Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, білімдерін тиянақтау, төлдерімен таныстыру, оларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Төрт түліктің адамға пайдасы, үлкендердің көмегі, жануарлардың бір - бірінен ерекшелігі, ұқсастығы, айырмашылығы туралы әңгімелесу. Сөздік қорын дамыту, сипаттап байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Қолдарын жаттықтыра отырып, шөптің бейнесін салу, қарындашты дұрыс ұстауын қадағалау, суретке деген қызығушылығын арттыру. Сүйіспеншілігін баулу.
Сабақтың көрнекілік құралдары: Үй жануарларының және олардың төлдерінің суреттері, ойыншықтар, ақ қағаз, фломастерлер, қылқалам, су сүрткіштер.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру. Жануарлар туралы өлең, тақпақ, мақал - мәтел айту, жаттау, жұмбақ шешу.
Сабақтың барысы: Балалар бүгін біздің сабаққа қонақтар келді, қане амандасып қояйық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Тәрбиеші: Балалар сабақты бастамас бұрын денемізді жаттықтырып алайық.
Тәрбиешінің көрсетуі бойынша Таңғы жиын.
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелесеміз, қане тақтаға қараңдаршы ненің суретін көріп отырсыңдар, бұл төрт түлік малдардың суреттері. Мынау ненің суреті?
Балалар: Мынау сиырдың суреті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал сиырдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Сиырдың төлі бұзау.
Тәрбиеші: Дұрыс бұлар қалай дыбыс шығарады?
Балалар: Мө - мө - мө деген дыбысы бар. Ол мөңірейді.
Тәрбиеші: Сиыр бізге не береді?
Балалар: Сиыр сүт береді. Сиырдың сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігіледі.
Тәрбиеші: Сүттен не жасаймыз?
Балалар: Айран, құрт жасаймыз.
Тәрбиеші: Сиыр не жейді?
Балалар: Сиыр шөп, жем жейді, су ішеді.
Тәрбиеші: Сиырды қалай шақырамыз?
Балалар: Аухау, аухау деп шақырады (хормен айтады).
Тәрбиеші: Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қойдың суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Қой қалай дыбыстайды?
Балалар: Қой маңырайды, мә, мә, мә, мә деді.
Тәрбиеші: Ал қойдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Қозы, қошақан, деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Ешкінің суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, басында несі бар?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
33 567
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Ауылға саяхат
Ауылға саяхат
Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, оларды бір - бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды бекіту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×