hello, Alibek and Anar. How are you?
Anar: Fine, thank you. Let's play.
2 - сурет.
Муни: Oh, look! It's a plane.
Әлібек: It's not a plane. It's a train.
3 - сурет.
Муни: It's a ball.
Әлібек: It isn't a ball. It's a car.
«Муниге көмектесіңдер» атты рөлдік ойын.
Оқушылар жұптасып, заттарды таңдайды және тыңдалған материалға ұқсас диалогтарды рөлдер бойынша ойнайды. Мысалы:
Pupil I: It's a train.
Pupil 2: It's not a train. It's a car.
3 - жаттығу. Learn the new letter and new words.
Балалар, Бүгін біз ағылшын әліпбиінің алғашқы әрпімен танысамыз. Ол Аа әрпі. Әріптермен және дыбыстармен танысу үшін досымыз. Mr. Wise Crow - ты шақырамыз. Look at the picture, listen and say Aa.
Суретте осы әріптен басталатын заттар бейнеленген. Listen and say: apple, ant (мұғалім алманы, құмырсқаны көрсетеді), apple, apple (мұғалім алманы көрсетеді).
Балаларды белгісіздік «аn» артиклімен таныстыру. Бұл артикльдің қалай қолданылатыны туралы айту. Жаңадан танысқан сөздерді қолданып балалардың сөйлем құрауын сұрау.
It's an apple.
It's an ant.
Әріп Aa деп аталатынына, бірақ көбіне [æ] деп айтылатынына назар аударыңыз. Балалармен бірге:
A is for apple A is for ant
сөйлемдерін оқыңыз. Осы сияқты сөйлемдер әр әріпке берілген. Оларды балалармен бірге оқыңыз.
Track 29 a, a, a
[æ] [æ] [æ]
[æ] apple, [æ] apple
[æ] [æ] [æ]
a, a, a.
[æ] [æ] [æ]
[æ] ant, [æ] ant
[æ] [æ] [æ]

Сергіту сәті:
Bend and clap, clap.

Bend and stamp, stamp'.
Turn around and bend,
and stamp, stamp, stamp.

Дәптермен жұмыс
4 - жаттығу. Say what it is. Listen to the teacher and colour.
Оқушылар мұғалім суретте бейнеленген заттар туралы оқыған
сөйлемдерді тыңдайды, оларды түзетеді және заттарды бояйды. Мұғалімнің сөзі:
The ball is green.
The plane is red.
The train is blue.
The car is yellow.
The doll is red.

5 - жаттығу. Match.
Окушылар суреттерге қарай, оларды сәйкес сөздермен сызық арқылы косады.

6 - жаттығу. Colour the picture and say the words.
Оқушылар заттарды бояп, атайды.

7 - жаттығу. Trace.
Оқушылар Аа әріпін айналдыра жазады, екінші жолды өз бетінше жазады.

8 - жаттығу. Write the letter. Translate the sentence.

Оқушылар сөздегі жетіспейтін әріп жазады және заттарды атайды.

V. Сабақты қорытындылау.
Бүгін әрқайсысын нені үйрендіңдер? Біздің сабақтан кейін үйде ата - аналарыңа не туралы айтасыңдар?

Бүгінгі сабақта жаңа сөздермен таныстық(оқушылар сөздерді атайды: plane, train, doll, ball, car). Қате сөйлемдерді түзетуді үйрендік. (Мысалы, It's not a plane. It's a train). Ағылшын әліпбиінің бірінші әрпі

Аа әрпімен таныстық және оны жазуды үйрендік. Бұған біздің досымыз Mr. Wise Crow көмектесті.

Well done! Goodbye, children!

Toys жүктеу
My favour ite toy жүктеу
Let 's play жүктеу
My pet жүктеу
I don't hav e a pet жүктеу
Farm and wild animals1 жүктеу
At the Zoo жүктеу
Progress test жүктеу
21 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Furniture – Жиһаз
Furniture – Жиһаз
Мақсаты: балаларды жаңа «Toys. Letter D» лексикасымен таныстыру. Жаңа Dd әріпін және осы әріптен басталатын dragon сөзін үйрету. Жаңа car, doll, robot, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін беру. Сұраулы «How manу?» сөзіне жауап беруді меңгеру.
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
At the Zoo
At the Zoo
Оқушыларды «At the Zoo» такырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен (a lion, a kangaroo, an eagle, a giraffe)) таныстыру. Көпше түрдеғі «these» сілтеу есімдігімен және «they» жіктеу есімдігімен таныстыру.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен тест
Бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен тест
Бастауыш сыныптарға арналған тест 1. Сөйлемді толықтыр. How _______ you?
Colours
Colours
Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы, Сағашилі орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Есенжулова Назерке Еркабыловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×