Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маңғыстау - менің мекенім

25 шілде 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, МКҚК «Айгөлек»
балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева

Білім беру саласы: «Таным, Әлеуметтік орта, Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:«Көркем әдебиет, Математика, Мүсіндеу, Қоршаған орта»
Тақырыбы: «Маңғыстау - менің мекенім»
Мақсаты:Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып,
ғасырдан - ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани - адамгершілік қасиеті, ерлік рух,
әсемдігі жетілген тұлғаны қалыптастыру. Маңғыстау өлкесінің көрнекті жерлері туралы түсініктер қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:Туған жерге қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау, ой - өрісін дамыту.
Әдіс - тәсілдер:Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын түрлері.
Сөздік жұмыс:тарихи, ескерткіш.
Көрнекіліктер:Маңғыстау өлкесінің көрнекі жерлерінің суреттері, өсімдіктері, жануарлары, дидактикалық материалдар.

Балалардың қонақтармен сәлемдесіп шаттық шеңберіне жиналуы.
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық
Күннің нұрын шашайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Есік қағылып, топқа «Саяхатшы» кіреді.
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен, сіздермен бірге Маңғыстау өлкесінің көрнекті жерлеріне саяхат жасауға келдім. Саяхатшымызға қаламызды таныстырайық.
Қазір жылдың қай мезгілі? /«Көктем» мезгілі/
Көктем мезгілінде неше ай бар? /Көктем мезгілінде үш ай бар/
Қазір көктем мезгілінің қай айы? /Мамыр айы/
Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? /Күн жылынады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, жер көгере бастайды./
Балалар, сіздер қай өлкеде тұрасыз? /Маңғыстау өлкесінде/
Олай болса, ауданыңыз қалай аталады? /Түпқараған ауданы/
Сіздер тұратын қала қалай аталады? /Форт - Шевченко қаласы/
Форт - Шевченко қаласында қандай ескерткіштер, көрнекі жерлер бар? /Иса - Досан ескерткіші, мұражай, саябақ./

Маңғыстау туралы кім тақпақ біледі?
Мейрамбек:
Маңғыстау - көне тарих куәгері
Білмейміз қанша ғасыр, жыл ілгері
Бабалар басын құрап қоныс қылған
Шамасы жылдар өткен тым ілгері.
Батыр:
Маңғыстау - талай жақсы өткен жері
Мәңгілік ата - қоныс еткен жері
Сырт дұшпан көзін салмай кеткен жері.
Айым:
Маңғыстау - ошақ орны - жер киелі
Қызыл нар қоңыраулатып жүгін артып
Әжелер көш бастаған ақ түйелі.
Саяхатшы балалармен қоштасып, саяхатын жалғастырады.
Балалар, Маңғыстау өлкесінің
көрнекі жерлері өте көп екен. Мен сіздермен қоштаса отырып, саяхатымды жалғастырайын.
Балалар, Саяхатшымыз Форт - Шевченко қаласымен танысып, саяхатын Маңғыстаудың көрнекі жерлерін аралаумен жалғастырады. Біз де, белгіленген орталықтарымызға жайғасайық.

«Әлеуметтік»орталық

Маңғыстау облысы Қазақстанның Батысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Маңғыстау өлкесінің аумағы - мал шаруашылығының дамуына көп септігін тигізетін жусан өсімдігі өсетін шөлді аймақ. Маңғыстаудың табиғаты ғажап, теңіздің таза ауасымен тыныстайтын балық аулау мүмкіншіліктері құм жағалаулы Каспийдің жартасты жүздеген аймақтыі болса, шөлдердің көрінісі болып табылатын құмды аймақтар. Дүниежүзілік мұхит деңгейінен - 132 метр төмен орналасқан Қарақия ойпаты. Маңғыстау – Ұлы Жібек жолының бір бөлшегі және қайталанбас сұлулық аймағы. Ең атақты ескерткіштердің бірі Бекет - Ата мешіті – тауды ойып жасалған. Бекет - Ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танылған. Адамдарды емдеген өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге ол денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 220
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Жомарт ата бағында
Жомарт ата бағында
Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, күз туралы өлең, тақпақтар, мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру.
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Жәндіктер
Жәндіктер
Білім беру саласы:Қатынас, Таным, шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Математика, Көркем әдебиет, Сурет, Мүсіндеу, Жапсыру, Қоршаған ортамен таныстыру, Құрастыру
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×