Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ару Ана, асыл Ана, мақтанышын өзің ғана!

25 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Ару Ана, асыл Ана, мақтанышын өзің ғана!»
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз аналар, әжелер, апайлар мерекесі екенін ұғындыру. Еңбектерінің зор екенін түсіндіру, балабақша мен ата - аналар қатынасын нығайту. Балалардың анаға деген адамгершілік қасиеттерін, сөз мәнерін есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші:
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой

Балаларға ең жақыны сен ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана.
Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астында қылқиып, бәйшешек бой көтергендер, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді.
Біздің аналарымыз да бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекеңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болып шалқыған
Ана десем ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын - дей отырып, бүгінгі балабақшада өткелі отырған «Ару Ана, асыл ана, мақтанышын өзің ғана!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Тілекті ағытып бір тастайық,
Аналар мерекесін бастайық
Көздерінен көркем шаттық арайын
Өтсін солай әр күнің мен әр айың - деп аналарымызды құттықтау үшін балаларымыз тілектерін ән арқылы жеткізгісі келіп отыр екен.
Балаларымыздың орындауындағы хор: «Ақ мамам»
- Ендігі кезекті сайысқа қатысатын аналарымызды ортаға шақырайық.
1. Боранбай Еркеназдың анасы
Отарова Динара Рамазановна
2. Елкеев Мейірімжанның анасы
Елкеева Перизат Әлібекқызы
3. Мұрат Жанельдің анасы
Қиясова Арайлым Ермековна
4. Сүйіндік Қобыланның анасы
Жапакова Индира Тулесеновна
Тәрбиеші: Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман мен бақыт жолда,- демекші біздің сайыста әділ бағаларын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Балабақша меңгерушісі: Ә. Ж. Достанова
Ата - ана: Курманбаева Гульзипа
Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін
1 «Мен анамен ұрпағын әлдилеген». Таныстыру
2 «Көтерейік көңілді ән - жырменен». Өз өнері
3 «Өнерлінің қолы алтын». Қол өнер
4 «Сұлулық сыры». Сән үлгісі
5 «Сиқырлы гүлдер». Сұрақ - жауап
6 «Сүйікті тағам». Ас мәзірі
Тәрбиеші: Күткен мейрам құтты болсын баршаңызға
Көктем сәні келіп қапты ортамызға
Сайысушы аналарды шақырайық
Таныстыру кезеңін бір жалғасы - деп сайысымыздың алғашқы кезеңі таныстырудан бастаймыз!
1кезең «Мен анамын ұрпағын әлдилеген» (таныстыру кезеңі)
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізді қандай мереке?
Балалар: Аналар мерекесі
- Олай болса барлығымыз, апайларымызды, аналарымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз!
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Аналарымызға, әжелерімізге, арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Нұрасыл
Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Әлішер
Алақаны аялы,
Анам бар жаны саялы.
Кешіре білген кінәмді.
Әкем бар менің шыдамды.
Жамиля
Менің әжем сымбатты,
Әжем менің қымбатты.
Құрт пен майын жинайды,
Біздерге оны сыйлайды.
Ә. Әлихан
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден,
Анамызға сыйлаймыз.
Нұрайым
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі мамашым.
Әлпештеген баласын,
Аман болшы анашым.
Қ. Әлихан
Менің әжем - гүл әжем,
Алтын әжем - күн әжем.
Апам үшін мен үшін.
Нағыз ана - тілі әжем.
2кезең «Көтерейік көңілді ән - жырменен!»
Таңданайық өнерге тамсанайық,
Бәрімізде қол соғып қарсы алайық.
Шабыттансын, көңіл көтерілсін.
Өнерліні мақтанып жар салайық.
«Өнерлі өрге жүзеді»демекші келесі кезекті өнер сайысын тамашалаймыз!
Жарқынай
Мамаларды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Мейірімжан
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым күнім дейтін.
Адия
Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
З. Нұрхан
Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсын мейрамын,
Құттықтаймын анашым.
С. Кәусар
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрін де!
Алдияр.
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Е. Кәусар
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
Қобылан
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
3кезең «Өнерлінің қолы алтын»
Шеберлерім өнер шашып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтамыз төрелігін соңынан.
Қол өнер сайысына кезек берейік.
Біздің кішкентай Нұрасылымыздың орындауындағы ән: « Апам үшін» қабыл алыңыздар!
4 кезең «Сұлулық сыры»
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап.
Сән үлгісі кезеңі басталады.
Айдархан
Ананың әр бір сөзі, ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Аманат
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Еркеназ
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді.
З. Кәусар
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Ажар
Анам менің өмірдегі тірегім,
Анам менің - кеудемдегі жүрегім.
Дияр
Бала деген ана жүрегі,
Бала үшін ана өмір сүреді.
Бала көңілденіп қуанса,
Анасы да қуанады күледі.
Айзере
Менім анам ақылды,
Тарап берер шашымды.
Гүлді - гүлді әдемі,
Көйлек сатып әперді.
Самғат
Баққа гүл толғанда,
Біз оны жинаймыз.
Мереке болғанда,
Анаға сыйлаймыз.
Жанель
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
5кезең «Сиқырлы гүлдер» Бұл жандардың қылығына сай ісі,
Сәулеленіп тұрады әр бір жай ісі.
Аналарды шақырайық ортаға,
Ендігі сұрақ - жауап сайысы.
1. Жеті ата қалай аталады?
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
3. Жеті қазынаны атап беріңіз?
4. Қазақ ұлтық киімдерін ата?
5. Үш арсыз қалай аталады?
6. Тілашар тойы қай кезде жасалады?
7. Үш ырым айтып, оның мағынасын түсіндіріңіз
8. ҚР рәміздерің атаңыз
6 кезең «Сүйікті тағам»Ас мәзірі
Тәрбиеші: Бүгінгі аналарымыздың сайысы аяқталды. Ендігі кезекті әділқазылар алқасының бағалауына береміз. Әділқазыларымыз сайыстың қорытындысын шығарамыз дегенше балаларымыздың өнерін тамашалайық. Енді ортаны ашайық,
Інжу маржан шашайық.
Ән мен биді шалқытып,
«Көктем вальсі» биін тамашалайық,- балаларымыздың орындауындағы биді қарсы алыңыздар!
Аналарымыз сайыстың барлық шарттарын орындап шықты. Сөз кезегін бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын әділқазы алқасына сөз береміз.
Балабақшамыздың меңгерушісі: Достанова Әсел Жангелдіқызына береміз!
Тәрбиеші: Құтты болсын осы шаттық күніміз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Бүгінгі сайысқа қатысқан аналарымызға жеңістеріңіз құтты болсын барша әжелерімізге, аналарымызға, апайларымызға, бүлдіршін қыздарымызға 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын.
Көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз, құтты болсын. Отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш, шаттық, дендеріңізге саулық, ұзақ өмір тілейміз. Құттықтау сөз кезегі ата - аналарға беріледі.
Сау болыңыздар!
5 943
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Қыз еркем, өнерімен көркем
Қыз еркем, өнерімен көркем
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ниязова Жанылша Бековна
Аяулы аналар
Аяулы аналар
«Аяулы аналар» 1 - жүргізуші Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Балабақша аруы
Балабақша аруы
Ақтөбе қаласы, Мұғалжарауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×